Мен де сіздер сияқты, әдеби кітаптарды, оның ішінде прозаларды көөөөөөөп оқитынмын. Қызығып оқитыным соншалық талай күлкілі оқиғалар да болған. Анам жұмысқа кетісімен үйдегі тапсырылған шаруаларды қоя салып, кітап оқуға кірісіп кететінмін. Сырттан біреулер келе жатқан дыбыс шықса болды, селк ете қалып, қолыма не түссе соны ұстап, шаруаға кірісіп кетемін. Талай сол үшін ұрыс та естігенмін.
Бірде мынадай қызық оқиға болған. Орыс тілінен беретін ағайым "С.Есениннің" қазақша өлеңдер жинағын оқуға берген, соны қызығып оқып, үйден туалетке апарып тығып оқып отырғанымда, сырттан тысыр еткен дыбыстан шошып кетіп, кітабымды түсіріп алғанмын. Бұл қыстың күні болатын, содан әупірімден алып, қар астына 2-3күн көміп қойып, тазалап, ағайға апарып тапсырдым, сол күйі оқып аяқтай алмай...
Шай үстінде, столдың астына тығып оқимын деп күйіп те қалған кезімде болған, ооооооой несін айтайын, Қайран бақытты балалық шағым-ай!Добавлено (02.06.2015, 07:59)
---------------------------------------------
Қазір, поэзияны тиіп қашып оқып отырамын, үнемі оқуға қол тие бермейді,
Естеу Нүсіпбеков ағамыздың өлеңдер жинағын қолымнан тастамаймын, үнемі сабақтан тыс шараларға, эссе жазғанда пайдаланамын.
Добавлено (02.06.2015, 08:10)
---------------------------------------------
Қалқаман ағаның өлеңдері к е р е м е т!!!