Басты бет » Ашық сабақтар » Сценарий

Білімді ұстаз, шәкіртке үлгі

Білімді ұстаз, шәкіртке үлгі

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Білімді ұстаз, шәкіртке үлгі

Мақсаты: Жас мамандардың санасына атадан балаға мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді сіңіру – негізгі мақсат.

Бұл сайыс жас мамандардың қабілетін, белсенділігін, еңбекке құлшынысын арттырудағы басты құрал. Біз бұл кешті танымдық ойын арқылы жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздеп, іскерлік ойын ретінде өткіземіз.

1-кезең: «Өткел» Топ басшыларының жарысы (1 минут ішінде 5 сұраққа жауап береді)

«Жалын» тобы

  1. Киіз үй бөлшектерін ата
  2. Наурыз мейрамы қай жылдан бастап тойланады? (1988ж)
  3. Бала тәрбиесіне байланысты қандай салт-дәстүр бар? (шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер)
  4. Алтын адам қай жерде, қай жылы табылды? (1970ж Есік қаласынан)
  5. Жарапазан қай уақытта айтылады? (Рамазан айында, ораза уақытында)

«Жұлдыз» тобы

  1. Ұлттық бас киімдерді ата
  2. Ұлттық ойындарды ата?
  3. Астана Қазақстанның нешінші астанасы? (Төртінші астанасы: Орынбор, Ақмешіт, Алматы,Ақмола)
  4. Елбасының республика халқына арнаған «Қазақстан 2030» жолдауы қай жылы жарияланды? (1997)
  5. Ұлттық саз аспаптарды ата?

2-кезең: «Белес» Әр топқа 2 сұрақтан беріледі ойлануға 1 минут

«Жалын» тобы

  1. «Аужар» сөзінің мағынасы қандай? «Ұзатылған қыздың тойында екі жақ болып кезектесіп айтылатын салт өлең, жыр)
  2. «Отамалы» дегеніміз не? (Отамалы 15-наурызда кіріп, 20-наурызда шығатын амал. Бұл амал жақсылық пен жамандыққа бағыну. «Отамалы от алғанша, Керегенің басынан шот алғанша»)

«Жұлдыз» тобы

  1. «Әбзел» сөзінің мағынасы қандай? (Құрал- сайман, қажетті жабдық)
  2.  Үт дегеніміз не? (Саңылаудан үйге түскен күн сәулесінің тозаңдануы, халқымызда «Үт кірді, үйге құт кірді» деген мәтел бар)

3-кезең: «Бекет»

Топ жанашырларына сұрақ.

  1. Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды? (1992ж 4 маусым, 2006ж 25 қазан)
  2. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Заң қашан қабылданды? (1990ж 25 қазан)

Дұрыс жауаптары үшін топтарға ұпай қосылады

4-кезең: «Асу» (Ұпайы көп топ бастайды. Әр топ 2 сұрақтан алады.

  1. «Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» деген мәтелдегі жиен кім? (Қыздан туған бала жиен деп аталады)
  2. Жеңге кім? (Ағаның әйелі)
  3. Қандай жілік қыз балаға берілмейді? (Кәрі жілік)
  4. Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады? (Сыйлы қонаққа)
  5. «Абысын тату болса, ас көп» деген сөз бар. Сондағы абысын кім? (Ағайынды адамдардың әйелдері)
  6. Наурыз көже қалай жасалады? (Соғымнан қалған сүр, сүт езілген құрт, дән түрлері)
  7. Абайды «Қазақтың бас ақыны» деген кім? (Ахмет Байтұрсынов)
  8. Ш. Уалиханов кім? «Ғалым, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы)

Қорытынды ұпай айтылғанша, музыкалық сәлем орындалады.

5-кезең: «Жерұйық» (Жеңген топ ойнайды, Ойнамай тоқтауға да болады, өз еріктерінде)

      Бұл ойында көмек пайдаланбайды. Мысалы: ұпай жинап дұрыс жауап бере алмаса, Ұпайларының тең жартысы күйеді, ал дұрыс жауап берсе, ұпай саны екі есе көбейеді.

   «Халық пен халықты, ал адам мен адамды теңестірген нәрсе – білім, ал білім берудің басты құралы – ойын» - деген екен М.Әуезов

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Жанова Гүлбаршын Бекесовна

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №2 орта мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Сценарий | Қосты: zhanzhurek88 (21.01.2015) | Автор: Жанова Гүлбаршын Бекесовна W
Көрсетілім: 1309 | Ілмек сөздер: үлгі., Ұстаз, Білімді, шәкіртке | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ашық сабақтар [9146]
Открытые уроки [428]
Ғылыми жобалар [1]
Қазақша ғылыми жобалар, ғылыми жұмыстар жинағы. Тегін жүктеу
Сабақ жоспарлары [122]
орта мерзімді қысқа мерзімді сабақ жоспарлары
Сценарий [49]
қазақша сценарийлер жинағы
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 61
Қонақтар: 61
Тіркелгендер: 0