Сайт учителя начальных классов
.
Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру

Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру

Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру

Сабақ жоспары

Күні: 09-10.01.2015 жыл

Сыныбы:  7 А, Ә, Б, В,

Пәні:  Физика

Сабақтың тақырыбы:

Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылар үйкеліс, оның пайдасы мен зиянын, түрлерін, үйкеліс күшін, техникадағы үйкеліс әрекеттері туралы мағлұмат беру.
  • Оқушылардың өз бетімен білім алуына жағдай жасап, таным белсенділігін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашу.
  • Оқушылар пәнге деген қызығушылықтарын топпен жұмыс жасау арқылы ояту.
  • Оқушылар топта жұмыс жасау арқылы бірін-бірі сыйлауға, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге тәрбиеленеді.
  • Сыни ойлауы дамиды.

Негізгі  идеялар:

Оқушыларға үйкелістің пайда болу себептері мен оны жою және үйкелістің пайдасы мен зиянын біледі.

Денелердің жанасқан жерінде туындайтын және олардың салыстырмалы қозғалысына кедергі жасайтын әрекетті үйкеліс, ал осы әрекетті сипаттайтын күшті үйкеліс күші деп атайды.

Үйкеліс сырғанау, домалау және тыныштық үйкелісі болып бөлінеді.

Үйкелістің пайда болу себептері: жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы, молекулаларының өзара тартылысы. Үйкелісті азайту үшін үйкелетін беттерді өңдейді, майлайды.

Үйкеліс жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына, олардың өңделу сапасына және бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді болады.

Дененің өзі жанасатын бетке түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды.   N=mg.

Үйкеліс күшінің модулі қысым күшінің модуліне пропорционал. Fүйк = µN.  Үйкеліс күшінің өлшем бірлігі 1 Н.

Күтілетін нәтиже:

  • Үйкеліс және тоның түрлерін, үйкелістің пайдасы мен зиянын, үйкеліс күші туралы мағлұмат алады.
  • Үйкелістің күнделікті өмірде қалай қолдануға үйренеді
  • Топта бағалай алатын болады
  • Сыни ойлауы дамиды

Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Ресурстар, көрнекі құрал жабдықтар

2 мин

Сабақ барысы:

1.Оқушылармен сәлемдесу

2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

3. Түгелдеу

4. Топқа бөлу (дененің салмағы, ауырлық күші және серпімділік күші)

 

1.Оқушылар берілген күштердің түрлеріне қарай топтарға бірлеседі.

Салмақ, ауырлық күші және серпімділік күші формулалары жазылған таратпалар

9  мин

2. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Дененің салмағы дегеніміз не?

2. Денеге әрекет ететін ауырлық күші мен оның массасының арасындағы қатынасты түсіндір.

3. Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады? Сендер салмақсыздық күйін кешірдіңдер ме?

4. Күштің түрлерін ата және оған анықтама бер.

5. Деформацияға мысал келтір.

6. Адам баласының  өмірі үшін күш және оның түрлерінің маңызы қаншама?

2. Оқушылар мұғалімнің берген сұрақтарына жауап береді.

 

5 мин

3.Тапсырма

Жаңа сабаққа ой қозғау.”Үйкеліс” ұғымы

2. Оқушылар “Үйкеліс” туралы не білетіндері жайлы айтады.

 

15 мин

4.Тапсырма

Ролдерге бөлініп, «Жигсо» әдісі арқылы оқулықтағы «Үйкеліс, үйкеліс күші және техникада үйкеліс әрекетін ескеру» тақырыптарын  3 ге бөліп береді.

Оқушылар 5 ролді: лидер, баяндамашы. Хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтайды.

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бағалау парағын жүргізеді.

Әр оқушы өзіне жүктелген ролдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Оқулық

10 мин

5. Тапсырма

Жеке жұмыс. Есептер шығару. 14-жаттығу. №2

Жалпы массасы 1 т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффиценті 0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?

№3. Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффиценті µ=0,3

Оқушылар мұғалімнің берген есептерін  орындап, жұпта бір-бірін критерий қою арқылы бағалайды.

Дәптер, қалам

Критерий:

1.Тапсырмалардың толықтығы

2. Есептің берілгенінің дұрыс құрылуы

3. Нәтиженің дұрыстығы.

3 мин

6.Тапсырма

Кері байланыс

Не үйрендім, не қиын болды, сұрақ

Ақ парақ, қалам

1 мин

Үй тапсырмасы

 

Оқулықтан «Үйкеліс күші» тақырыбын оқу. 120 беттегі 14 жаттығудың 4 және 5 есептері

Қосымша материалдардан «үйкеліс және оны техникада әсерін ескеру» тақырыбында іздену

Оқулық, интернет, дидактикалық материалдар

 

ID: 8500 | Просмотров: 3885