
Жыл мезгілдері өлеңдері
Қыс
Қыс келді,
Қар жауып тұр далада,
Аппақ болып айнала.
Асыр сап далада ,
Ойнап жүр балалар.
Аққала жасап балалар,
Мәз-мейрам боп бәрі де,
Қуанып жүр ,
Келді міне , Жаңа жыл!
Құтты болсын, жаңа жыл.
Жаз
Жаз келді ,жайнап алақай!
Барлық бала қуанды.
Жайқалып тұр далада,
Жасыл гүлдер көз тартып,
Ақ қанатты көбелектер көрікті ,
Гүлден-гүлге қонып жүр.
Бал шырынын сорып жүр.
Көктем
Көктем келді,
Наурыз келді далаға ,
Келді наурыз қалама.
Наурыз келіп , күн жылынып,
Құстар сайрап, көктем келді.
Гүлдер жайнап, қауыз жарды.
Көбелектер ұшып жүр.
Әрбір гүлге бір қонып ,
Шырындарын сорып жүр.
ID: 401 | Просмотров: 2449
09/Апр/2015