Сайт учителя начальных классов
.
Заманауи кезеңде жеке тұлғаны қалыптастырудағы технология пәнінің рөлі

Заманауи кезеңде жеке тұлғаны қалыптастырудағы технология пәнінің рөлі

Заманауи кезеңде жеке тұлғаны қалыптастырудағы технология пәнінің рөлі

 Қарағанды облысы  

Сәтбаев қаласы

«№5 жалпы орта білім

 беретін мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

                                                                                    

Заманауи кезеңде жеке тұлғаны қалыптастырудағы технология пәнінің ролі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және   адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау керектігі көрсетілген. Мектепте жүргізілетін технология пәні - жеке адамның дамып жетілуіндегі еңбектің негізгі құралы бола тұра, еңбек ету арқылы өз қабілетін,  ата-бабасының ұлттық дәстүрлері мен өнерін одан әрі дамытуға, жалғастыруға бағытталған пән. Баланың ұлттық, тұлғалық, әдеп пен эстетикалық дамуына, кәсіп таңдауына, қазіргі әлеуметтік- экономикалық жағдайларға бейімделуіне жол ашады және  еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

Жеке тұлға - бұл адамның психологиялық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән. Жеке тұлғаның өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынандай қасиеттер қалыптасады:

1.     Өз бетінше ойлау біліктері мен іздемпаздығы.

2.     Оқуға деген қабілетінің артуы.

3.     Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.

4.     Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.

5.     Өз ойының дербестігі.

6.     Жеке тұлғаның өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, эксперимент жүзінде іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.

Әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарау үшін келесі ой – пікірлерге назар аудару қажет:

– жеке тұлға бұл білімнің мақсаты;

– білім деңгейі орташа оқушы жоқ;

– кемшіліктерге шыдамдылық;

– қатеге құқықты;

– тиым салмай, бағыттау ; бұйрық бермей , ұйымдастыру ; шектемей, өз шешімін қабылдай білу;

– мектепте оқу оқушыға мереке болу үшін оны жетістікке жеткізу, әр уақытта оқушының табысын жариялап отыру.

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.

Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады. Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде иновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.

Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек.

   Бүгінгі күнде технология сабағын қызықты да ұтымды, мағыналы өткізу үшін барлық жағдай бар. Әр сабағын оқытудың жаңа педагогикалық технологияларының әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, интерактивті тақтамен өткізудің маңызы зор. Интерактивті тақта арқылы әр элементті, әр жұмысты толық көрсетіп, оны оқушылардың да өз қолдарымен жасап үйренулеріне толық жағдай жасалынған. Пәнді тиімді ұйымдастыру, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру   мұғалімге байланысты. Ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлы «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаға үйрететін нәрселерін өзі де жақсы білуі керек» деп тұжырымдағандай технология сабағын қызықты өткізіп, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту үшін ең алдымен мұғалім өзі шебер болу керек. Жан-жақты дамыған, әрқашан ізденісте болған мұғалім ғана қазіргі талапқа сай болатыны анық.

Технология сабағы – әрбір оқушының рухани байып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән. Технология пәнінің мұғалімі өзінің лауазымдық міндеттеріне сай еңбекке баулудың, тәрбилеудің әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүйелі жүргізуі тиіс.

  Технология пәнін халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы айрықша. Себебі ол - білім алушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады. Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес еңбекке баулудың оқу жоспары мен үйірме материалдарын құрастырады. Сонымен қатар, оқушыларды   техникалық шығармашылыққа, халықтық , ұлттық  өнерді  жалғастыруға , ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытып отырады. Технология пәні мұғалімінің кәсіптік бағдарлау жұмыстарын үнемі тиімділікпен жүргізіп отыруы маңызды міндет.

Технология - пәні география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі - қазіргі заманға сай ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі. Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді.

Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады.  Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды .

Жобаны қорғау барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алу, ол бұйым қоғамға, өзіне достарына және ата-анасына қандай пайда келтіретіні ескеріледі.

Жобалау әдістемесінің талабы:

1. Міндетті түрде шешілетін мәселенің зерттемелік, ақпараттық, тәжірибелік болуы.

2. Жобаны орындау іс-әрекетті жобалаудан басталады

3. Әр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысы талап етеді. Сонымен, жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі – ақпаратты іздеу болып табылады.

4. Жобаның шығуының ең соңғы сатысы - нәтиже:

5. Дайындалған жоба тапсырыс берушіге  немесе қоғамдық өкілдікке көз жеткізуі керек.

Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдында әр кезеңде мақсатқа қол жеткізудегі ұмтылыс нығая түспек.

Шығармашылық жобаны іске асыру барысында қол жеткен жетістіктер:

- Сабақтан бос уақытта маңызды әлеуметтік шығармашылықпен айналысатын балалар санының өсуі

- Ата-аналардың өз балаларының іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қатысуға қызығушылығының артуы

- Баланы шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыруға бағытталған әр іс-шараның тәрбиелік мақсаттарға жетуі.

- Ұйымдастырылған іс-шаралардың сапасы және жобаға қатысушылардың ынталандырылуы

Жобалау технологиясының негізінде – оқушылардың жұппен бірігіп немесе әр оқушы өзі дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.

Оқушылардың шығармашылық жоба жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау және жоба жұмысының кезеңдері.

Білім алушының ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, компьютерлерді, т. б қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан оқыту идеялары, саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация үрдісі іске асу үшін төмендегідей жұмыстар істелу керек:

Жаңашыл әдістер мен жаңа технологияның білім берудегі жолдары мен әдіс-тәсілдері.

Дамудың жаңа сатысында бағыт алған мектептің ең негізі өзегі мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді. Жалпы пәндер бойынша В. Ф. Шаталовтың ұсынған әдісі бойынша трек-конспект, диаграмма, график, логикалық тірек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылардың әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап, оқыта отырып дамытуға, екіншіден өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасайды.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы үш кезеңнен тұрады. Қолданбалы экономикалық керемет бөлігінің бірі - оқушылардың жеке бизнесінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін «Мектеп компаниясында» практика жұмыстары зерттелді. Қорыта айтқанда, сабақты жоспарға негіздеп, жаңашыл әдістерімен жүргізу тиімді, яғни сабақты бір тип бойынша қалыптастыруға болмайды, оған заман талабына байланысты технологиялық әдістері пайдаланып қызықты және жан-жақты тәсілімен өткізе алсақ, болашақ ұрпақтың білімді болатынына сенемінТехнология пәні сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу, талғамын қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күннің сұранысына сәйкес білімді, кез келген әлеуметтік ортаға қалыптаса алатын, өзіндік жетіле алатын тұлға тәрбиелеу ұстаздар қолында.

     Ұлы орыс ғалымы, Ресей ғылыми педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинский «Педагогиканың кең табанымен өте жіңішке төбесі бар: бастапқы  сабақ берудің дидиактикасы том-том болуы мүмкін, өз пәніңді жақсы біл және оны анық түсіндір» деген. Дарынды  оқушыны анықтау,  қабілетін  арттыруда  белгілі  бір  мақсатта  жұмыстар  ұйымдастырылады.  Атап  айтар  болсақ, мектеп  қабырғасында  ұйымдастырылатын    көрмелер,  шығармашылық   кештер,  апталықтар   оқушының   ары  қарай  дамуына   жол  ашады. Өз  елінің  еңбекқор   өнер  адамы  болып  қалыптасуына   әсер  етеді.

Үнемі  өзгеріп  тұрған  әлем  адамнан  да  қабілет пен  қажеттіліктерді толассыз    дамытуды  талап  етеді, осы  тұрғыдан  алғанда  қазіргі  кездегі   технология     пәні   өз  алдына  мынадай  міндеттерді көздейді.

   - жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру;

   - тұлғаның өздігінен айқындалуын қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерін  

               дамыту;

    - оның өздігінен жетілуіне жағдай жасау;

    - зерттеудің ғылыми әдістер туралы негізгі түсініктерін игеру;

    -  ұлттық  қолданбалы  өнерге қызығушылығын   дамыту, ұлттық мәдениетті 

          құрметтеуге тәрбиелеу

Жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбір ұстаз шәкіртпен ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негізде әрекет ету керек және мына мәселелерге назар аударған жөн:

1.Тұлғаның қалыптасып, өз бейнесін табуы, даралық, руханилық болмысын танытуы;

2.Оқушы тұлғасына қолдау көрсету және өзін-өзі қорғауға ұмтылдыру;

3.Тұлғаны түсіну, салауатты өмір мен өзіндік қатынастың негізін қалау;

4.Жаңа ақпаратты талдай отырып, терең меңгеруге, маңызын анықтай алуға мүмкіндік жасау;

5.Өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылуды нұсқау.

Осы жайттарды ескере отырып, оқушының жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттайтын әрбір ұстаз өз қызметін үлкен сеніммен атқарғаны жөн. Себебі мұғалім ең жауапты міндетті орындайды – ол адамды қалыптастырады. Мұғалімі қандай болса, шәкірті де сондай сенім жүгін көтереді.

Мемлекеттің болашағы, үміті мен сенімі – жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау, заман талабына лайықты мұғалімнің қызмет етуі қоғам дамуын алға бастайды. Ендеше, еңсені биіктетіп, еліміздің болашағы үшін ұлт мақтанышына айналар ұрпақты жетектеп, ұлы Абай айтқандай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ой иірімі ұрандарыңызға айналып, адамзат құндылығы-білім екенін көрсету жолында еш аянбаңыздар

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

Әбдіғалиева Ш, «Мектептегі технология». «Мектептегі технология», «Технология в школе»  журналдары.

 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. . 

Кенжеахметұлы С «Алматыкітап»М. Махамадиева,

Тәжімұратов Д. "Шебердің қолы ортақ,

 

ID: 69 | Просмотров: 4106

14/Дек/2014