Сайт учителя начальных классов
.
Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы

Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы

Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы

Желтоқсанның  ызғары

Сынып  жетекшісі:

Құрметті  қонақтар , ұстаздар ,  оқушылар ! Сіздерді   №61  орта мектебінің    оқушылары   дайындаған  « Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы » атты кешімізді  көруге  шақырамыз .  1986  жылы  Алматының  бас  алаңында  желтоқсан  оқиғасы  болды . Бұл  оқиға  дүниені  дүр  сілкіндірді . 16 – желтоқсан   қазақ  халқы  үшін ұлы  күн , әрі  қайғылы , әрі  бақытты  күн болып  саналады. 1986  жылғы  желтоқсан  оқиғасы  қазақ  халқында  бұрын  болмаған ең  ауыр  да , әділетсіз  көтеріліс  болды . Енді  міне  осы  желтоқсан  көтерілісіне  қатысқан   ағаларымыз  бен  апаларымыздың  арқасында ата – бабаларымыз  үш  ғасырға  жуық  уақыт  бойы  армандаған тәуелсіздікке  қол  жеткіздік

І- жүргізуші: Ақбаян

Желтоқсанда ,  Алматыда ,  ақ  қарда

Алма  бақтар  ақ  қырауға  батқанда ,

Күңірене  күн  күркіреп  тау жақтан .

Жайдың  оты  жалаң  қақты  шатқалдан

 

Желтоқсан – заман  толғағы  байтақ  даланың ,

Шарпысқан  сәтті  үміт   пен  күдік  наланың ,

Желтоқсан – Қайрат , Ләззат   пен  Сәбира

Құрбаны  болған  жаланың .

Желтоқсан – жастық  қазбалап  тегін  сұрама ,

Анартау  тектес  атылмай  бір  күн  тұра  ма .

Осылай  халқым  созылған  тура  үш  ғасыр

Ойналып  бітті  драма .

ІІ – жүргізуші :  Ғани

Желтоқсан – жеңіс . Желтоқсан – ұлы  жаңалық

Нохат  деп  оны  нәубетке  қойған  саналық

Жәнібек , Бұхар , Абылайдан  қалған  бар  болсын

Азаттық ! Елдік ! Даналық !

Рас , досым , 86  есімде 

16 – желтоқсанның  кешінде ,

Намыс  кернеп , шықтық  біздер  алаңға 

Шындық  үшін  « тар  жол  тайғақ  кешуге »

Осы  кештің  ашылу  рәсімін №61  орта   мектебінің   тәрбие  ісінің  меңгерушісі  Бөкенбаев  Ғалымжан  ағайға  береміз

І – жүргізуші :  Ақбаян

Мүшел  толды  тәуелсіз  ел  болғалы ,

Желтоқсан  кәмелетке  толғалы .

Қос  атауы  толықтырып  бір – бірін ,

Ұлы  оқиға  екеуі  Отандағы .

 

ІІ – жүргізуші :  Ғани

Қонаев  Дінмұхамед  көсем  еді ,

Билік  оны  үндетпеді .

Колбин « мықты » жанына  жолатпады ,

Димаш  Ата  сөйлесе  өстер  ме  еді ?

Желтоқсан  құрбандарын  1  минут  үнсіздікпен  еске  ал у  .

 

І – жүргізуші :  Ақбаян 

Өкінгенмен  пайда  жоқ , өткен  күндер ,

Қыршын  кетті , әттең – ай , көк  өрімдер .

Еске  алдық , дұға  оқып  бекзаттарым ,

Алладан  нұр , жұмақта  көгеріңдер .

 

ІІ – жүргізуші :  Ғани

Ел  тілегі  осы  енді  айтпағымыз ,

Сүт  бетінде  қалқыған  қаймағымыз .

Әрбірің   бір  батырсың  дастандағы ,

Желбіреді  аспанда  байрағымыз

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  әнұраны .  Хор

Баяндама  : Әділова  Гүлсім

XV ғасырда  қуатты  қазақ  хандығын  құрдық . Алайда  тәуелсіз  Қазақ мемлекеті  бейбіт , тыныш  өмір  сүре  алмады . Ұлан – байтақ  елімізге жан – жақтан  көз  тігіп , ойран  салушылар  көбейді .  Қаннен – қаперсіз жатқан  елімізге  жонғар  қалмақтары  тұтқиылдан  шабуыл  жасап, қалық  жұртты  қан  жылатты. XV ғасыр  басында  дүрліккен  ел  шұбыра  қашып , ақтабан  шұбырынды болды

XVІІІ –ХІХ ғасырларда  халқымыз  еркіндік  пен  тәуелсіздігінен айырылды . Көмек  күткен  ақ  орыс  қазақ  халқын  аздыра  бастады . Ұлан – ғайыр  даламыз  империя  меншігіне  айналды . Халқымыздың  басынан қара  тұман  серпілмеді .ХХ  ғасырдың  16 – жылы  маусым  жарлығына  жігіт бермейміз  деп , қарсылық  көрсеткендері  оққа  ұшырады , қаншасы  өз жерінде  қырғын  көрді . Біздің  1917  жылы  бостандыққа  қолымыз  жетпеді . Өз  жерімізде  өзіміз  қырғынға  ұшырап , қуғынға  түстік . Мыңдаған  жандар   ата  жұртын  тастап , көшуге  мәжбүр  болды . 1923-1933  жылдарда  болған  адам  айтса  нанғысыз  ашаршылыққа  9 млн-дай    халықтың    2,2  млн – ы опат  болды . Тағы  аштық , тағы  жалаңаштық , тағы  өлім . Әлі  жоқ  дымы  құрыған  сорлылар  елін  тастап  кетуге  мәжбүр  болды

1941 – 1945  жылдар  аралығында  адамзат  тарихында  болмаған  алапат  соғыста  , бірлік , достық   жолында  жан  қиған  қазақ  батырлары  фашизмнен  бүкіл  адамзатты  қорғап , ерекше  ерлік көрсетті

 1986  жылы  желтоқсанда  отты  оқиға  болды . Елдің  егемендігін аңсаған  жастар  ұлттың  намыс  құдіретін  әлемге  паш  етті . Осыдан 20     жыл  бұрын , яғни  1986  жылы  Алматының  бас  алаңында  желтоқсан 21     оқиғасы  болды . Бұл  оқиға  дүниені  дүр  сілкіндірді , бұл  желтоқсанкөтерілісіне  қазақ  елі  аузында  жүрген , тарихта  аты  қалған  Қ . Рысқұлбеков ,Е . Спатаев , Л . Асанова  және  тағы  басқа  апаларымыз  бен  ағаларымыз қатысты . 1986  жылы  желтоқсандағы  көтеріліске  жастар  ешбір  жаман  оймен  барған  жоқ . Олар  бейбіт  жолмен  тәуелсіздікке  қол  жеткізу  үшін қатысқан . Қазір  бұл  күн  қазақ  халқы  үшін  ұлы  күн , әрі  қайғылы , әрі бақытты  күн . Бұл  1986  жылғы  желтоқсан  оқиғасы  қазақ  халқында  бұрын  болмаған  ең  ауыр  да , әділетсіз  көтерілістің  бірі .

« Орнында  бар  оңалар »  демекші , ел  орнында , жер  орнында . Жерге  жетер  байлық  жоқ . Жер  болса , ел  болады , ел  болса , ер  болады . Ерлеріміздің  арқасында  Қазақстан  егеменді  ел  болып , дүниежүзіне  танылуда . Біздің  отанымыз  егеменді , тәуелсіз  Қазақ  мемлекеті . Жүз  жиырмадан  аса  ұлт  өкілдері  тұратын  осынау  қасиетті  мекенде , асқақтаған  өлкеде , кеншілігі  керемет , дархан  дастархандай  далада  , егіні  теңіздей  толқыған , төрт түлігі  маңыраған  , өндіріс  өркендеген  мекенде  өмір  сүруші  әрбір  адам  өз  Отанын  жанындай  сүйіп . оның  көк  байрағын  көкке  көтеруді  мақтаныш тұтады .

Ән : « Желтоқсан »  желі .

Орындайтын : 10 – сынып  оқушысы Нұрмырзаева  Назерке

1 . Жаттау : Садинов  Айбек

Қазақ  жері – қонақжай  төрлер  жері

Қазақ  елі – қас  сақтай  ерлер  елі

Елі  кедей  болмаған , жері  байтақ

Едігедей , Бабардай  шерлер  елі

 

Қазақ  жері  көп  шеккен  қасіретті ,

Қазақ  жері  өнерлі , өсиетті .

Египетті  билеген  Бейбарыстай ,

Елі  текті , киелі  қасиетті .

2 . Жаттау : Жәлелов  Көбен

Ел  болдың  ерік  алдың  астаналы .

Енді  кімнен  қазағым  жасқанады  ?

Тәуелсіз  мемлекеттік  шежіресі .

Нұрсұлтанның  атымен  басталады .

 

Балдай  дәмін  орманның  татып  елім .

Егемен  деп  атады  атын  елім ,

Аталардың  жан  беріп  жете  алмаған .

Орындашы  арманын  батыл  елім .

 

3 . Жаттау :   Әбдіхалықов  Азамат

Ашаршылық  құрбаны ,

Болған  қайран  елім – ай

Репрессия  құрбаны ,

Болған  қайран  , ерім – ай

 

Соғыс  зарын  шеккен  ел,

Қорлықты  сонша  көрген  ел .

Желтоқсанға  құрбандық ,

Өз  қолымен  шалған  ел

 

Дүниеге  паш  болып ,

Тәуелсіздік  алған  ел

Нарықтың  да  қыспағын ,

Жаншыла  басып  көтерген .

Қазақ  деген  елім  бұл .

 

 Ән :    « Ағажан » 

Орындайтын :  Аманқосова  Сұлушаш

І – жүргізуші :  Ақбаян

Кең  байтақ  көз  жетпейтін , жерім  менің ,

Таулы  орман , жасыл  жайлау , көлім  менің .

Бүгінде  бар  әлемге  даңқың  жетті ,

Тәуелсіз  Қазақстан – елім  менің

ІІ – жүргізуші :  Ғани  

Ғажап  қой  сұлу көктем , жаздың  әні ,

Тыңдарсың  ән – жүректің   сазын  әлі .

Шіркін – ай  жер  жетпейді  бір  өзіңе ,

Қойнауың  тұнған  байлық  қазыналы .

Көрініс  :    Қайраттың  ақтық  сөзі .

Орындайтын : Мұратбаев  Нұрдәулет

Қайрат : Нұрдәулет

Тағдыр  мені  аямады , қорлады ,

Жалынсам  да , жыласам  да  болмады .

Қараңғы  өмір , бақытым  жоқ , жоқ  менің

Армандаған   ақ  сәулеге  жетпедім .

 

Жолдаған  сәлемімді  дос  алмады ,

Шын  ба  екен – ау , тас  керең  боп  қалғаны .

Айта  берем , айта  берем – қайбірін . . ,

Ауыр  менің , ауыр  менің  тағдырым . . .

 

Қайрат :  Нұрдәулет

 

Күнадан  таза  басым  бар ,

Жиырма  бірде  жасым  бар ,

Қасқалдақтай  қаным  бар ,

Бозторғайдай  жаным  бар ,

Алам  десең  алыңдар !

 

Қайрат  деген  атым  бар ,

Қазақ  деген  затым  бар ,

« Еркек  тоқты – құрбандық » ,

Атам  десең  атыңдар .

 

Мен  не  етермін , не  етермін ,

Мен  келмеске  кетермін .

Көрмеген ,  қош  бол ,   таңдарым ,

Көре  алмай  мен  өтермін .

 

Хош  аман  бол  артымда

Ағайын , туған  азамат !

Артымда  қалған  ата-анам ,

Ел-жұртым , саған  аманат !

 

Зерттеу  жұмысын  жүргізу  барысында  Қайраттың  артында  қалған бірнеше  деректер  табылды  . Сол  деректерден  сіздерге  Қайраттың  үйіне  және  інісі  Талғатқа  жазған  екі  хатын  оқушылар  оқып  береді .

1 – хат   Мұхтар  Данира

Қайраттың  отбасына  арнап  жазған  хаты .

. . . Дүниедегі  ең  сұмдық  зұлымдықты  сот  алдында  азамат  сотынан 

көрдім . Әділетсіздікпен  сот  кәрін  септі , жас  гүлге  өлім септі ,

зұлымдықпен  атып  тұрды  да  : « ату  жазасы » деп  жас  жұрекке

 найзаны  сұқты – кетті . « Өспей  жатып - өшу , жанбай  жатып – сөну »

 деген  осы  да .

« Бақ  түссе – маңдайымнан , тас  түссе – талайымнан »  көріп  алдым ,

маған  өлім  қорқынышты  емес , өйткені , адалдығым  биік  тұр .

 . . . Әнеукүнгі  кездесу  менің  « приговорымды » алдыңдар  ма ?

Талғаттың  суретін  неғып  тастап  кетпедіңдер . Ақша  салып  кеттіңдер

 ме ? Келесіде  Талғаттың , Рахат  пен  Асхаттың  суреттері  болса , ала  келіңдер . Кездеуге  кірер  алдында , сендерге « кір » деп  айтады  ғой 

қайсысы  болса  да , я сержант , я  капитан , соған  беріңдер  суретті , бере  салсын  маған ( өтінесіңдер  ғой ) . Кездесуге  келердің  алдында  бір  тал

 роза  гүлін  ала  келіңдерші . Скоро  мейрам  ғой . Қонақтар  кеп  қалғандай  болса , комната  сәнсіз  болмасын . Оны  да  суретпен  бірге  беріңдер .

Болса  екі  тал ( екі  штук ), ырым  болсын . . .

Өзіме  келсем  денсаулық  жаман  емес . Жағдай  да  солай . Ертеңнен  кешке  дейін  шексіз  қиялға  берілемін  де  жатамын . Көкірегімде   сол  жалғыз 

үміт  пен  шексіз  қиял . Жазатын  қол  жеткен  жердің  бәріне  жаздым ,

кім біледі  артының  не  боларын . Я сен , я  мен  боламыз  да .

Жоғарыдағылар  ақтаса , ақтар , болмаса , құдай  сақтар . Басқа  не 

істейміз , аяқтарына  жығылатын  мен  емес . Бар  шындықты  жазып  жібердік , қалғанын  өздері  білсін .  Жазымыштан  озымыш  жоқ . Барлық  таныстарға , достарға  меннен  сәлем .

 

Беттеріңнен  сүйе  бердім . Сәлеммен  Қайрат .

 

23 – қыркүйек 1987 жыл .

 

2 – хат  Әлжанов  Бекзат

 

Туған  бауырына  арналған  хаты .

Сәлем бердік , бауырым  Талғат !

Иә , денсаулық , көңіл-күйің  жақсы  ма ? Әскери  өмір , қызмет  қалай ?

Не жаңалық  бар ?

    Атамекен , ауыл  жақтан  хат-хабар  алып  тұрасың  ба ?

Жазған екі  хатыңды  да  алдым . Рахмет !

      Біріншісі ,  көк  қағазға  жазылған  Дәңкеге  переговор  бергелі 

отырғанда  жазыпсың  ғой . Екіншісі , 12   наурыз  күні  жазылған .

Сонымен  қатар , Рашит , Кларадан , Кәдір , Ғайшадан  және  үйден  хат  алдым . Бәріне  де  жауап  жазып  отырмын .

Өзіме  тоқталсам , денсаулық  сол  қалпы .

Көңіл-күй  көтеріңкі .

Қасымдағы  Мырзағұл  деген кісінің ( 37  жаста , 4  баласы  бар , ст.60 , 65 ) приговорын  өзгертті , яғни , 15  жыл  ерекше  режим  және  5  жыл  жер  аудару . Іс  жағына  келсек , сол  баяғы соңғы  баспалдақта  тұрған .

Әзірше  еш білінбейді . Мұрзағұлға  қарап , не  дегенмен  кеудеміздегі  үміт шоғы  аздап  лаулап  жана  бастағандай .

Төбеміздегі  тұрақтаған  қайғының  шет-жағасы  аз  да  болса

 сөгілгендей  . Сөйтіп , бір-жарым  жақсылықтың  иісі  мұрынға  келіп , танауды  қытықтайтын  сияқты . Өткен  хатта  жазғанымның  шет-жағасын түсінбепсің . Түсіндіріп  көрейін . Жала  жабушы  жалған 

куәгерлердің  ( әйелі  бар , еркегі  бар ) айтуына  қарағанда  мені

 Мир – Сәтбаев  көшелерінің  қиылысқан  жерінде  халық  жасақшысын  ұрғанымды , яғни  өлтіргенімді  көрген- міс . Қылмыс  күндізгі   сағат

11. 30  бен  12 . 00  арасында , тура  сол  екі  көшенің  қиылысқан  жеріндегі  радиокомитетінің  ( Казтелерадио ) алдында , яғни , тротуарда  болған .

Куәгер  әйелдер  сол  жерде жұмыс  істейді , жұмыс  кабинеті  жартылай  подвал  бөлмесінде  екен . Терезеден  көрген – міс .

Қылмыс  солардың  терезелерінің  қарама-қарсысындағы  тротуарда

 ( 6-7  метр  қашықтықта )  болған-мыс . Бәрі  де  менің  түр-түсімді ,

 тіпті  тебіндеген  мұртыма  дейін  естеріне  сақтаған-мыс

(20-30 адамның  ішінен )   Фурманов – Абай  көшесінде  түсіріп  алынған  фотоны  оларға  көрсеткенде , бірден  таныпты-мыс .

Амал  нешік . Беттеріңнен  сүйдім ! Тағдыр  кездесуге  жазсын ! Хат  жаз , өткендегідей  маған  олай  ұзақ  қылып  жазуға  кейде  ыңғайы  келмейді .

 Сен  жақтан  бәрі  ыңғайлы .

Сәлеммен  ағаң  Қайрат . 8 – көкек 1988  жыл

   

Ән : « Анаға  хат »

Орындайтын Нұрмырзаева  Назерке

 

Өлең  жолдары : Теңізбаев  Асылхан

Кәмелет  жас  толыпты  дүрбелең  толы  күндерге ,

Кірпіктерге  мұз  қатып , ұйқы  қашқан  түрлерге ,

Найзағай  намыс  ұлдарым , аязда  тоңған  қыздарым

Алматы  маңы  толды  ғой , шырқыраған  үндерге .

 

Тигенде  Горбач  шоқпары  жарқылдап  көзден  оттары ,

Шәмшінің  әні  ұран  боп , қазағымды  жоқтады ,

Жүректерге  шер  болып  қатқанменен  желтоқсан ,

Тәуелсіздік  жолының  болды  тұңғыш  соқпағы

Ал , қызыл  тіл , мейілінше  сайрап  қал ,

Егемендік  әкелген  Ербол , Ләззат , Қайраттар ,

Өскемендік  Сәбира , Шыңғожалық  Нұртайлар ,

Келер  ұрпақ  үшінде  құламайтын  байрақтар .

 

Еске  алсақ  өткен  сол  күні , қолағаш  танау  Колбинді ,

Желтоқсан  боп  жазылған  алтынменен  зор  күнді .

Алапатпен  басталып , ғаламат  боп  қалды  ғой ,

Ызғырығы  кеудеде  ұмытпа  халқым  ол  күнді .

 

Шыңғожадан  аттанған , бала  қырын  баптаған ,

Анасының  ақ  сүтін  Нұртайым  болды  баптаған

Рупорын  алып  қолына , азаттықтың  жолында ,

Жан  айғайын  жеткізіп , адалдығын  сақтағын .

 

Айналдым  мұндай  ұлдардан , Ләззаттай  қыздардан ,

Нағыз  атом  кемесі  Арктикада  мұз  жарған .

Аман  болсын  еліміз , жемісті  болсын  жеріміз ,

Құдайым  мәңгі  сақтасын  желтоқсандай  ызғардан .

Ән : « Бозбала »

Орындайтын : Мұхтар  Данира

І – жүргізуші :  Ақбаян

Желтоқсан – заман  толғағы  байтақ  даланың ,

Шарпысқан  сәті  үміт  пен  күдік  наланың

Желтоқсан – Қайрат , Ләззат , Сәбира

Құрбаны  болған осынау  бір  жаланың

ІІ – жүргізуші :  Ғани  

Қаймықпады  ызғарынан , бұлтынан ,

Қалтыратты империя  іргесін

Халықтардың  бостандыққа  ұмтылған

Бастап  берді  бір  көшін .

Ән : « Мұңайма »

Орындайтын : Орынбаева  Айғаным

І – жүргізуші :  Ақбаян

Әр  дәуірдің  еркіне  сай  нарқы  өзгерген  алтыннан ,

Айналайын  алтын  әнім  жас  өркені  халқымның .

Желтоқсанда  шындықжырын  шырқаймын  деп  шарқ  ұрдың .

Желтоқсанда  егеменді  ел  болсақ  деп  талпындың ,

Кеудеңде  әлі  сызы  жатыр  сол  кездегі   халқымның

Айналайын , айналайын  жас  өркені  халқымның .

 

ІІ – жүргізуші :  Ғани

Қазақстан  дейтін  менің  бар  елім 

Жатыр  алып  жарты  дүние  әлемін !

Бұл  даланы  анам  жаспен  суарған ,

Бұл  далада  атам  қолға  ту  алған .

Бұл  далаға  жылап  келіп , қуанғам

Бұл  даланы  көріп  алғаш  қуанғам

Бұл  далада  өскен  жанда  жоқ  арман !

Олай болса , заманға  иленбей , заманды  биле  алғыр  жас !

Ән : «  Хош  аға     »

Орындайтын : Нұрмырзаева Назерке

Осымен  « Желтоқсанның  ызғары » атты  кешімізді  аяқтаймыз .

Көңіл  қойып  тыңдағандарыңызға  көп – көп  рахмет .

Хош  сау  болыңыздар !

15.ХІІ.2012 жыл .

Өткізген :

№61  орта  мектебінің  тарих  пәнінің  мұғалімі

Кенжебаева  Гүлжан

10  сынып  жетекшісі

ID: 5826 | Просмотров: 3917