Енді каникул басталады. Бос жүрген , қараусыз бала қылмысқа үйір .Сондықтан кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға баршамыз болып жұмыла жұмыс істеуіміз керек.Ата-аналар комитетінің жұмысын жандандыру, баланың жағдайын жан-жақты зерделеу, көше мен қоғамдық ортада болып жатқан жақсы нәрселерді оқушыға көрсете білу керек.Добавлено (26.05.2015, 16:33)
---------------------------------------------
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.