Сайт учителя начальных классов
.
Қынаменде ( Ұрын келу )

Қынаменде ( Ұрын келу )

Адырбекова Ләззат Нұрғалиқызы . ОҚО Шымкент қаласы . . №3 Ұлықбек атындағы . жалпы орта мектебінің . қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Қынаменде ( Ұрын келу )
Рөлдерде:
Қыз – Маймақова Г. Жолдас қыз – Рано, Алуа, Гүлсім. Қыздың жеңгесі – Эльмира Оңалбекова. Әншілер – Толқын, Бақытгүл. Жеңгелер – Жанар, Гулчехра. Жігіт – Азамат. Жолдастары – Дилшат, Сухрат, Рустам, Мұрат. Үлкен жеңгелер – Марияш, Эльмира Нұр., Зәуреш, Диля. Құдағи – Адырбекова Ләззат

« Ұрын келу », « Қол ұстатар », « Шаш сипатар », « Балдыз көрімдік », « Ентікпе », « Есік көру», « Атбайлар » Ұрыннан бұрын келуге болмайды. « Босаға аттар », « Сәукеле байғазы », « Ит ырылдатар », « Арқа жатар » « Болыс үй » ( Былайша қыз қашатын үйді « Болыс үй » дейді )

Ұрын келу
Сахна безендірілген. 1. Болыс үй дайындау. ( жеңгесі ) Сахнаға қыз бен жеңгесі шығады. Жеңгесі: - Қыз – ау, саған болыс үй тіктіртіп жатырмыз. Қыз: - Апаларымыз ұзатылып жатқанда болыс үйді естігенім болмаса, мағынасын түсінбейді екенмін. Жеңгесі: - « Болыс үй »(қыз бен жігіт оңаша кездесетін үй ) Қыз: - ( Бетін басып ұялып қалады ) Жеңгесі: - Атастырған күйеу жігіттің Абат идің баласы жеңгесін ертіп достарымен « қынаменде » салтымен ұрын келе жатыр. Қыздар шуылдап: « Ұрын келе жатыр » Жеңгесі: - Әй, қыздар « Ат байлар » салтын ұмытпаңдар( қыздар алдарынан жүгіріп кетеді ) « Ит ырылдатар » (Гулчехра ) (ит үреді) « Ит жеті қазынаның » бірі деген. Ауылымыздың иттері де қыздарымызды күзетеді.« Ентәкпе » жоралтысын алу (жеңгелері ) Марияш: « Босаға аттар » Ән ( Бақытгүл ) Дастарханның басында жастар отыр. « Балдыз көрімдік » « Қонақ кәде » Жолдас жігіт: - Қайтеді – ай, мына ауылдың иттеріне дейін келмей жатып алқымнан алды – ау. ( әзілдеп күледі ) Қыздар: - ( шуылдасып күледі ) Құда бала, бәріне шыда бала. Марияш: - Қойыңдар енді, қонақтарды үркітпей, амандасайық.Ұрын келушілер ауыл қыз – келіншектерімен амандасады. Хал – жағдай сұрасады. Марияш: - Ал, төрлетіңіздер. Үйге кірейік. Эльмира Нүр.: – « Қазақтың босаға аттар » салтымен оң аяғыңмен кір. ( Күйеу жігіт оң аяғымен аттайды ) Марияш: - Әр уақытта жолын оң болғай, әумин!
2. Көңілді музыка ойнап тұр. Қонақтар дастархан басына жайғасқан.Қыздың жеңгелері келіп, кәде сұрайды. Жеңгесі: - Ойпырмай, сендерді күтіп жүреміз деп ентігіп қалдық. « Ентікпе » жоралғысын бермесеңіз, ентігіміз басылар емес. Жігіттің жеңгесі тұрып, кәдесін береді. Күйеу бала жеңгесі: - Әрине. Қоржынның бір басынан алынған түйіншекті береді.
Жолдас жігіт: - Ау, біз бұл ауылға қыз көруге келдік емес пе ?! қашан көреміз қызымызды, жігітті ынтықтырмай ертерек көрсетіңдерші! Қыз:- Алдымен мені көр. « Балдыз көрімдік » бермей жатып апамды көрсете салар ма екенбіз. ( күйеу жігіттен жоралжысын алады )Енді әңгіме басқаша , құда бала. Жеңгесі: - Күйеу жігітті ынтықтырмайық, көрсетейік қызымызды. Екі жеңгесі қызды алып келуге шығады. Жеңгелері қолтығынан демеп қызды алып келеді. ( Басына бүркеліп орамал жабылған ) Күйеу жігіт бетін ашады.Бұл жеңгесі болып шығады. Жігіт сасып қалады. Жеңгесі күледі. « қыз жоралғысын » алады. Екі жеңгесі қызды екі жағынан демеп алып келеді. Жеңгесі: - Тотыдайын таранған , сұңқардайын сыланған ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, аршыған жұмыртқадай қызымыз осы болады. (жігіт қызды көріп, махаббаттан басы айналып қалады. )
Жеңгесі: - Осындай қызға жар болатын жігітте арман бар ма екен ! Оу, жігітім сасып тұрсың ба, қашып тұрсың ба? Қыздың қолын ұстар кәдесі болар енді, « Қол ұстарын бермейсің бе? » (бәрі күледі )
3. Марияш, Ләззат тұрып, екеуінің маңдайынан сүйеді. Бата береді.(көңілді музыка ) Жеңгесі (Жанар ) : - Ау, қонақ кәде деген болады. Ендігі өнер біздерден болсын. Рустам ән айтады Жеңгесі: - Ән ары қарай жалғасын тапсын. Ынтық болған екі жас бір – бірімен сөйлесіп қайтсын. ( Екі жастың қолынан ұстап ертіп шығады ) Жеңгесі ( Толқын ): - Эльмира – ау бар кәдені өзін ала бересің бе? « Шаш сипатар » кәдесін бізбен де бөлісерсің.

Жеңгесі ( Эльмира ): - Төбесінен құс ұшырмай қорып жүрген еңбегім бар емес пе ? Неге бөлісейін? (әзілдеп күліседі ) «Екеуін ертіп сахнадан шығып кетеді ) Күйеу жігіттің жеңгесі (Ләззат ) қоржынын алып, ортаға қояды: - Ал енді, құдағиларыңыздың беріп жіберген сәлемдемесі бар еді. « Орамал тон болмайды, жол болады ».Ол қоржынын сөгіп таратады. « Қоржын сөгер » кәдесінен алыңыздар. (Қоржыннан – білезік, жүзік, орамал таратылады. Қыз – келіншектер таласады. ) Жеңгесі ( Ләззат ) : - Ал, құдағилар, ойнадық- күлдік, қызымызды көрдік. Көңілімізді демдедік. Екі ауылдың арасына жол ашылды. Рұқсат болса біз тұрайық. Марияш : - рахмет, құдағи. « жалаушының жолы жүрсе азаяр »деген. Жөн – жоралғы, сый – құрметтеріңізге рахмет! Құда – құдағи, ауыл – елдеріңізге сәлем айтыңыздар.

ID: 9457 | Просмотров: 2639