
Математика. Қайталау
Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 923 | Просмотров: 2991 | Размер: 48.5 Kb | Автор: Ұстаз«М.Бейсебаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ
Үмітбаева Гүлнар Мұқатайқызы
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс – әрекеті: Математика 1 сынып
Тақырыбы: Қайталау
Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту, 20 – ға дейінгі сандардын ретін бекіту, геометриялық фигуралар туралы түсініктерін кеңейту. Ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ қою, жауап алу, мадақтау.
Қолданылатын көрнекіліктер: көктем құсы, бұлттар, тамшылар, күн. Кемпірқосақ, биік шыңның суреті, жалаушалар, геометриялық фигуралар, әліппе – дәптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мен кішкентай баламын
Айтқан тілді аламын
Оқу оқып, білім ап,
Кілең бестік аламын.
Бүгінгі күн сіздермен
Сәлемдесіп аламын.
Ашық болсын Күніміз
Жарқын болсын жүзіміз!
-Міне осындай жақсы көңіл – күймен сабағымызды бастайық!
Қозғаушы – мотивациялық:
-Балалар, жылдың неше мезгілі болады?
-Мына жұмбақты шешейік:
Қар еріп, су көбейіп,
Сай – салаға ағады
Бүршік шашып, жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (көктем)
-Көктем айларын атау.
-Көктемде табиғатта қандай өзгеріс болады?
-Көктемгі таза ауамен көзімізді жұмып тыныс алайықшы...
-Ой,балалар, бізге кқктем құсы ұшып келіпті. Сендерге өз тапсырмаларын ала келген екен. Тапсырманы жақсы орындаған балаларға фишкалары бар. Құс ең әуелі сендермен ойын ойнасам ба дейді.
Ойын: «Кім тапқыр?»
Ойын шарты: берілген сұрақтарға жауап беру.
- 10 – ға дейін тура, кері санау.
- Апта күндерін ата.
- Қарсы мәндес сөзді табу. Мысалы: жоғары – төмен, биік – аласа, ұзын – қысқа, үлкен – кіші т.с.с.
-
-Енді , , , топтарына арналған тапсырмаларды орындайық.
І тапсырма: Бұлттағы санға сәйкес «+», «-» мәнін табу. Әр топтан 2 бала шығады.
ІІ тапсырма: Әр топ үлестірмелі геометриялық фигуралардан «кемпірқосақ» жасау.
- тобы: пішіні бірдей - ты жинау.
- тобы: түсі бірдей көк түсті геометриялық фигураларды жинау.
- - тобы: көлемі кіші геометриялық фигураларды жинау.
-тобы: саны көп геометриялық фигураларды жинау.
Сергіту сәті: Әр түрлі дене мүшелерімен сандарды жазу.
ІІІ тапсырма: Күннің шуақтарындағы қалдырған санды тауып жазу.
Әліппе дәптерде жазу.
Қорытындылау:
-Көктем құсы сендерге риза болды. Тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар! Жарайсыңдар!
Бағалау: Флэшкалар санын санау арқылы бағалау. Жеңімпаз топқа «Білім шыңына» Қазақстан Республикасының туын тіккізу. Басқа топтар өз жалауын деңгейіне қарай шыңға орналастырады.
ID: 1950 | Просмотров: 2991