Сайт учителя начальных классов
.
Рефлексивті есеп

Рефлексивті есеп

Менің алғашқы аптадағы алған әсерім

Менің осы үш айлық курсқа келген мақсатым қазіргі заман талабына сай оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін үйреніп сабақта тиімді қолдана білу.
Аптаның 1-күні тренерімізбен және топпен таныстық. Тренеріміз Роза апай бізді бірінші күннен ақ балапанын бауырына басқан анадай барлығымыздың көңілімізді таба білді, әрине ұстаздарға – ұстаз болу оңай жұмыс емес. Топқа келетін болсақ тобымыз өте белсенді және қарапайым ұстаздар, сарапқа түскен сауалды жан – жақты талқылап, өз ойларын жетік әрі тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана біледі. Осы курстан көптеген өзіме қажетті деректер алдым. Әр күніміз психологиялық тренингтен басталып, жақсы көңіл –күймен топтарға бөлініп тақырыптарды талқыладық. 2 күні ұйымдастыру кезеңдерімен таныстыра бастады, әртүрлі сұрақтар қозғалды мысалы: «Құзыретті мұғалім», «Мінсіз оқушы» т.б. тақырыпқа байланысты әр түрлі терминдер талқыланды. Біз мұғалімнің кәсіби шебергенін зерделеуде карточкаммен жұмыс жасадық. Бұл жұмыстың барысында екі дұрыс екі қате пікір таңдадық көптеген ұстаздардың ойлары біржерден шықты. Өз ойымды айтуға топпен жұмыс істеуге үйрендім деп ойлаймын. Алдағы уақытта мен балалармен жұмыс жүргіземін деймін. Осы аптада түйген ойым: оқушылардың қалай оқыту керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы тәрбиелеудің қыр-сырын үйрендік.Менің қазіргі кезеңде сабақ беру, оқушыларға білім бере отырып, өзіңді де, өзгені де реттеу, бағалау сияқты сыни көзқарастарымды қалыптастырамын деп ойлаймын. Алтыншы топ ұйымшыл, көңілді, болашағы зор мұғалімдерден құралған. Сондықтан, олармен бірге жұмыс жасауға оңайға түсті десем, қателеспеген болар едім. Бір аптаның ішіндегі өткен тақырыптарды көз алдыма елестетсем күнделікті тақырыптар күн сайын күрделеніп келе жатқан сияқты, сондықтан әр тақырыпты есте сақтау күнделіті жазу мен үшің маңызды. Болашақта бүгінгі жастарды тәрбиелей отырып білім жағын кеңейту және дамыған елу елдің қатарына ену арқылы елімізді жоғары деңгейден көру. Баланың қызығушылығын ояту арқылы сана сезімін одан әрі дамыту бұл ұстаз қауымының міндеті деп санаймын.
ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

ID: 415 | Просмотров: 3164

29/Апр/2015