Сайт учителя начальных классов
.
Сын есім

Сын есім

Сын есім

Қазақ  тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар    «Атамұра» баспасы

Сабақ -1

Пәні:

Қазақ  тілі

2 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Сын есім

Мақсат:

Сын есім дегеніміз не екенін  анықтау.  Сын есімдерді табу, мәтінді талдауды, тапсырмалар арқылы өздігінен ой қосуды үйренеді.

Міндеттері:

  1. Мәтіннен сын есімді табу
  2. Зат есімдерге  бірнеше сын есім жалғап, сөйлемдер құру.
  3. Топта жұмыс жасауға дағдыландыру

Сілтеме:

Қазақ тілі оқулығы. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 41, 78, 104 беттер.

Электронды оқулық, интернеттен суреттер

Күтілетін нәтижелері:

1. Мәтіннен сын есімді таба алады.

2. Зат есімге бірнеше сын есім жалғай алады.

3. Топта жұмыс жасауға дағдыланады.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта,  электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Әдіс тәсілдер:

«Ыстық орындық» тәсілі, топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: электронды оқулық. СТО:«Блум таксономиясы»

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған мәліметтер.


Тапсырмалар

Тапсырма түрлері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті

Тапсырмалар жүйесі

 Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Сыныпты төрт  топқа бөлу. Гүлдердің  суреттері  арқылы топқа бөлу.  Топ басшыны тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

 

 

1)Білу.

Үй тапсырмасын сұрау.

«Ыстық орындық» тәсілі аясында оқушылар бір - біріне сұрақ қою арқылы тақырыпты жан - жақты қарастырып, сыни тұрғыдан ойланып жауап береді.

Бір біріне сұрақ қояды.

 

Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.

Электрондық оқулықтан сын есім туралы тыңдап, тапсырмаларын орындайды.

Қайталау, еске түсіру.

Мына суреттерде  не көрсетілген? Осы заттарды сипаттап  айтып беріңдер.

Оқушыларға көрсетілген суреттерден  не көргендерін айтады.

Оқушылар топтастыру арқылы заттарды  береді.

Өзіндік жұмыс. Тапсырмамен танысу, ойлану.

2) Түсіну.

Жұптық жұмыс

412-жаттығу. Әр  топқа  мәтін беріледі. Оқулықпен жұмыс.

Балалар тізбектей оқиды.

Мәтіннен сын есімді табады.

 

Түртіп алу.Дәптерге жазып алу.

 

Дәптермен жұмыс істейді. Толықтырады.

 

Сергіту жаттығуы.

 

3) Қолдану

413-жаттығу. Топтастыру (кластер) Бір  зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып топтастыру.

көше,  көл,  жылқы  ,  кесе

(Кері байланыс орнату.)

Топтастырып жазады.

Постер топтастыру  арқылы зат есіммен сын есімнің байланысын  түсіреді.

Топпен жұмыс. Зерделей отырып өз ойларын постерге түсіреді.

Бірінің білімін бірі толықтырады.

 

4) Талдау.

Топпен жұмыс «Сипатта сырын  аш» ойыны

414-жаттығу. Әр топқа бір-бір зат беріледі сол затты жан- жақты сипаттап жазады.

(Кері байланыс орнату.)

Оқушылар өз ойларын ой талқыға салады.

 

Зерттеушілік  әңгіме жүреді.

 

5) Жинақтау.

Сөздер

Зат  есім

Етістік

Сын  есім

Келді

 

 

 

Жақсы

 

 

 

Парта

 

 

 

домалақ

 

 

 

Жаңа

 

 

 

Семантикалық картаны толтыру.

 

Өз бетімен жұмысты орындайды.

 

 

 

 

Алған білімдерін толықтырып отырады

 

 

 

 

6) Бағалау.

415-жаттығу. Ребустың  шешіміндегі сөз неліктен сын есімге жататынын дәлелдеу.

(Кері байланыс орнату.)

Балалар жауаптарын айтады.

 

Өзара пікір туады.

 

Иә немесе жоқ жауаптары айтылады.

.

Өзара талдайды.

 

 

 

 

Бағалау

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

ОҮБ. Табыс критерийлері бойынша  алдын ала құрылған бағалау шкаласымен топ басшылары бағалайды.

 

Аты

жөні

 

 

 

 

Балл

Баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы:

416-жаттығу. «Ат жарысы» тақырыбына эссе жазу.

 

Критерий:

1.         20 сөзден кем болмау

2.         Мағыналы болу

3.         Сын есімдер қолдану.

 

 

Рефлексиялық кезең.

Сабақтан алған әсерлерін күлегештерге белгілейді.

 

 

 

 

ID: 6706 | Просмотров: 4128