
Жаңа педагогикалық технологиялар классификациясы
Н.Ә.Назарбаев
«Технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді». (Кларин М.В.)
«Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі».(Монахов В.М.)[1]
Қашықтан оқыту технологиясы
Қашықтан оқыту – бұл оқытушы мен оқушы бірге болмаған жағдайда белгілі бір ара қашықтықта оқыту тәсілдері. Қашықтан оқыту бұрын сырттай оқыту деп аталатын. Ал, бүгінде бұл – байланыс каналдары арқылы байланысатын аудио, бейне және компьютерлік жүйелерді қолданатын оқыту құралдары. Қашықтан оқыту білім беру процесінде оқытудың компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларына негізделегн ең озық дәстүрлі және инновациялық әдістері, формалары мен құралдары қолданылатын білім алудың бір формасы болып табылады.
Қашықтан білім беру процесі негізін өзіне ыңғайлы жерде, арнаулы оқу құралдары мен өзіндік сабақ кестесі және оқытушымен телефон, электрондық почта арқылы байланысу мүмкіндігі бар оқушының бір мақсатқа бағытталған және бақыланып отыратын қарқынды өзіндік жұмысы
ID: 428 | Просмотров: 3814
02/Май/2015