Күй әлеміне саяхат
«Күй әлеміне саяхат» атты байқаудың
ЕРЕЖЕСІ
1. Байқаудың мақсаты:
Күй өнеріне қадам басып келе жатқан жас домбырашылардың күйшілік өнердегі шыңдалу, өсуіне бағыт- бағдар беру.
Сирек ойналатын тың шығармаларды насихаттау, оқу процесіндегі репертуарларға енгізу мақсатында дарынды оқушыларды іріктеу.
2. «Күй әлеміне саяхат» атты мектепаралық байқау 2015 жылы сәуір айының 4-ші жұлдызында сағат 11.00-де Төле би ауылы №2 Балалар Саз мектебінде өтеді.
3. Байқаудың өтілуі:
* Байқауға 2-5 сынып аралығындағы оқушылар қатысады.
• 1 төкпе күй
• 1 шертпе күй
Шығармалар өз еркімен әр-түрлі тақырыпта таңдалады.
Қазылар алқасы төмендегідей ерекшеліктерді ескеріп, бағалайды.
а) Оқушылардың күй ойнаудағы техникалық шеберлігі.
ә) Шығарманы таңдауы, тәрбиелік мазмұны, мағынасы.
б) Оқушының сахнада өзін - өзі ұстауы, сахна мәдениеті
Қазылар алқасының алдына өнер көрсету бағдарламасы беріледі
4. Байқаудың қорытындысы:
Мынадай номинациялар бойынша марапатталады.
1 Төкпе күй шебері
2 Шертпе күй шебері
3 Сезімді, лирик күйші
4. Талапты күйші
5. Шебер орындаушы
2. Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге мақтау
қағаздары беріледі.
Мектепішілік домбырашылар арасында
өткізілетін «Күй әлеміне саяхат» атты
байқауының сценарийі
Эмблеманың авторы Снабеков Сабит
Сахна плакаттар, шарлар, гүлдермен безендіріледі. Музыка ойнап, ортаға жүргізушілер шығады.
- Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар, шәкірттер, №2 Балалар Саз мектебінің, көктемнің шуақты күніне қарсы, жыл сайын өткізіп тұратын «Күй әлеміне саяхат» атты байқауына қош келдіңіздер!
-Күй ойнайды, қазағымның қанында.
Күй ойнайды, қазағымның жанында
Жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы, барында - деген, өлең жолдарында айтылғандай бүгін біз жиі орындала бермейтін күйшілеріміздің тың күйлерін насихаттаймыз.
Байқау биыл 9-шы рет өткізіліп отыр. Ата-бабамыздан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан келе жатқан мұрамыздың бірі – домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде, сан ғасырлардың ақыл-ой, мұңы, қуанышы, тәрбиесі, көңіл күйі жатыр .
Енді жас домбырашыларға, сәттілік тілей отырып байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүректен, өлең төгіп қосқан жырға
тұлпардай, топтан озған, жүйрік тұлға
Қошеметтеп қарсы алып, қол соғайық
Сайысқа, қатысушы тұлпарларға
Енді байқауға қатысушы ұл-қыздарымызды, ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар.
Енді, әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейік:
-------------------------------
-------------------------------
-----------------------------------
Екі ішектің, бірін қатты
Бірін, сәл-сәл кем бұра
Нағыз қазақ, қазақ емес
Нағыз қазақ, домбыра
Осы ойнаған жас домбырашылардың бағасын беруге, әділ-қазы алқасын, өзара кеңесуге шығарып салып, мектеп бітірушілердің шағын концертін тамашалайық.
Байқау мүшелерін сахна төріне шақырып, жеңімпаздарды номинациялар бойынша марапаттау мектебіміздің директоры--------------------------------------- беріледі.
Осымен 9 жыл қатарынан өткізіп келе жатқан «Күй әлеміне саяхат» атты байқауымыз осымен аяқталды. Келесі кездескенше аман болайық.
ID: 403 | Просмотров: 2762
09/Апр/2015