Rauilah | Уақыты: Ср, 14/Окт/2015, 19:12 | Хабарлама # 1 |
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 285
Награды: 20
Беделі: 3
Статус: Offline
| Сірке суын тек ас үйде емес, үй шаруасындада пайдалануға болады. Алғашында иісі қатты мүңкігенімен, артынша білінбейді. Есесіне сірке суы — ешқандай зияны жоқ зат. Назарларыңызға оны үй жағдайында пайдалануға мүмкіндік беретін бірнеше кеңес ұсынбақпын. 1. Тазартқыш құралдардың орнына. Мұндай көп қызметті тазартқышты 2/3 стақан суға 1/3 сірке қышқылы мен 2 ас қасық ыдыс жуатын құралды қосу арқылы қол жеткізуге болады. 2. Шәугім түбіндегі қақты кетіру үшін. Қақ тұрып қалған ыдысқа су мен сірке суын құйып, аз қайнатса жеткілікті. Артынша бірнеше сағатқа қалдырып, таза сумен шаю қажет. 3. Нан салатын ыдыстың көгеріп кетуін алдын алуда. Аптасына 1-2 рет сірке қышқылын суға араластырып сүртіп тұрсаңыз жеткілікті. 4. Жұмыртқа асқанда. Жұмыртқаны қайнатпас бұрын аз сірке қышқылын қосып жіберсеңіз, қабығы шытынамайтын болады. 5. Терезені жууда. Алдымен сірке қышқылы қосылған сумен сүртіп, артынша құрғақ шүберекпен тазарту қажет. Осылайша терезеңіз айнадай жарқырайды. 6. Жағымсыз иістен арылуда Ол үшін бөлме ішіне сірке қышқылы құйылған ыдысты қойып қойсаңыз жеткілікті. Ыдыстың қақпағы ашық тұруы тиіс. Тоңазытқыштағы жағымсыз иісті кетіру үшін де осылай жасауға болады. 7. Гүлдер үшін. Олардың өмірін ұзартамын десеңіз, суға аз сірке қышқылы мен қант қосу қажет. 8. Майлы табаны тазартуда. Егер қазан мен табаны тазарта алмасаңыз, ішіне бір стақан су, сірке қышқылын араластырып құйып, 5 минут бойы қайнатыңыз. 9. Аяқ киімдегі жағымсыз иісті кетіруде. Туфлидің ішкі бөлігін сірке қышқылымен сүртіңіз. 10. Кеуіп қалған фломастерлерді қайта қалпына келтіруде. Оларға екінші өмір сыйлау үшін 1-2 тамшы тамызу жеткілікті.
Сообщение отредактировал Rauilah - Чт, 15/Окт/2015, 03:38 |
|
| |
esenova | Уақыты: Ср, 14/Окт/2015, 23:54 | Хабарлама # 2 |
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2174
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
| Пайдалы кеңесіңе көп-көп рахмет!Керегімізге жарап қалар.
|
|
| |
Джыкинбаева_Айнур | Уақыты: Чт, 15/Окт/2015, 10:33 | Хабарлама # 3 |
Полковник
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 238
Награды: 18
Беделі: 3
Статус: Offline
| Сірке суының көмегімен кілем ,майлықтардығы дақтарды да кетіруге болады.
|
|
| |
Мырзахалықова_Мағира | Уақыты: Пт, 04/Дек/2015, 21:31 | Хабарлама # 4 |
Подполковник
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 116
Награды: 1
Беделі: 0
Статус: Offline
| Пайдалы кеңесіңіз жақсы екен.Рахмет!
|
|
| |
Гулбарам | Уақыты: Сб, 12/Дек/2015, 18:39 | Хабарлама # 5 |
Подполковник
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 101
Награды: 0
Беделі: 0
Статус: Offline
| Сірке суы көмегімен жөтелден тезірек сауығуға болады екен. Бір стақан жылы суда 1 ас қасық алма сірке суын ерітіңіз. Ерітіндімен тамағыңызды шайыңыз.
|
|
| |