Сайт учителя начальных классов
.
Әр өлеңі – бір әлем

Әр өлеңі – бір әлем

Әр өлеңі – бір әлем

«Әр өлеңі – бір әлем» атты Мұқағали ақынды еске алуға арналған кеш жобасы

Кештің мақсаты:

М. Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.
 

Көрнекілігі:слайд, кітап көрмесі,ақынның өз дауысымен оқылған өлеңдері.
 

1-жүргізуші:

Болмаса егер ақиқаттан бөтені,
Айтылған сөз арлы адамға жетеді.
Туындысы данаменен дараның
Жүректе екен жайғасатын мекені.

2-жүргізуші:

Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындары кемде кем.

 

1-жүргізуші:Ассалаумағалейкүм, Алаш жұрты!

2-жүргізуші:Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!

1-жүргізуші: «Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,–деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде.

2-жүргізуші: Бойына Алладан дарыған ақындық қасиетін халқына сыйлап кеткен ақын:

«Бəріне!

Бəріне!

Бəріне!

Жасыңа да кəріне!

Кімге қан керек?

Ішуге емес дəріге...

Мен – донормын!», – деп жар салады.

1-жүргізуші:  Шындығында да Мұқағали бойындағы  тамаша талантын жұртына арнайды. Ең бірінші бақытым деп білгенхалқына донор секілді  бүкіл күш-қуатын сарп етті.

2-жүргізуші:Ендеше, өздеріңіз көріп сезіп отырғандарыңыздайбүгінгі кешімізХантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, миллион сырлы сезімнің егесі –  Мұқамедқали,Мұқағали Мақатаевқа арналады.

1-жүргізуші:  Ақын туған күні қай жерде болмасын жыл сайын ақырған ақпан айында тойлана беретіні хақ.Бұл  – жұмыр жер мен дөңгелек уақыт көрсеткішінің белгісі. Еске алу немесе поэзия кеші емес, құдды бекітіліп берілген атаулы мереке санатына қосылғандай, жылдағы қайталанар үрдіс пен дәстүрге айналғалы қашан!?.

Екі жүргізуші де бірге:Ендеше аталған ақынның шығармашылығына арналған «Әр өлеңі – бір әлем» атты   кешке қош  келдіңіздер!!!.

1-жүргізуші: 

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден,–

деп қазақтың бас ақынына ден қойған Мұқаң,Мұқағали оның қасиетті қазақы жырының «дәнін алып, қауызын қайтара» білді, поэзия әлемінің есігін айқара кірді.

2-жүргізуші: Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық.Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Оны біреулер«көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстарға толы жұмбақ ақын»десе,

1-жүргізуші: кейбіреуі:«Жоқ ол – қара өлеңнен қаймақ қалқыған қарапайым ақын, өлеңін бәріне түсінікті тілде жеткізген таңғайжайып ақын» дейді. Бар болғаны 1834 өлеңімен млн.даған тіпті млд.таған жүректі жаулап алып, оларды одан он есе сезім серпілістеріне түсіріп, бірде жылатқан, бірде қуантқан Мұқағалиды, анығы Мұқамедқалиды ал, ақын емес деп көріңіз..!

Поэзия патшалығындағы  пайымдауы өзгеден бөлек ақын жебелі жырын жүректерге ерекше үнмен, соны серпінмен жеткізді.

2-жүргізуші:

Ән сал жаным,

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі ,—

деп ақын жырлағандай кезек әнде.

Ортада: «Наурыз -думан» әнімен  9-сынып оқушысы Тоқтасын Әйгерім. Қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:Қазір заман дамыған. Техниканың озық үлгілері молайған кез. Қазіргі заманауи техниканың арқасында әркімнің қолында бір-бір фотоапарат, бір-бір камера бар.

1-жүргізуші:Тек қана жиын, басқосуда емес, күнделікті өмірдің сәтті күндерін өткеннің естелігі қылып жинай беруге болады.Ал өткен заманда ондай мүмкіндік болмады.

2-жүргізуші:Оның бір дәлелі арамыздан кеткеніне  39 жыл болған Мұқаңның телеарналарда бейнесі сақталмапты.Сондықтан да кейінгі ұрпақ ақынды ойлана, жылы күлімсірей көз тастаған сыр шертер сары суреттердегі фотосы арқылы танып білмек.

1-жүргізуші:Және бір қуанарымыз – ақынның Қазақ радиосының «алтын қорында» сақталып қалған өз дауысы.Олай болса, сол дауысқа бәріміз бірге құлақ түрелік.

(Мұқағалидың дауысымен өз өлеңдері оқылады)

«Менің  анкетам» өлеңі оқылады.

1-жүргізуші: Өзінің «Менің анкетам» деген өленіңде  жазылғандай  М.Мақатаев  1931 жылы  Алматы облысы , Нарынқол  ауданында  дүниеге  келген. Әкесі соғыста  қайтыс болған. Анасының  аты – Нағиман. Әже  баласы  болған соң  анасын  «Нақа»  деп атаған. Туған апасы: « Мені сөзге , жырға үйір еткен , тәрбиелеген, халқымды  сүюге үйреткен –әжем»деп ылғи сол Нағиман әжесін үнемі еске алып отырадыдейді.
2-жүргізуші:Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып, 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.
1-жүргізуші:Одан кейін 1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.
2-жүргізуші:Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тілінде аударған ақиық ақынымыз 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.

1-жүргізуші: Өз Отанының кең алқабында, кең атырабында, кең құшағында туылған адам қандай бақытты?!

2-жүргізуші:

Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым.
Айналайын Қарасаз,
Қасиетінен суынның!
 1-жүргізуші:

Сенің әрбір бұлағың —
Менің әрбір қан тамырым емес пе?
Қасиетті тұрағым,
Қасиетінен суыңның!–

деп тереңнен толғайды,

1-жүргізуші:Сезім тебіреністері жүрек түпкірінен  орын алып, ойлантпай қоймайды.Кеше жыр болса, бүгінгі күні әнге айналған толғаныс теңізінің толқындарына құлақ  түрсек.

2-жүргізуші:

Ортада – Мүслімқызы  Гүлзада. «Туған жер»  әнімен.

1-жүргізуші:

Поэзия –  сәулелі сезімнің сыңғырлы үні, жүрек дүрсілі һәм қоңырауы.Ол жаңару мен түрленудің, нәр берудің құралы.

Мұқағали:

Ақынмын деп қалай мен айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

...Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын,–

десе, замандасы, әріптесі  рухани достарының бірі – жұмбақ ақын Жұмекен:

Күпі киген ақынның
Костюмді ойы – тамаша,
Киіндірген Абай тек қара өлеңді жаңаша.
Қағып-сілкіп күпіні – шекпен алған сол ақын – 
Шекпен киген кешегі Мұқағали болатын.

деп оны жылы қабылдайды, мойындайды.
Ендеше Мұхаңның ілеміне тереңірек бойлап, оның сыршыл поэзиясының төркінін ұғудың да сәті келген сияқты.Олай болса бізде мектеп-гимназия оқушыларымен поэзия әлеміне беталыс.

 

Оқығанша жырыңды тағат таппай,
Ауға түскен ақбауыр шабақтардай.
Сенің жырың бәріне серік болып,

Ішіндегі зар-мұңын шын ақтарды-ай!

 

Мұқағали кешіне   қатысатын  оқушылар тізімі

Ораз Санжар  7 «В»  «Дос болам десең...»

Қыпшақбаев Алихан  7 «В» «Аққулар ұйықтағанда»

Амангелді  Бейбарыс  10 «Ә»

Жаппарова  Сәуле 9 «Ә»

Нәсіпқали Назерке  9  «Ә»

Қали Нартай  10«Ә»

Мұралхан  Айжарық  8  «А»

Ергеш Алмат  7  «Б»

Керімбаев Едіге 7  «Б»

Әлібек Жұлдыз   7  «Б»

Қасымхан Жанбота 7  «Б»

Именжанова Гүлнұр  7  «Б»

Әбен  Нұрдәулет   7  «Б»

Айтуған  Мұрат    7  «Б»

Орынбасар  Асылзат  7  «Б»

Қалиханова Аяжан 8 «Ә»

Айдосқызы Іңкәр  8«Ә»

Сералы Мағжан   8  «Ә»

Ниязов Шахзад  8  «Ә»

Қайырбаева  Камила 9 «В»

Әкежан  10 «Ә»

Нұрсұлтан  10  «А»

Мауытқызы Ақбота 9  «А»

Айтбаева  Ақбота  9  «А»

Нусейбе, Оңғар, Жәнібек, Қуат, Әлішер 7 «Г»

 

1-жүргізуші:

Ән салып бер,

Әніңмен жан сал маған.

Жаңғырығып жасыл тау жөнесін бір,

Жатсын ұлып жапанда дел-сал далам.

2-жүргізуші:

«Туған өлке». Орындайтын – Бақытжан Дана.

 

1-жүргізуші:

Ұстап мінген тұлпардың тұяқтысын,
Талмай жазған ән-жырдың шуақтысын.
Өз халқыңның мұң-зарын, арман әнін,
Бәрін жазып кеткен сен сияқтысың.

 

2-жүргізуші:Поэзия тынысын өзінше кеңейткен,қазақы формалар мен бояуларды сақтай отырып, «шекпен жауып қайтарып»,жаңа леп, жаңа үн қосқан, сонымен соны соқпақ салған, өзінше өрнек ойған Мұқағалидың  таудай тұлғаға айналарына күмән келтірмей, ол һәм оның поэзиясы туралы жылы лебіз, қонымды пікір білдірген ағалары болды.Соның  бірі асқарлы ақын Әбділдә Тәжібаев:

1-жүргізуші:«Мұқағали Мақатаев — біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікірпайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек» десе,

2-жүргізуші:Лирик ақын Тұманбай Молдағалиев: «Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздарының арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың — ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз» дейді.

 

1-жүргізуші:

Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали  – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады.

2-жүргізуші:Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды.

1-жүргізуші:Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ол әндері «Есіме мен алғайсың» , «Күрең күз», «Сәби болғым келеді», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен», «Тоқта балам! (атаң келеді артыңда)», «Саржайлау», «Фаризаға», «Дариға, домбыраңды бері маған», «Бала ғашық», тағы басқа әндері.
2-жүргізуші:Олай болса, ақынның әніне кезек берейік.

Сахнада  – Амангелді Бейбарыс пен Қалиханова  Аяжан. «Сенің көзің»

 

1-жүргізуші:

Шын жыр үшін туылған шалқар едің,
Шындық үшін туылған арқалы едің.
Шындығыңды ұмытар кейбіреулер,
Шын жырыңды ұмытпас дарқан елің.

 

2-жүргізуші:

Өлең барда шырқатып мен жазамын,

Ұрпағымын  мен  мына  кең даламның.

Мұқағали секілді бәйтеректі

Алып кеткен ажалға таң қаламын.

1-жүргізуші: Бірі ақиық ақынмен  сырласу эссесін, ал бірі   арнауын  арнай келген  білім ошағымыздың оқушыларына кезек  берсек.

(Оқушылар ақынға арнаған эссесі мен арнауын оқиды)

2-жүргізуші:

Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан тамызбаймын,–

 деп жауқазын жүрегінен жауқазын жырлар тудырған Мұқаңның мұқалмас жырларына тағы да кезек берсек.

 

 

Таубалды Айым 6  «Б»

Алтынбекова Асель  6 «Б»

Абуова  Саида   6 «Б»

Тахирова  Сымбат  6  «Б»

Нұрай  6 «Б»

Аяжан  5  «А»

Жібек  5  «А»

Шалабаева Асылжан  5  «В»

Болатханқызы  Ғайни  5  «В»

Армия  Алуа  5  «Б»

Тоқтасын Айгерім  5 «Б»

Әскербекова  Айгерім 5  «Б»

Баймұханова  Анель  5 «Б»

Үсенов  Бағдәулет  5 «Б»

Асқар  Мөлдір  6  «В»

Өмірзақова Арайлым 5 «Б»

Өкімбаева Айдана 6 «Ә»

Қанатбек Ақбота   6 «Ә»

Қазихан Әйгерім  6 «Ә»

Ахметова  Аида6 «Ә»

Ешенова Шұғыла  6 «Ә»

Марат Марлен  6 «Ә»

Тынысбекұлы Әділет 6 «Ә»

Қалиев  Бейбарыс    6 «Ә»

Мұқашева Аружан  6 «Ә»

Ахметова  Ақбота  6 «Ә»

Асиф  Самир  6 «Ә»

Арманқызы  Толқын  5  «Б»

 

1-жүргізуші:

Өзінің «Күнделігінде» ақын 1976 жылдың 14 ақпанында былай деп жазыпты:
 «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар.

2-жүргізуші:

Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанында түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай.

 

2-жүргізуші:Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кең суреттеген.«Ақынның ақындығы атақта емес, ақынның ақындығы арда ғана,- деп арым  –  өлеңім деген мұратпен ғұмыр кешкен ақиық ақын Мұқағали халқына «бірге туған жан дүниесі» өлеңдерін қалдырды.

1-жүргізуші:Ол табиғатпен, тағдырмен, бәрімен адал сырласты. Оның өлеңдері бүгін де шаршағанға – әл, шөлдегенге – нәр, сүйгенге – сырлас, мұңайғанға – мұңдас боп адалдық, татулық белгісін тербеп тұр.

2-жүргізуші:Өлең    – өнер, өлең – дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері  – таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, кезекті әнге жолдайық.

 

1-жүргізуші:Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары – сендерсіңдер!

2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали – мәңгілікөмір!

ID: 6612 | Просмотров: 3899