Сайт учителя начальных классов
.
  • Страница 1 из 1
  • 1
Ұстаздар форумы, білім беру форумы » Барлық айдарлар қазақша форум » Денсаулық және сұлулық - қазақша форум » Дана данышпанның жомарттығы
Дана данышпанның жомарттығы
Жазира-ДарханУақыты: Чт, 23/Июл/2015, 01:48 | Хабарлама # 1
Лейтенант
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 65
Награды: 17
Беделі: 3
Статус: Offline
Аты жаһанға мәшһүр данышпандардың бірі достарымен қала қыдырып жүріп, пойызына кешігіп қалады. Әрең дегенде қуып жетіп, енді міне бергенінде, аяғындағы аяқ киімінің бір сыңары шешіліп, түсіп қалады. Бұл кезде жерге қайта түсіп алу мүмкін емес еді. Себебі, жүйткіген темір тұлпардың жылдамдығы сәт сайын күшейіп келеді.

Жанындағы жолдастары "енді қайтер екен?" деп тұрғанда, данышпан аяқ киімінің екінші жұбын шешіп алып, анау алғашқысы түсіп қалған жаққа қарай лақтырып жібереді.

Данышпанның мына қылығына түсінбеген біреуі шыдай алмай: "Неге бұлай жасадыңыз?" деп таңғала сұрайды. Оған күле қарап оқымысты былай деп жауап береді: "Теміржолды паналаған бір пақыр аяқ киімнің бір жұбын тауып алса, екіншісін де тауып кисін", — дейді.

Дара сыңарының өзіне керегі болмайтынын ұғынып, өзінен гөрі бір жарлыға көмек болатынын түйсінген данышпанның даналығы өзгелерге үлгі болды.
 
ЛаззатУақыты: Сб, 01/Авг/2015, 19:37 | Хабарлама # 2
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 384
Награды: 17
Беделі: 2
Статус: Offline
Меннен кейін ешкім пайдаланбасын"деп ұстап-тұтқан затын пайдасыз қып бүлдіріп тастайьын іші тар адамдарға үлгі болып,ой салатындай екен
 
esenovaУақыты: Вт, 11/Авг/2015, 21:11 | Хабарлама # 3
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2174
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Адам акылымен бай, жер дақылымен бай.Богата земля, если хлеб вырастает, богат человек, коль умом обладает.
 
Ұстаздар форумы, білім беру форумы » Барлық айдарлар қазақша форум » Денсаулық және сұлулық - қазақша форум » Дана данышпанның жомарттығы
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск: