Сайт учителя начальных классов
.
  • Страница 1 из 1
  • 1
Ұстаздар форумы, білім беру форумы » Жалпы бөлім » Ұстаз ата-ана оқушы » Тәрбие деген Тәңір бар (тәрбиелеудің ұлттық жолдары)
Тәрбие деген Тәңір бар
ЛаззатУақыты: Сб, 11/Июл/2015, 10:30 | Хабарлама # 1
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 384
Награды: 17
Беделі: 2
Статус: Offline
Халқымыз бала тәрбиесінде баланы  білім мен өнерге қатар баулып отырған.  Еңбек тәрбиесінде  қолма-қол көрсету отырып үйреткен.Мысалы етікшілі, кесте тігу,өрмек тоқу,ұсталық  осылардың барлығын бала көру арқылы үйренген. Біз де бала  кезімізде анамыздың ыңылдаған әнін тыңдап отырып,қасында жүн түтуге,жіп иіруге, өрмек тоқуға көмектесетінбіз.Бұдан  басқа баланы жақсылыққа  жетелеуде үйретуден жалыққан емес. Мысалы: сәби кезінен-ақ үлкен кісі келсе, "ассалау де" "тамақты оң қолыңмен же" "аллауакбар де",қонақ келсе "қолға су құя ғой, "көрпе сала ғой" деген  сияқты дағдылармен тәрбиелеп отырған.Айта берсек өте көп.Осыларды қазір  балаға  бере  алып жатырмыз ба,сіздер не дейсіздер?
 
esenovaУақыты: Сб, 11/Июл/2015, 20:30 | Хабарлама # 2
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2174
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Ұлың өссе,
Ұлы үлгілімен ауылдас бол.
Қызың өссе,
Қызы үлгілімен ауылдас бол дегендей дер кезінде ақыл беріп отырса жақсы ғой.Қазір заман өзгерді.Қымбат болса да балабақшаға береді.Олар тек орысша және ағылшынша  үйретеді.Үйге келген соң әке-шешесі орысша сөйлейді қайдағы қазақылық тәрбие.Шынымды айтсам бізде ондай жоқ..Ресейге жақын орыс қолдау қала ғой.
 
RauilahУақыты: Сб, 11/Июл/2015, 21:35 | Хабарлама # 3
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 285
Награды: 20
Беделі: 3
Статус: Offline
Босағасы   берік   отбасында   әрбір    адам   өзара   қамқорлық пен татулыққа,  үй іші жұмыстарынжұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып
ұштастыруға, қаражатты   дұрыс  бөліп   тұтынуға, еңбекпен  табылған   ақша құнын
бағалап, қадірлеуге үйренеді. Отбасындағы   тіршіліктің   дұрыс   ұйымдастырылуы   балалардың   еңбекқор болуы, әр нәрсеге   жоғары   жауапкершілік   сезіммен қарау,
адамды   құрметтеу  сияқты   адамгершілік қасиеттердің    қалыптасуына мүмкіндік
туғызады.
 
тлепова_алияУақыты: Вс, 20/Сен/2015, 16:28 | Хабарлама # 4
Майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 81
Награды: 3
Беделі: 0
Статус: Offline
Тәрбие - талбесіктен басталады. Жанұядағы әке мен ананың тәрбиесі мен аялы алақанына жетер ешнәрсе жоқ бұл дүниеде.
 
ЛаззатУақыты: Пн, 21/Сен/2015, 17:53 | Хабарлама # 5
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 384
Награды: 17
Беделі: 2
Статус: Offline
Тегіне тартқан"деген сөздің астарында да сол тəрбие жатыр ғой..
 
Ельжанова_УмитУақыты: Пн, 21/Сен/2015, 23:05 | Хабарлама # 6
Рядовой
Тобы: Тіркелгендер
Жазбалары: 17
Награды: 1
Беделі: 0
Статус: Offline
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезіміоянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол,
еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға
қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры
бар рухани азық«, деп атап көрсеткен.
 
Ұстаздар форумы, білім беру форумы » Жалпы бөлім » Ұстаз ата-ана оқушы » Тәрбие деген Тәңір бар (тәрбиелеудің ұлттық жолдары)
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск: