Шығармашылық жоба бойынша ағаштан оқтау жасау

Шығармашылық жоба бойынша ағаштан оқтау жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетіп, жұмысты шығармашылықпен орындауға үйрету.
Дамытушылық:
Оқушыларды еңбекке икемдей отырып, іскерлік шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік:
Заман талабына сай еңбектене отырып бұйым жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, технологиялық карта, қоржын асық.
Құрал-жабдықтар:ара, сүргі, сызғыш,қарындаш,егеу, штанген, циркуль.
Пәнаралық байланыс:сызу, математика, тарих.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: ойын, тірек-сызба. тест, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.
3.Жаңа сабақ
4.Технологиялық кезең
5.Аяқтау кезеңі
6.Дайындаманы жасап шығып, жарнамалау.
7.Жобаны қорғау
8.Үйге тапсырма
І Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушыларды журналмен тексеру, сабаққа дайындығын байқау.
ІІ.Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.
а. «Ғажайып қоржын» ойыны (қоржындағы асықтар нөміріне сәйкес сұрақтарға жауап беру).
1.Ағаштың қандай қасиеттері болады?Әр қайсысына жеке тоқталу.
2.Ағаш өңдейтін станоктің маркасы.Басты негізгі 6 сәйкерін атау.
СТД-120м 1 эл.двигалдың алдыңғы қыспақ , 3 артқы қыспақ «қол тірегіш» станина
3.Кебеже не үшін қолданылады.Кебеже-азық-түлік салу үшін қолданылады.
4.Ежелгі қазақ шеберлері өз бұйымдарын немен әрлегенСолтүстік шығыс, орталық (сүйекпен)
Сырдарияның төменгі сағ-ы қазба жұмыстарда табылған.
ә. Тест бойынша сұрау.Оқушыларға тест таратып 2-3 минут аралығында белгілеу арқылы жазып алынды
б.Ғажайып алаңдағы сұрақтарға жауап
1.Жанғұтты би атындағы мешіт өнердің қай түріне жатады?(Сәулет)
2.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздікті қай жылы, қай уақытта алды?
3.Жетпіс екі найзаны біріктіріп ұстап тұр (Шаңырақ)
4.Қымыз (ашытатын) құятын ыдыс (күбі)
5.Көшеде досың екеуің сабақтан кетіп бара жатқанда электр сымдар үзіліп от шашып жатса не істер едіңдер?
ІІІ.Жаңа сабақ
а. Дайындық кезеңі
Технология сабағында ағаш сүргелеуді шегелеуді үйрендік.Енді біз бұйым жасауға қажетті ағаш түрлерін өзіміз тауып әкеп, мұқият жасап құйып қойып сатуға әрекеттенеміз.
Егер дұрыс жасап, ұқыптылық, үнемділік қағидаларын дұрыс сақтасақ табыс табуға,болады.Қазіргі базар бағасының өсуі адамдарды екі түрлі жағдайға бейімдейді.Оның бірі сатушы, екіншісі алушы.Екеуінде де екі түрлі мақсат, сендер қалай ойлайсыңдар, ол қандай мақсат?
Сатып алушы өзіне (өнімін) қажетті өнімді қайткенде арзанға алу, ал сатушы өз өнімін қымбатқа сату.
-Ал балалар, біздің шеберханаға мұғалім апайларыңнан, ауыл тұрғындарынан оқтау жасап сатуға сұраныс барын білесіңдер.Осы сұраныс бойынша бүгін біз сендермен бірге оқтау жасаймыз.Оқтауды жасамас бұрын жобаны таңдап негіздеп аламыз.
Қазіргі кезде үй тұрмысына қажетті бұйымдарды жасап сатушы жоқтың қасы, бар болса қымбат жасалуы жағынан тұтынушыны қанағаттандырмайды.Сондықтан жасайтын оқтауымыз сұраныс талабына сай, ыңғайлы болуы керек.Мақсат анықталды.Жобаны негіздер үшін зерттеу жүргіземіз.
ІV.Технологиялық кезең
1.Оқушыларға кезекшілер жұмыстарына тиісті құрал-жабдықтар, арнаулы киімдерін таратқаннан кейін, өздері таңдап алған оқтаудың нұсқау картасы бойынша жұмысқа кіріседі.
2.Жұмыс кезінде жұмыс басталмас бұрын оқушыларға техника қауіпсіздік ережесін үнемі ескертіп, қадағалап отырамын.
V.Аяқтау кезеңі.Оқушыларға жұмыс кезіндегі нәтижелерін ескере отырып жұмысты аяқтаймыз.
VI.Үлгіні шығару, жарнамалау.
1.Оқтаудың оң жақ бөлігіне
-өнімнің аты
-Бағасы жазылған жарнамалық сөздікті жапсырып тұтынушыларға таныстыру.
VII.Жобаны қорғау.Осы жоба бойынша жұмыс істеген оқушылардың еңбектерін қорғай отырып бағалап шығамын.
Үйге тапсырма.
1.Жұмыс орнын жинау
2.Оқтауды халыққа жарнамалау
3.Оқтауға кеткен шығынды үйден есептеп аяқтау.

Автор: Қантарбеков Қазкен

Қарағанды облысы,Шет ауданы,«Ы.Алтынсарин атындағы мектеп – гимназиясы"

18
Декабрь
0
2054
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.