Әріптестер, ата-анамен түрлі іс- шаралар жүргіземіз. "Әкем, анам және мен" ойынынан басқа қандай спорттық іс- шара ұйымдастырасыздар ата-ананың қатысуымен? Бөліссеңіздер екен.
Мери, "Толағай" отбасылар жарысын ұйымдастыруға болады. Әр түрлі эстафеталық жарыстар мен ойындардан құрастырасыз. Ойыншылар өз отбасыларын таныстырады, қалған оқушылар жанкүйерлер болады.
Сәлеметсіздер ме? Осы ұстаздар қауымы бала бала деп жүріп өз баласын ұмытыпты деген шындыққа айналып бара жатқан сияқты. Өзгенің баласын ойлап жүргенде кеште үйге келгенде өз балаңа бөлетін уақытымыз азғана. Сондықтан жұмыспен қатар үйде күтіп, өз қызықтарымен бөліскісі кеп отырған баласының бар екендігін ешқашан да ұмытпайық ұстаздар.
Сонымен қатар әжесімен немересін қатыстырып сайыс ұйымдастыруға болады. Мен биыл осыны қолға алайын деп отырмын.
Добавлено (31.03.2015, 08:23) --------------------------------------------- бала тәрбиесінде бәріде маңызды. Айына 1 рет өзекті мәселелерді қозғайтын тақырыптарда баяндамалар оқу міндетті.
Сәлеметсіздерме! ата-анамен өткізетін іс шаралар өте көп өзім оқушы мен ата-ана сайыстарын өткіземін және ата анларға арналған сауалнамалар өткізуге болады.
"Әкем - асқар тауым" деген тақырыпта әке мен ұл,әке мен қызын қатыстырып, сайыс түрінде тәрбие сағаттарын өткіздім. Тек тәрбие сағатта ғана емес, өмірде де пайдасы тиіп жүр.
Добавлено (03.04.2015, 21:03) --------------------------------------------- Тек ұпдардың әкелерін, ағаларын немесе үйдегі ұл тәрбиесіне қатысы бар ер адамды қатыстырып, сол уақыттағы өзекті мәселеге байланысты сауалнамаға пікірталас жүргізсе. Сондай ақ қыз балалармен де.
Менің ойымша,үш бөлімнен тұратын "Отбасыммен бірге" атты тәрбиелік шараны өткізуге болады.Мәселен бірінші бөлімде отбасы туралы баяндама оқу,екінші бөлімде балалар мен ата-аналар тобына ситуациялық жағдаяттар ұсыну,үшінші бөлімде әр отбасы арасында сайыс жүргізу.Шараны қандай тақырыпта,формада өткізу ол өзіңіздің еншіңізде.
Баланы мектеп қабырғасынан еңбексүйгіштікке тәрбиелеу дұрыс жолға қойылған ба?Неліктен ата-ана баласы сенбілікке шықса, сыныпта тазалау жұмыстарын жүргізсе шу шығарады?