
«Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау»
Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 1043 | Просмотров: 4139 | Размер: 13.0 Kb | Автор: Bespaeva_JamalӨткізген: Мектеп психологы
Тақырып атауы: «Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау»
Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін жақыннан танып-білуге, сыйлауға, көмектесуге шақыру, достық сезімдерін ояту мақсатымен жүргізіледі.
Құрал –жабдық: қағаз, қалам
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Көңіл-күйлерін сұрау.
Ойын ережесі
- бір-бірін тыңдау
- уақыт үнемдеу
- белсенділік таныту
- достық қарым-қатынас
- жағымды эмоция тудыру
Барысы:
Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айады.
Мысалы: - «Өмірдің ағымынан қалмау»
- «Ешқашанда білмеймін демеу»
- «Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»
- «Биік шыңға ұмтылу»
Аутоагентті жаттығу.
Тренингке барлық оқушы қатысады.
Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру
Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір-бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез ерекшелігін айтады)
Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылған ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір-бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөнгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.
Қорытынды: Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп бір-бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын деп хошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтаймыз.
ID: 2079 | Просмотров: 4139