Сайт учителя начальных классов
.
Вирус және вирусқа қарсы құралдар.

Вирус және вирусқа қарсы құралдар.

Вирус және вирусқа қарсы құралдар.

Сабақтан тақырыбы: Вирус және вирусқа қарсы құралдар
Мақсаты: Оқушылардың қалай оқу керектігін ұйымдастыра отырып вирус және вирусқа қарсы құралдар мен компьютерді қорғаудың басқа құралдарымен вирус іздеудің әртүрлі әдістерін қалыптастыру
Әдіс - тәсілдер: "Шаттық шеңбері", "Миға шабуыл", "Мені түсін", "Шеңбер бойымен әңгіме",
«Құрылымдалған кесте ", “Ақпараттық диктант", "Еркін жазу".
Табыс критерийлері: 1. Вирустың түрлерін біле аламын.
2. Вирусқа қарсы бағдарламаларды орната алады.
3. Файлға түскен вирустарды тазалай аламын.
4. Вирустарды ғаламтордан орната аламын.

Мұғалім іс - әрекеті
Кіріспе (3 мин)
Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.
Орындарынан тұрғызып шеңбер құрғызып, жақсы тілектерін айтқызады.
Оқушылардың назарын сабаққа аударады.
Осы шеңберді бұзбай біз «Вирус және вирусқа қарсы құралдар» тақырыбында не білетіндерін білу мақсатында үй жұмысын сұрайды.

«Шеңбер бойымен әңгімелесу» ойыны. (7 мин)
Ойын шартымен таныстыру. Ортада тұрған мұғалім кез - келген оқушыға нұсқау береді, мәтінді ойдан жаңғырту ойыншы бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді. Жауаптарда жіберілген қателерді дұрыстаймыз. Ең белсенді оқушыны анықтаймыз.

Тұсаукесер (5 мин).
Топқа бөлу.
Сыныпты 3 топқа бөлу. Антивирустың түрлері арқылы топқа бөлу:
1. Касперский.
2. Avast.
3. Eset 32.
«Миға шабуыл» Мәтін бөліктерін ерекшелеу дегенді қалай түсінесіңдер?

Негізгі бөлім (15мин)
Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз
« Вирус және вирусқа қарсы құралдар»
«Мені түсін» ойыны
Шарты: Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жауып, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін 10 шақты сөз жазуларын талап етеді.
Қарсылас топтардың түйін сөздерімен салыстырып бір - бірін оқытады. Кімнің осы түп нұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса сол оқушыға қошемет көрсетеді.
Содан соң жеке дербес компьютерге отырады.
Компьютерде тапсырмалар орындау.

ID: 8324 | Просмотров: 2431