
Ата-ана және отбасы
Сәби дүниеге шыр етіп келгенде-ақ, анасының жүрегінің бір бөлігіне айналады. Ақ сүтімен өсіріп, перзентіне бар мейірін төгеді. Ал әке болса ыстық алақанымен баласының басын сипап ерекше қуат береді. Бала үшін бар бақыт- ата-ананың болуы. Ата-ананың шексіз қуанышы- балаларының аман саулығы. Олар перзенті үшін жан күйдіріп, өздерін отқа да, суға да итермелейді. Баласының қамын жасайтын, өмірде түзу жолдан таймау үшін тәрбие беретін,үгіт-насихат айтатын, ең бастысы жаны ашитын жандар олар- ата-аналар. Жақсы тәрбиені бойға сіңіріп, білімге құштар сезімді оятатын да солар. Балаларының болашағы сол ата-анаға байланысты, яғни перзентінің ақылды, парасатты, білімді, ар-ұжданды қымбат деп білетіндей дәрежеде өсуі, бәрі-бәрі. Отбасы дегеніміз де сол деп білем. Отбасы ата-ана мен балалардан құралған шағын бір мемлекет. Мемлекеттің тыныштығы ата-ананың қолында. Айналадағылардың бәріне құрметпен, сыйластықпен қарауы да сол кісілерге байланысты.
Өмірде түрлі-түрлі оқиғалар орын алуда. Қызыққа толысынан гөрі қайғыға булыққаны шамалы көбірек. Отбасы деген ұғым жоғалып барады. Ата-ананың өзара келіспеуі перзентінің өмірге деген көзқарасын өзгертуіне әсер етуде. Ащы шындық сол перзентінің емес өз басының қамын ойлайтын ата-ана көбеюде. Қазақтың кейбір қаракөз қыздары жалған сезімге ерік беріп аладанып жүргендері қаншама?! Перзенттерін жетімханаға тапсырып, жүректерін жарымжан етіп қалай бақ таппақ? Қоғамымызда сондай келеңсіздіктердің кесірінен көптеген сәбилер ата-ананың жүзіне, мейіріне, анасының ақ сүтіне зар болып өсуде. Күнде жолын тосады.
“Анам кеп қалар ” деген үзілмес үмітпен жасап жүр. Жетімханада оларға бар жағдай жасалса да, ата-ананың ыстық алақандары, жылы сөздері зәрүр. Олар да біртұтас отбасы болуын қалайды.
Кейбір ата-аналар бір перзентке зар, бармаған емханасы мен емшілері қалмаған. Өзінен алдыңғылар мен соңындағылар ата-ана деген атқа ие боп жатса, бұлар сол есімді жоқтаумен күн өткізуде. Қос қолымен АЛЛАҒА жалбарынып перзент сүйіп, өмір сүріп жүргендері де аз емес. Отбасыны алтынмен алмастырып болмайды, оған ешбір құн да үстемдік ете алмайды. Қадірі қымбат, елге өнеге, үлгі отбасылар да жетерлік. Олар отбасының қаншалықты қымбат, маңызды екенін түсінеді. Қазақи тәрбиеде өскен бала ата-анасын жерге қаратпайтыны анық. Қазақтың ежелден келе жатқан тәрбиелік мәні өте ерекше. Сол үрдісті сақтап, әулиеттен-әулиетке тарап жатқаны болашақ ұрпақтың өмірде жақсы жетістікке жетуі айқын. Баланың материалдық және рухани байлығын жетілдірген ата-ана көбірек рухани жағынан ұтады. Баланың рухани байлығы үстем болса, өмірдің ащы-тұщысына төтеп бере алады. Ақылы күшті, жүрегі мейірге толы, білімді перзентті қай ата-ана қаламайды?! Кейбіреулер байлық соңынан қуып жүріп баланың тәрбиесіне аса назар аудармайды. Өз еркінше өскен қыз бен жігіт өмірден өз орнын таба алмай соқпақ жолдарға түсіп қалуы табиғи жағдай. Олардың сондай күйге түсуіне ата-ана кінәлі. Тәрбие берудің орнына, байлықтың көзін табумен әлек боп жүргенде баласының түзу сызықтан ауытқып кеткенін түсінгенде бәрі де кеш болуы мүмкін. Әттең айтудан басқа шара таппай, кінәні кімнен немесе неден екенін іздеп жатады.
Отбасы- терең мағыналы ұғым. Ол қасиетті. Әрбір отау құрған жас жұбайлар осы мағынаны тани білсе, шаңырақ ешқашан шайқалмайды.
ID: 452 | Просмотров: 3665
09/Июл/2015