Сайт учителя начальных классов
.
МИФ әлеміне саяхат

МИФ әлеміне саяхат

МИФ әлеміне саяхат

Жүргізуші:

Қайырлы кеш қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «МИФ» әлеміне саяхат атты кешімізге қош келдіңіздер. Кешіміз екі топ білімдерін көрсету арқылы өтеді.

Уа, жарандар, жарандар!
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар
Ғылымдардың ғылымы
Математика, физика, информатика жайында
Ойынымызды бастаймы

1 - оқушы

Азаматтық ақыл-кенін ашқандар
Архимед, Ньютон мен Паскальдар
Сусындаған өзің сынды ұстаздан
Ізгі мәңгі өшпейді дастандар

2-оқушы

Информатика әлемі
Қызығы мол әдемі
Компьютердей құралды
Меңгердік біз енді

3- оқушы

Бүгінде МИФ барлық жерде
Құрылысты, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер
Жостар, зерделікпен меңгеріңдер

Әділқазылар алқасы:
Балова Ақмарал – пән бірлестік жетекшісі, математика мұғалімі
Ақкөзова Ұлжан – математика және информатика мұғалімі
Ағысбаева Нұржамал – математика мұғалімі

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, — дей келе, сайысқа қатысушы командалармен танысайық.

Қатысушылар:
8,9,10,11 «а» - «Аристотель»
8,9,10,11 «ә» - «Паскаль»

Ойының құрылымы:

1. «Танысу» кезеңі
2. «Қас – қағым сәт»
3. «Ғажайып үштік»
4. «Логика»
5. «Шебер қолдар» ойыны
6. «Кім білгір» ойыны
7. «Қызықты жұмбақтар»
8. Қорытынды

Жүргізуші:

Ойын толқын жатқандай асып — тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

1.«Танысу» кезеңі. Екі топ өздерін таныстырады.

2. «Қас-қағым сәт» кезеңі. Барлық командаларға қойылатын физика, математика, информатика пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады
Физика
1. Уақыт өтуіне қарай басқа денелерге қатсты кеңістіктегі орнының өзгеруі (мех.қозғалыс)
2. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы. (кинетикалық, потенциялдық)
3. Жылу берілу кезінде дененің алған немесежоғалтқан энергиясы ( жылу мөлшері)
4. Линзаның сындыру қасиетін сипаттайтын физикалық шама (сыну көрсеткіші)
5. Өз сұйығымен динамикалық тепе – теңдікте болатын бу. (қаныққан бу)
Математика
1. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бұйірлі)
2. Санның жүзден бір бөлігі (пайыз)
3. Квадрат пен ромбның перимертлері бірдей. Қай фигураның ауданы бірдей (квадрат)
4. 4 әр түрлі оң сандардың көбейтіндісі 100. Олардың қосындысы негетең? (18)
5. Бір үлкен үйде 100 пәтер бар. Есіктің бетінде 9 цифры неше рет жазылуы мүмкін (20)

Информатика

1. Ақпаратты бейне бетке шығаруға арналған құрылғы – бұл … (монитор)
2. Бір килобайт … тең (1 024 байтқа)
3. Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір ғана мұрағаттық файлда орналастыру мақсатында бір немесе бірнеше файлды нығыздау – бүл (Мұрағаттау)
4. Санды цифрлық және әріптік белгілермен көрсету тәсілі? (санау жүйесі)
5. Операциялық жүйе түрлері? (MS DOS, Windows 95/98/NT/2003/XP/7/8, Lunix, Unix)

3. «Ғажайып үштік» кезеңі.

Бұл кезеңде әр команда ұяшықтарды таңдап сұрақтарына жауап береді. Балл ұяшық санымен бағаланады.

Математика 10 20 30

Физика 10 20 30

Информатика 10 20 30 балл Математика Физика Информатика

10 Бөлшекті қысқартыңыз:

Ықшамдаңыз:

Туындыны есептеңіз:

Шеңбер теңдеуін жазыңыз Пойыз жолдың t уақыттың жартысын 70км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Пойыз жолдың орташа жылдамдығын табыңыз Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аударыңыз:

20 Жүйені шешіңіз:

Есептеңіз:

Теңдеуді шешіңіз:

Ықшамдаңыз:

Массасы 10 кг денені м/ үдеумен жоғары көтеру үшін қандай күш керек. Программаның мына бөлігін орындағанда с және d мәндері нешеге тең болады?

a := 60; b:= 13;
c := (a div 5 mod 3) + 14;
d := (b mod 7 div 2) + 2;

30 Көбейткіштерге жіктеңіз:

Есептеңіз:

Ықшамдаңыз:

Еркін түсу дененің 6 секундтан кейінгі жылдамдығын табыңыз. Есептеңіз:

Мұндағы: x=1, y=0, z=1

4. «Логика»

Пәндер бойынша логикалық сұрақтар

Математика

1. Профессор кешкі сағат 8-де ұйықтап, сағатының қоңырауын таңертеңгі 9-ға қояды. Сонда профессор қанша сағат ұйықтады?(13 сағат)
2. Бір адамның 10 қойы болады. Тоғызға басқасының бәрі қырылып қалды. Сонда барлығы қанша қой қалды? (9-қой)
3. Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар? (барлық айда)
4. Түнгі қарауыл күндіз қайтыс болыпты. Оған зейнетақысын бере ма?(ия береді)
5. Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қай бұтаның арасында отырады?(ешқандай)
6. Бір үлкен үйде 100 пәтер бар. Есіктің бетінде 9 цифры неше мәрте жазылуы тиіс (20 рет)

Физика

1. Дүниеде ең жүйрік не? (Ой, қиял)
2. Көзіңмен көресің, бірақ ұстай алмайсың (көлеңке)
3. Жүгі болса жүреді, жүгі жоқта тұрады (аспалы сағат)
4. Алты аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не? (адам орындықта отыр)
5. Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүйіткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел пойыз түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді. (электр пойызында түтін болмайды)

5. «Шебер қолдар» суретшілер сайысы.
3 топтан бір оқушыдан шықсын. Сайысымыздың шарты бойынша сендерге қазір әр түрлі фигуралар сурттері көрсетіледі. Оларға қарап, естеріңе сақтап алуға 1 минут уақыт беріледі. Содан соң бұл сурет жабылады. Суреттегі фигураларды рет – ретімен салып шығуларың керек. Бастайық!

6.«Кім білгір» ойыны

Мен сандарды айтып отырамын. Сіздер осы саннан кейінгі сандарды айтып отырасыздар. Мысалға мен 10 десем сіздер

11 дейсіңдер, мен 345 десем сендер 346 дейсіңдер, т.с.с. Олай болса, қане бастайық
1 топқа: 13,21,54,212,10009,1338,66,2999,689,1000,4099
2 топқа: 11,25,45,313,11111,1447,77,3999,889,3002,9090

7. «Қызықты жұмбақтар»

Математика
Оң сандарға қол шатырдай
Қалпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны
Белгімсі оның кетеді (квадрат түбір)
Екі бұрыш ежелден
Тату көрші болған екен
Бірін-бірі толықтырып
Бір түзуде жатады екен (сыбайлас)
Екі түзу қатар жүріп
Үшіншісін қияды
Сонда шыққан бұрыштарды
Кімдер айтып жияды (айқыш, тұтас, сәйкес)
Қарама –қарсы қабырғалары
Паралель боп қосылған
Оқыңызшы аталуын
Параллель, грамм сөзі қосылған (параллелограм)
Үлкен, кіші сандар арасына
Таңбаларды қойған кезде
Алынады қандай өрнек
Білейікші оны біз де (теңсіздік) Физика пәні бойынша

1. Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
2. Жылдамдықты өзгертеді,
Қоғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қоғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)
3 Көп болса асықпайсың,
Мезетте қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)
4. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньюонға ол келеді. (Күш)
5. Біз, біз, біз едік,
Бірегей жарқын қыз едік.
Тамашада көп болдық-
Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз)
Иформатика
1. Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым
Бірақ тілін шет елдің
Аудара алмай тастадым
Тілді қалай өзгертем
Көмектесші,достарым!
( Shift + Alt )
2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғы жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)
Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелері алғашқы.
Есімдері де өздерінің бір қызық,
Тек қана «F» (эф) әріпінен басталады. (функционалдық пернелер)

8. Қорытынды:

Көңіл бөліп бұл кеште

Қатысушыларға көп рахмет!

Алдыңызда жайнаған жүздер әлі

Сендермен кездесеміз біздер әлі, - дей келе біз танымдық ойынымызды аяқтаймыз.

Ендігі кезекте әділ – қазылар алқасын тыңдайық.

Марапаттау, мадақтау

ID: 6042 | Просмотров: 3009