Сайт учителя начальных классов
.
Фонетикалық талдау

Фонетикалық талдау

Фонетикалық талдау

    Қазақ тілінен жүргізілетін жұмыстардың ішінде граматикалық талдауға біршама ұқсас, онымен жанаса жүргізілетін жұмыстардың бірі – фонетикалық талдау. Фонетикалық талдау граматикалық талдау емес, сондықтан оны фонетикалық талдау деп өз атымен атаған жөн.
1. Дауысты дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:
а - жуан, ашық, езулік дауысты;
ә - жіңішке, ашық, езулік дауысты;
о – жуан, ашық, еріндік дауысты;
ө - жіңішке, ашық, еріндік дауысты;
е - жіңішке, ашық, езулік дауысты;
ұ – жуан, қысаң, еріндік дауысты;
ү - жіңішке, қысаң, еріндік дауысты;
ы - жуан, қысаң, езулік дауысты;
і - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;
у - жуан, қысаң, еріндік дауысты;
и - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;
э – ашық, езулік дауысты; (орыс тілінен енген сөздерде ғана кездеседі).
2. Дауыссыз дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:
б – ұяң дауыссыз;
в - ұяң дауыссыз;
ғ - ұяң дауыссыз;
д - ұяң дауыссыз;
ж - ұяң дауыссыз;
з - ұяң дауыссыз;
й – үнді дауыссыз;
к – қатаң  дауыссыз;
л – үнді дауыссыз;
м - үнді дауыссыз;
н - үнді дауыссыз;
ң - үнді дауыссыз;
п - қатаң  дауыссыз;
р - үнді дауыссыз;
с - қатаң  дауыссыз;
т - қатаң  дауыссыз;
у - үнді дауыссыз;
ф - қатаң  дауыссыз;
х - қатаң  дауыссыз;
ц - қатаң  дауыссыз;
ш - қатаң  дауыссыз;
щ - қатаң  дауыссыз (орыс тілінен енген сөздерде  кездеседі, бірді – екілі қазақ сөздерінде ұшырайды. Ащы, тұщы)
Мысалы, мына сөйлемдерге фонетикалық талдау жасап көрейік:
Ең алдымен сөйлемнен  дауысты дыбыстарды тауып, астын бір сызады, содан кейін дауыссыздарын тауып, астын екі сызу керек. Осыдан соң оларды бір дыбыс екі қайталанбайтын етіп, жеке – жеке тізіп жазамыз: 
Оның  шығармасы үздік деп табылды.
Оның    о – ашық буын,     ның – бітеу буын
о – жуан, ашық, еріндік дауысты;
н – үнді дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
ң – үнді дауыссыз;
4  әріп,  4 дыбыс бар.

шығармасы  шы – ашық буын,   ғар – бітеу буын,  ма - ашық буын,  сы - ашық буын.
ш –  қатаң  дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
ғ – ұяң дауыссыз;
а – жуан, ашық, езулік дауысты;
р – үнді дауыссыз;
м – үнді дауыссыз;
а – жуан, ашық, езулік дауысты;
с – қатаң  дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;

9 әріп,  9 дыбыс бар.

үздік, үз – тұйық буын,   дік – бітеу буын.

ү –  жіңішке, қысаң, еріндік дауысты;
з –  ұяң дауыссыз;
д –  ұяң дауыссыз;
і –  жіңішке, қысаң, езулік дауысты;

к –  қатаң  дауыссыз;

5 әріп,  5 дыбыс бар.

деп,  деп – бітеу буын.

д –  ұяң дауыссыз;
е –  жіңішке, ашық, езулік дауысты;
п –  қатаң  дауыссыз;

3 әріп,  3 дыбыс бар.

табылды.  та – ашық буын,  был – бітеу буын,  ды – ашық буын

т – қатаң  дауыссыз;
а – жуан, ашық, езулік дауысты;
б – ұяң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
л – үнді дауыссыз;
д – ұяң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;

7 әріп,  7 дыбыс бар.

ID: 2773 | Просмотров: 16170