Ағашты жұмырлап ою тәсілдері

Ағашты жұмырлап ою тәсілдері

Сабақтың тақырыбы: Ағашты жұмырлап ою тәсілдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: .Ағаш ою тәсілдерін үйрену және өңдеуге арналған құрал -жабдықтарды пайдалану икемділіктерін бекіту, алған білімдерін нығайту.

Тәрбиелік: .оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру, шеберлікке шыңдау.

Дамытушылық: теориялық білімдерін практикада қолдану іскерлігін дамыту

Сабақтың түрі :панорамалық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, репродуктивтік талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: ағаштан жасалған бұйымдар, технологиялық карта

Пән аралық байланыс: география, қазақ әдебиеті, сызу.

Оқыту технологиясы: дамыта оқыту

Стратегиясы:қызығушылықты ояту, ой қозғау, кубизм, ой- толғаныс, еркін жазу
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру бөлімі (қызығушылығын ояту )
Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлу.
Әр топ бірігіп жағалай отырады.
Сабақтың мақсаты хабарланады.
ІІ. «Ой қозғау ». «Оймашы », «Үйші», «Балташы» деген кеспе қағаздарды үш топ бөліп алып, ақылдасып болғаннан кейін осы сөздердің мағынасын ашып ,бұл кәсіп иелерінің жасайтын жұмыстары туралы айтады.
ІІІ. «Кубизм» стратегиясын пайдаланып, ағаш өңдеу тақырыбы бойынша білімді қайталау сұрақтарын беру.
1.Салыстырыңыз.Ағашты бедерлеп ою және жұмырлап ою тәсілдерін салыстыр.
2.Зерттеңіз. Қазақстан өнірінде бұйым жасауға қандай ағаш пайдаланылады.
3.Суреттеңіз. Шаңырақты суреттеу.
4.Қолданыңыз. Мына алдымызда жатқан құралдар шеберлік жұмысында қандай мақсатта және қалай қолданылады.(балта, ара , сүргі, қашаулар)
5.Ой толғаңыз. Киіз үйдің кереге, үықтарын баусыз бекітуге бола ма?
Осы туралы өз пікіріңізді айтыңыз.
6.Ой түрткі. Ағаштар туралы жұмбақтар шешу.
ІV. « Еркін жазу»
Дәптермен жұмыс . Біздің өңірде өсетін ағаштардың атын дәптерге жазу.
V. Сарамандық жұмыс.
1.Мұрындық түйенің немесе өгіздің мұрнына тесіп өткізетін ұзындығы қарыс немесе сынық сүйем шамасында істік ағаш .Қазақта мұрындықты тобылғыдан немесе жыңғылдан жасайды.
Түйенің мұрнын 2 жасқа келгенде күзде тесіп өткізіп, бас білдіреді. Бұл жаста түйені қанды мұрын деп атайды.
2.Қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
3.Технологиялық карта бойынша мұрындық жасау.

VІ. Бағалау.

Үйге тапсырма. Жергілікті жердегі шеберлер туралы мәліметтер жинақтау.

Шеберхананы жинастыру.

Автор: Сапаров Бөлтірік Жалғасұлы

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №2 мектеп - гимназия

18
Декабрь
0
1956
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.