Табиғат құбылыстары

  • Жүктеулер: 788
  • Көрсетілім: 3188
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 28/Янв/2016
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Қызылқұм ауыл округі Я.Есенбеков атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Гүлманат Закировна
Қысқа мерзімді жоспар
Бастауыш сынып мұғалімі: Айтбаева Гүлманат
Сыныбы: 3 «В»
Пәні: Дүниетану
Тақырыбы: Табиғат құбылыстары.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың табиғат құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін жүйелеу және алған білімін өмірге қолдана білуге, айналасындағы адамдарды құрметтеуге баулу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың табиғат құбылыстары туралы түсініктерін кеңейтеді, білімдерін жүйелей алады және алған білімін өмірге қолдана үйренеді, айналасындағы адамдарды құрметтеуді біледі.

Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
2 минут

Кіріспе.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Психологиялық дайындық.

Топқа бөлу.
1. Өнер
2. Батыр
3. Зерек Мұғаліммен сәлемдесу.

Солнце я тебя люблю
Солнце я тебя молю
Дай нам мира и добра
Дай нам цвета и тепла.



Білу
10 минут

«Кластер» әдісін пайдаланып, үй тапсырмасын сұрау.
Тақырыбы:Математиканың дүниетанумен байланысы.
1 – топ
Уақыт өлшем бірліктері жайлы түсінік.
2 – топ
Ұзындық өлшем бірліктері.
3 – топ
Термометр жайлы түсінік.



Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы алып, сын ойланып, бір – бірімен пікір алмасып, ой бөлісіп, қағаз бетіне түсіреді.

Ақ парақ, стикер, оқулық, түрлі түсті қалам.

3 минут Сергіту сәті.
Жел уледі,
Құйын келіп биледі.
Қатты – қатты жел соқты,
Жапырақтар қол соқты.
Оқушылар қимыл арқылы сергіту жаттығуын жасайды.
Түсіну
10 минут

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын. Тақырыбы: Табиғат құбылыстары.
Табиғат құбылыстары жайындағы жұмбақтарды шешу.
1.Дүрліктіріп қырқаны,
Шақпақ тастың жарқылы
Бұлт көрпесін жыртады.
(Найзағай)
2.Шашылды көктен ақ моншақ,
Жоғалды біздер тапқанша – ақ.
(Бұршақ)
3.Мөлдіреген жүзімді
Ұстап едім, езілді. (Шық)

4.Жиегіне шатырдың
Судан шеге қатырдым. (Сүңгі)

5.Шөпті жапырып,
Құмды сапырып,
Қоқысты үйіріп.
Әкеткен не шүйіріп? (Құйын)
Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбы мен, мақсаты мен танысады.
Оқушылар сын тұрғысынан ойланып, бір – бірімен пікір алмасып, ой бөлісіп жұмбақтың шешімін табады.

оқулық

Қолдану
5 минут «10 сұрақ» ойыны арқылы табиғат құбылыстарын табу.
Әр топтан бір оқушыдан шығып, табиғат құбылыстарын табады.
суреттер
Талдау
7 минут «Квастер» әдісін пайдаланып, әр топқа әр түрлі тапсырмалар беру.
1 – топ
Табиғат құбылыстары.
2 – топ
Табиғи апаттар.
3 – топ
Күз мезгіліндегі табиғат құбылысын сипаттау. Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы алып, сын ойланып, бір – бірімен пікір алмасып, ой бөлісіп, тақырыпты зерттеп, талқылап, жинақтап, қағаз бетіне түсіреді. Ақ парақ, стикер, түрлі түсті қалам.
Жинақтау
3 минут Өзекті сұрақ:
Табиғат құбылыстары адам өміріне қауіпті бола ала ма? Оқушылар сын тұрғыдан ойланып, өз ойларын жеткізеді. слайд
2 минут Суретпен жұмыс.
Табиғат құбылыстарын суреттер арқылы ажырата алу. Табиғат құбылыстарын суреттер арқылы ажырата алады. суреттер
Пысықтау.
Сұрақ – жауап арқылы жаңа сабақты пысықтау.
Рефлексия
1 минут 1.Мен үйрендім:...
2.Мені таңғалдырды:....
3.Мен білгім келеді:... Оқушылар өз ойларын стикерге жазып, даму ағашына іледі.
Даму ағашы, стикер.
Бағалау
1 минут Геометриялық фигуралар арқылы бағалау.

Геометриялық фигуралар
1 минут Үйге тапсырма.
Табиғат құбылыстарын оқып келу. Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. күнделік

Автор: Айтбаева Гүлманат

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.