Жазира-Дархан | Уақыты: Вт, 02/Июн/2015, 18:18 | Хабарлама # 1 |
Лейтенант
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 65
Награды: 17
Беделі: 3
Статус: Offline
| Кез келген ұлттың өз даналығы мен ұлағаты болады. Үндістер де мұндай рухани байлықтан әсте кенде емес.
Жақсы адам тек жақсылықты көреді.
Өзіңе-өзің құлақ асып, өз-өзіңді тыңдау үшін де тыныштық керек.
Мылжыңға қарағанда көп сөйлемейтіндер екі есе ақылды болады.
Біреудің кемшілігін талқылай бергенше, өзіңе де көз салып қой.
Сен бақыттысың ба? Демек, өз Отаныңда өмір сүріп жатқаның.
Жұрттың көңілін өзіңе аудару үшін биікке шығуың керек.
Дұшпан үнемі дұшпандығын жасай бермейді, дос та үнемі достыққа адал бола бермейді.
Бала – үйіңе келген қонақ: тамағын бер, тәрбиеле, сосын жібер.
Балаңмен тамақтанып отырған кезде сөйлес. Сонда өзің үйден кетсең де, сөзің қалады.
Бақа өз шалшығын ішпейді.
Маған бірдеңе айтсаң – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімнен шығып кетеді. Одан да мені сол іске баулы – сонда ғана түсінемін.
|
|
| |
esenova | Уақыты: Вт, 02/Июн/2015, 20:21 | Хабарлама # 2 |
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2174
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
| Қазақи даналыққа сүйенсем:
Жақсы кісі қартайса да Ақылынан танбас. Жақсы ат қартайса да Жүрісінен танбас.
Жақсымын деп мақтанба, Халық айтпай. Батырмын деп мақтанба Жеңіп қайтпай.
Ақ сауыттың жағасы бар Жеңі жоқ. Шын жақсының ашуы бар Кегі жоқ.
|
|
| |
Лаззат | Уақыты: Пт, 10/Июл/2015, 11:10 | Хабарлама # 3 |
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 384
Награды: 17
Беделі: 2
Статус: Offline
| Жақсы адамның ашуы жібек көйлек кепкенше,жаман адамның ашуы басы көрге жеткенше. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын,жаманның жамандығын айт, құты қашсын.
|
|
| |
Джыкинбаева_Айнур | Уақыты: Пт, 10/Июл/2015, 18:47 | Хабарлама # 4 |
Полковник
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 238
Награды: 18
Беделі: 3
Статус: Offline
| Жақсы адам-жұрттың ырысы.
Жақсылығы жоқтан, Жақсы бақыт қашады.
Жақсы адам алғыс алар, Жаман адам қарғыс алар.
|
|
| |