Сайт учителя начальных классов
.
Шешендік сөздердің жанрлық түрлері.

Шешендік сөздердің жанрлық түрлері.

 

Шешендік сөздердің жанрлық түрлері.

 

Мұғалім :­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­        Махметова Меруерт                                                                                       Күні:   15.10. 2014 жыл

Пәні:         қазақ әдебиеті                                                                                                         Сыныбы:  9

Сабақтың тақырыбы

 Шешендік сөздердің жанрлық түрлері

Сабақтың

танымдық мақсаты

Жанр туралы түсінік ала отырып, түрлерін ажырата білу, өмірде   пайдалана алу

Сілтеме

 

Ұ.Асылов, Т.Жұмажанова, Ғ.Бисенбаев    "Қазақ әдебиеті" 9-сынып "Мектеп" баспасы 2005;

Мұғалімге арналған нұсқаулық;  Үшінші деңгейге арналған ресурстар; 

Дереккөздер мен жабдықтар

интернет материалдары;  "Шешендік шиырлары" кітабы, интербелсенді тақта, стикер, флипчарт, маркер, "Аңыз адам" журналы

 

Күтілетін нәтиже

1. Жанр туралы түсінік алады.

  1. Шешендік сөздердің  түрлерін ажырата біледі.

3. Шешен сөйлеудің стилін меңгереді, өмірде пайдалана алады.

Кезеңдері

Уақыты

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

 

Оқушының іс-әрекеті

 

                   Тапсырмалар

 

 

 

Оқу үшін бағалау және

      оқуды бағалау

                          Мотивациялық кезең   /10  мин/

1 мин

         Ұйымдастыру, амандасу, сынып оқушыларын түгендеу, оқу құралдарының түгел болуын қадағалау, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау.

 

 

 

4 мин

       Психологиялық ахуал.

Топқа бөлу.

«Көбелек» жаттығуы».

-Қандай түсті көбелектерді ұнатасыңдар? (3 түс)

-Ендеше сол үш түсті кезектесіп атайық, сол түсті көбелек боламыз және менің айтқанымды қайталап, қимылын жасаймыз.

-Таңертең көбелек оянды, тартылды,

- Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

-Азғана айналып, барлығына күліп,

-Ақ көбелек ақ гүліне, көк көбелек көк гүліне, сары көбелек сары гүліне қайта оралды,- деп сынып оқушыларын үш топқа бөлу.

Топ ережесін еске түсіру, хормен оқу.

Сынып оқушылары  щеңбер бойына тұрып, "Көбелек" жаттығуын орындайды және көбелектер түсіне сәйкес 3 топқа бөлінеді.

Психологиялық ахуал.

«Көбелек» жаттығуы

 

Қол шапалақтау

5 мин

 

Үй тапсырмасын  "Өрмекші торы" әдісі  арқылы сұрап, өткен тақырыптарға шолу жасаймын. Қолымдағы жіпті бір оқушыға лақтыру арқылы  үй тапсырмасын сұраймын.

Сынып оқушылар шеңбер бойына тұрып жіпті бір- біріне лақтыру арқылы  үй тапсырмасы бойынша сұрақ қояды.

 

"Өрмекші торы"

"Егер мен  би болсам " тақырыбында  бір  ауыз сөзден түйінді ой айту.

 

 

Топтық жұмыс

Мадақтау, ынталандыру, жұлдызша беру.

 

Операц иялық кезең

15 минут

 

 

5 мин

1.Мұғалім:

-Ерте, ерте, ертеде Әдебиет  атты патшалықта Шешендік  деген хан болыпты. Осы ханның үш уәзірі бар екен. Бір уәзірінің есімі – шешендік дау, ал екіншісінің есімі – толғау, ал үшіншісінің есімі- шешендік арнау  екен...

-Балалар, мен не айтып жатырмын?

-Неге олай ойлайсыңдар?

-Ертегінің қай бөлімін айттым?

-Ертегі әрмен қарай не туралы деп ойлайсыңдар?

-Неге олай ойлайсыңдар?

-Бұл ертегіні айту арқылы не айтқым келді?

-Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта немен танысамыз?

-Дұрыс, ендеше жаңа сабағымызды бастаймыз.

2.Слайд арқылы «Инсерт» әдісі.

 

 

Оқушыларға осы ертегіні айту арқылы ашық сұрақтар беремін. Оқушылар жауап береді

 

 

 

 

Білемін

Білгім келеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              «Инсерт» әдісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мадақтау, ынталандыру, жұлдызша беру.

 

5 минут                      

5.«Бірге ойлаймыз» әдісі.    

 Әр топқа

шешендік сөздер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

деп жазылған кесте тастаймын және түрлі шешендік  сөздер жазылған стикерлер беремін  

 

 

 

 

Оқушылар стикерлерді берілген кестеге орналастырады және неге олай орналастырғанын дәлелдеп, қорғайды.

 

 

 

 

 

«Бірге ойлаймыз» әдісі.

 

Мұғалім сұрақтар береді.

-          Нені аңғардың?

-          Не түсіндің?

-          Ереже шығар.

 

 

«Басбармақ» әдісі

Оқушылардың қаншалықты түсінгендерін байқау мақсатында «Басбармақ» әдісін қолдану.

5  минут

Оқушыларға "Ойлан. Бірік. Бөліс" әдісін түсіндіріп,  тапсырмаларды орындауға бағыт- бағдар беремін.

Әр топ берілген тапсырманы бірігіп орындап, кестеге толтырып, келесі топқа жалғастырады. Ал ол топ болса  қосымша толықтырып, келесі топқа ұсынады.

«Ойлан. Бірік. Бөліс » әдісі.

Топтық жұмыс.

1-топ – постер қорғау

2-топ – венн диаграммасы

 /арнау мен толғау/

3-топ – шешендік даудың ерекшеліктері

 

Мадақтау, қол шапалақтау, бірін- бірі мадақтау

 

Рефлексиялық кезең

15 минут

3 мин

Сергіту

Оқушылар сергіту жаттығуын  орындап, денелерін шынықтырады.

Сергіту сәті

 

 

       8 мин

 «Көргенімнен түйгенім»  әдісі.

Интербелсенді тақтадан  тақырыпқа байланысты бейнекөрсетілім  көрсету.

 

 

 

Оқушылар бейнекөрсетілім бойынша   мәтін құрастырады және оқиды.

 

«Көргенімнен түйгенім»  әдісі.

 

Үш топ  критерий бойынша басқа топтың мәтінін бағалайды.

Критерий: 1.  Мәтіннің бейнекөрсетіліммен сәйкестігі;

2. Шешен тілмен жеткізуі;

3. Мәтіннің көлемі.

 

Қол шапалақтау

 

Бағалау бетшесіне топ басшысы басқа топтың мүшелерін критерий арқылы бағалайды

2 мин

Оқушылардың  жұлдызшаларды қаншалықты жинағандарына  қарай бағалаймын.

Оқушылар өздеріне берілген жұлдызшалар санын есептейді.

              "Екі жұлдыз, бір тілек"

 

2 мин

Оқушыларға стикер таратып, бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс қалдыруын  айтамын.

 

Оқушылар сабақ бойынша  пікірлері мен ұсыныстарын  тақтадағы смайликтерге жапсырады

 

«Смайликтер»  әдісімен  кері байланыс

 

    Үй тапсырмасы

5 мин

"Шешендік сөздердің  жанрлық түрлері"  тақырыбында  тұжырымдамалық  карта жасау.

 

 

Сабақтан кейінгі рефлексия

 

Не сәтті өтті?

Неліктен?

 

Не сәтсіз өтті?

Неліктен?

 

Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін

не істеймін?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ID: 6585 | Просмотров: 4103