Сайт учителя начальных классов
.
ПРОГРАММАЛАУДЫ ОҚЫТУДА ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА МАМАНДЫҒЫ СТУ

ПРОГРАММАЛАУДЫ ОҚЫТУДА ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА МАМАНДЫҒЫ СТУ

ПРОГРАММАЛАУДЫ ОҚЫТУДА ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Кенжеғұлов Б.З., Хатенова М.М.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті
maira_89_89_89@mail.ru

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты
әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор» - деп атап көрсеткеніндей, жаңа дәуірдегі жаһандану үдерісінде өз орнын тауып, өзгермелі еңбек нарығына бейімделе алатын болашақтың зиялы ұрпақтарын тәрбиелеу өркениетке бағыт алған әрбір мемлекеттің өзекті мұраты [1].
Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзыреттілік – студенттің әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Құзіреттілікті студенттің пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа [2].
Электрондық оқыту жағдайында жұмыстану үшін мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің, соның ішінде ақпараттық құзыреттілігінің жоғары деңгейде болуы қажет. Болашақ мамандардың өмір бойы оқуға, ізденуге дағдылануы, цифрлы білім беру контентімен жұмыстануы және жаңа техника мен технологияларды меңгеруі, өз білімін жетілдіруі, қосымша білім алуы үшін ақпараттық құзыреттілігі болуы тиіс.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – студенттерді ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
Ақпараттық құзыреттілік
• Сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде сапалы шешім қабылдауға;
• Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, соның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың көмегімен аталған жұмыстарды жүзеге асыруға;
• Логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;
• Өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.
Қоғам өмірінде ақпараттың рөлі және ақпараттық технологияларды кәсіби қызметтің әр түрлі салаларында пайдалану ақпараттық

ID: 414 | Просмотров: 2285

25/Апр/2015