Сайт учителя начальных классов
.
Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығару

Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығару

Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығару

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,

Көкпекті ЖББОМ-нің математика пәнінің мұғалімі

 Аширбекова Карлыга Айтмуханбетовна

ІІІ - деңгей)

қысқа мерзімдік сабақ жоспары

Пәні: математика

Кабинеті – 12

Сыныбы: 5 «А» сынып

Мерзімі:  

Уақыты: 1000-1045

Тақырыбы: Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығару

 Мақсаты:  Есепті теңдеу құру арқылы шығару жайлы оқушылардың білімдерін жүйелеу және өз   бетінше жұмыс істеуге жағдай жасау. Міндеттері:

- Мәтінді есепті шығарудағы құрылған  алгоритмін  іс-тәжірибеде дұрыс қолдану;

- Формулалары мен ережелерін өмірде, математикалық есептеулерде, практикалық іс-әрекеттерде қолдана білу ;

 - Логикалық ойлау қабілеттерін, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдылығы мен ой ұшқырлығын қалаптастыру; 

- Есеп шешімін іздеу арқылы қиыншылықты жеңуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

- Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту;

Қолданылған модульдер:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
  4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
  5. Талантты және дарынды балалрды оқыту.
  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
  7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Әдіс-тәсілдері: Блум таксономиясы, Диалогтік оқыту әдісі,  « ДЖИГСО», «Асқар шың», «Ойлан – топтас - талқыла» ,  «9 ромб», «Көзге көрінетін айғақ» , «Зерттеушілік есеп» , «Смайликтер», «Бағдар шам».

Сабақ жоспары:

Бөлімі

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Бағалау

Нәтиже

Кіріспе

Сыныпқа кіру

 

Амандасу, түгендеу.

Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру.

Сергіту сәті:

Оң қолым алға, сол қолым алға,

Оң аяғым алға, сол аяғым алға.

Біз  билиміз  ча-ча-ча,

Бізде бәрі тамаша!

Мозайка қиындылары арқылы топқа бөледі.

Үй тапсырмасын тексереді.

Топ спикеріне бағалау парағы таратылады, оқушы белсенділігін арттыру,алдағы жұмыстың алгоритімін түсіндіру.

Амандасады. Топқа бөлінеді.

Әр топ жетекшісі  сайланады 1.Дәптерге күнді жазады.

Мозайка қиындылары, бағалау критерийі

Мадақтау сөздері: жақсы, өте жақсы.

Топтасады

 

Тұсаукесер

3 минут

Білу, тану

1-2 ұпай

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстырады. (слайд көрсету)

 Бақылау сұрақтары: Диалогтік оқыту әдісін қолдану.

Сұра; қою.

1.Математикалық өрнек нешеге бөлінеді?

2.Санды өрнектер дегеніміз?

3.Әріпті өрнектер дегеніміз?

4.Қандай теңдік теңдеу деп аталады?

5.Теңдеуді шешу дегеніміз не?

6.Теңдеудің түбірі деп нені айтамыз?

7.Күрделі теңдеу деп қандай теңдеуді айтамыз?

8Теңдеуді шешу алгоритмін айтыңдар.

Оқушылар өткен білімдерін естеріне түсіреді.

Жауабы:

1. Санды өрнек. Әріпті өрнек.

2.Амалдар таңбаларынан, жақшалардан және сандардан ғана құрастырылған жазу санды өрнек деп аталады.

3. Құрамында әріптері бар өрнек әріпті өрнек деп аталады.

4.Құрамында әріппен белгіленген белгісіз сны бар теңдікті теңдеу деп айтамыз;

  1. Теңдеуді шешу дегеніміз оның барлық түбірлерін табу немесе оның бірде-бір түбірі болмайтынына көз жеткізу;

6.Теңдеудің түбірі деп әріптің теңдеуі тура санды теңдікке айналдыратын мәнін айтамыз; 7.Құрамында 2 немесе үш айнымалысы бар теңдікті күрделі теңдеу деп айтамыз; 8.Шрартын құру; Шартына байланысты теңдеу құру; Құрылған теңдеуді шығару; Белгісіз айнымалыны табу; Табылған мәнді айнымалының орнына қою арқылытексеру; Жауабын жазу;

Оқулық, Интербелсенді тақта, диалогтік талдау.

Топ басшысы топтағы оқушылар іс әрекетін бағалайды .

 

Мадақтау сөздері: жақсы, өте жақсы, дұрыс,

Құрдастарының критерийалды бағалауы.

Тығырықтан шығатын жол іздейді, шешім қабылдайды, ақпаратты түсінеді, танымдық белсенділігі артады.

Қызығушылығы оянады;

Ізденімпаздығы артады;

Өзін-өзін реттей алады;

Негізгі бөлім

15 минут

Жаңа сабақ

Түсіну 3-4 ұпай

 

3 түрлі есеп таратылады

1) Волейбол ойнауға бірнеше қыз және 11 ұл бала шықты. Олар 2 командаға тең бөлінгенде командалардың әрқайсысында 9 ойыншыдан болды. Волейбол ойнауға неше қыз қатысты?

2) Тік төртбұрыштың ұзындығы енінен 3 есе ұзын. Периметрі 56 см. Тік төртбұрыштың ұзындығы неше сантиметр?

3) №1, №2, №3, №4 шаршылар  кескінделген. №1 шаршының периметрі 20 см. №2 шаршының периметрі 12 см.

№3 шаршының периметрін табыңдар;

№4 шаршының ауданын табыңдар.

Топтарды қайтадан жасақтау.

Есепті өздігінен шығарады, топта талқылайды, оқушылар алған білімдерімен бөлісуге өз үйлеріне оралады.

 

Есептер жазылған таратпа қағаздары,

топ басшысы топтағы оқушылар іс әрекетін бағалайды .

Мадақтау сөздері: жақсы, өте жақсы, дұрыс,

Құрдастарының критерийалды бағалауы.

Ойлау қабілеті артады;

Өздігінен білім алуды үйренеді. Шешім шығара алады, қиындықтан шығатын жол таба алады.

2 минут

Сергіту сәті

Интербелсенді тақтада «қара жорға» әні

Бойларын сергітеді

Интербелсенді тақта

Өте жақсы

Бойлары сергіп, сабаққа деген ынталары артады.

5 минут

Қолдану 5-6 ұпай

«Асқар шың»

  1. Бұрыштың неше түрі бар және оны атап бер
  2. Нәрселерді санағанда қолданылатын сан.
  3. Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш.
  4. Көппбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы...
  5. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі ...
  6. Бір нүктеден шыққан түзу ...
  7. Кірпіштің салмағы бір килограмм және жарты кірпіштің салмағына тең. Кірпіштің салмағы қанша?
  8.  Қандай сандарды жұп сандар дейміз?
  9. Қандай сандарды жұп сандар дейміз?
  10. Сынып оқушылар екі-екіден жұптасып сап түзеп келеді.

Оқушылардың бірі алдына қарап 9 жұп санады. Артына қарап, 5 жұп санады. Барлығы сапта қанша оқушы?

Сұрақтарға жауап береді.

  1. 4 (тік, сүйір, доғал, жазыңқы)
  2. Натурал
  3. Квадрат
  4. Периметр
  5. Кесінді
  6. Сәуле
  7. 1, 5 кг
  8. 2-ге бөлінетін сандарды (2,4,6,8)
  9. 2-ге бөлінбейтін сандарды (1,3,5,7,9)
  10. 30 оқушы

 

Интер белсенді тақта.

Топ басшысы топтағы оқушылар іс әрекетін бағалайды .

 

Мадақтау сөздері: жақсы, өте жақсы, дұрыс,

Құрдас тарының критерийалды бағалауы.

Алған білімін нақтылайды. Өзін-өзі бағалайды.

7 минут

Талдау

Ұпай3-4

9 ромб (қарапайымнан күрделіге әдісі)

 (әр топқа есептер таратады)

Әр топ берілген тапсырмаларды ретімен орындайды және қорғайды.

(А,В,С деңгейіне 9 теңдеу)

1.Самал, Арман және Дархан үшеуі 152 марка жинады. Самалдың жинаған маркаларынан Арманның жинаған маркалары 3 есе артық, ал Дарханның жинаған маркалары 4 есе артық. Самал неше марка жинады. Дархан неше марка жинады?

2.Баласының жасы әкесінің жасынан 5 есе, ал атасының жасынан 9 есе кіші. Үшеуінің жастарының қосындысы 105-ке тең. Баласы неше жаста?

3.Нұразат пен Айгүл 15 дәптер сатып алды. Айгүл 10 дәптер сатып алса, Нұразат неше дәптер алды?

Постер, есеп жазылған қиындылар, желім.

Мадақтау сөздері: жақсы, өте жақсы, дұрыс,

Құрдастарының критерийалды бағалауы.

Қызығушылығы артады. Ойын қорытады. Когнитивті дамуы қалыптасады. Шығарма шылықпен жұмыс істейді.

5 минут

Жинақтау 5-6 ұпай.

  «Көзге көрінетін айғақ»  (есепке қатысты сурет).

Интербелсенді тақтада көрсету

Берілген тапсырма бойынша есептің мәтінін құрады, шығарады

Интер белсенді тақта, постер

 

Мадақтау сөздері: жақсы, өте жақсы, дұрыс,

Құрдастарының критерийалды бағалауы.

Ойын жинақтайды, шығармашылық қабілеті артады, таланты, дарыны артады.

Қорытынды

Бағалау

3 минут

Рефлексия

Ұпай саны арқылы бағалау

10-18 ұпай - “3”
19–20 ұпай – “4”
21–22 ұпай – “5”

Түсінгенін білу үшін  қолданамыз. Мысалы:

Қызылтүс – түсінген жоқпын;

Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар;

Жасылтүс – барлығытүсінікті.

 

 Таратылған түстер арқылы сабақты қаншалықты түсінгендерін білдіру

«Бағ даршам түстері»

Бағалау парағы

Құрда старының критерийалды бағалауы бойынша қорытынды

Өзін-өзі бағалайды. Оқыту үшін бағалау.

Үйге тапсырма

1 минут

 

Үйге тапсырма береді, түсіндіреді.

Күнделіктеріне жазып алады.

 

 

 

Табыс критерийі

Аты

Білу

(Үй тапсырмасы, бақылау сұрағы)

Түсіну

(есеп шығару)

Қолдану

«Кім көп біледі?»

Талдау

9 ромб

Жинақтау

есепке қатысты сурет

      Бағалау                   

Қорытытынды  баға

ID: 5952 | Просмотров: 5899