Жазира-Дархан | Уақыты: Вт, 19/Май/2015, 11:56 | Хабарлама # 1 |
Лейтенант
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 65
Награды: 17
Беделі: 3
Статус: Offline
| Арманның алыс жолдарынан жұқтырдым, Аяғымның мына ақ шаңын. Тірліктің базарына бардым, Көшесін кесіп ақшаның. Бірақ, саған ұсынатындай Ешбір тарту таппадым. Кірлемеші, аппағым!
Ғалам бай ғой, Сәл ойланып, жан-жағыңа қарашы. Көңіл-ауа, өлшене ме аясы? Бабам айтқан, он сегіз мың ғалам бар, Бәрін саған тарту етем, Бері таман таяшы.
Айды да тарту етпек ем, Өзің -дағы Айдайсың, Оған риза болмайсың. Күнді де тарту етпек ем, Күннің көзі тым ыссы, От -жалын ғой тынысы.
Ал жоны жуан жомарт деп Жерді де тарту етпек ем. Жерге зәру сендей "Жібек" пе?! Жібектің орны жүректе. Ендеше жүрегімді ұсынамын Құндақталған тілекке!
Оралбай Кәметияұлы
|
|
| |