Өмір тамақ тәрізді...
Дәмді қылу әркімнің өз қолында.Добавлено (10.06.2015, 08:13)
---------------------------------------------
Өмір - үлкеееееен жол. Ол жолда барлық жағдайды бастан кешеміз. Өмір- тәттісі мен ащысы, суығы мен жылуы т.б сан түрлі сынақтарымен қызық.
Оқуда - бірінші сабақ, кейін сынақ болады,
Өмірде - бірінші сынақ, кейін ол саған сабақ болады.
Сол өмірдің сабағынан жақсы шыңдалып, керемет нәтиже шығарған жан 5 алмақ!
Ендеше, сәттілік жолдасыңыз болсын!
Добавлено (10.06.2015, 08:15)
---------------------------------------------
Өмір ғой!
Жалғызбын деп жылама
Сынақ келсе құлама
Үмітіңмен тұр алға
Еңбек етіп жүр алға
Жалықтым деп налыма
Мұңлы ойға салынба
Әрекет ет жолыңда
Бақытың өз қолыңда
Тарықтым деп қамықпа
Келесің әлі қалыпқа
Түн де жетер жарыққа
Өмірден сен жалықпа
Тындым деп сынба
Өзіңді қайта шыңда
Тірліктен еш тынба
Өсиет сөзді тыңда
Шаршадым деп езілме
Нәпсіңді тый жеңілме
Қайтпа бұрылып керіге
Ауырды айналдыр жеңілге
Құладым деп жатпағын
Ұнамас Аллаға жатқаның
Кекшіл болма, сатпағын
Жалқаулықты тастағын
Тағдырым деп зарықпа
Жақсыменен жорықта
Адамды жақсы анықта
Жаманға еш жолықпа
Махаббат деп зарлама
Өз-өзіңді қорлама
Сезімді кетпе қаралап
Жүректі кетпе жаралап
Бекер деп аузың қақсап тұр
Жетер деп аяғың ақсап тұр
Жетем десең бәрін жең
Алдыңа үлкен мақсат құр
Бір Алланы ұмытпа
Қуанғанда, жылағанда
Шүкір қылғын мұны ұқта
Раббым береді сұрағанға..
© Мұқағали Әбішев