Сайт учителя начальных классов
.
Қыпшақ хандығы

Қыпшақ хандығы

Қыпшақ хандығы

   Сабақтың тақырыбы:   Қыпшақ хандығы

Сабақтың мақсатыҚыпшақ хандығы туралы алған білімдерін еске түсіре отырып, жаңа мәліметтермен білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Тарих фактілерге сүйене отырып оқушының көзқарасын қалыптастыру, дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Карта, тірек-сызба, интерактивті тақта
Түрі: Бекіту, жаңа білім игеру.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру: 1. Оқушылармен амандасу.
    2. Оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу.
    II. Үй тапсырмасын тексеру:
     Сыныпты оқушыларын үш топқа бөлеміз.\

 Топтың аттары :          Ұлы жүз           Орта жүз            Кіші жүз

                       Әр топқа тапсырмал

Бірінші тапсырма:

І топ Ұлы жүз –Қарақытайлардың этникалық құрамы және олардың Жетісу жеріне келу себептері

ІІ топ- Орта жүз – Қарақытай мемлекетінің қоғамдық-  саяси  құрылысы .

ІІІ топ- Кіші жүз –Қарақытай мемлекетінің алым- салық жүйесі және сыртқы жағдайы.

Екінші тапсырма:  Жұмыс дәптері бойынша тексеру.Тарихи күнтізбені толтыру.

Үй тапсырмасын қорыту:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Сабақтың тақырыбы: Қыпшақ хандығы

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі: Балалар! Біз жаңа сабақтан не білгіміз келеді? Қанекей, ойларымызды ортаға салайық
Сабақ жоспарын бірге айқындап алайық:
1. Қыпшақтардың қоныстанған, мекендеген жерлері
2. Қыпшақтардың этникалық құрамы
3. Қоғамдық құрылысы
4. Саяси жағдайы
5. Шаруашылығы.

Ой шақыру.
1. Қыпшақ хандығы қай уақыттарда өмір сүрді?
2. Орыс жылнамаларында қыпшақтарды қалай атады? Половецтер
3. «Құндар», «Командар» деп қыпшақтарды кімдер атады? Венгрлер 
4. Қыпшақтардың басқару жүйесі?
5. Картадан Қыпшақ хандығын көрсет.

Орда: 
1. Оң қанат – Сарайшық
2. сол қанат- сығанақ

ХІІІ ғасырда Қазақстан жеріне келген саяхатшылар

1. ХІІ ғасырда қыпшақ жерін басып өткен еврей саяхатшысы Петахья өз жазбаларында... (Қыпшақтардың тары мен күріш өсіретіндігін жазған)
2. Қыпшақ хандығында құлдықтың болғандығын қыпшақ тілінде «Яланкуг» деп құлды атағанын жазған кім? (М.Кашқари)
3. Шөлдеп келе жатқанда сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін оны айран деп атайтындығын жазған? (В.Рубрук)
4. Ол малдың көптігіне таңқалғаны соншалықты мұндай мал ешбір елде жоқ деп жазған (Иби Баттута)

  Шарушылығы: тары,арпа,күріш,т.б өсірген.
 Көлік ретінде ат арба ,Түйе арбасын қолданған.

 Жағдайы.

ХІ ғасырдан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерлерінің барлығына қыпшақтар ие болды.

  • Х ғасырдың аяғы - ХІ ғасырдың басында Оғыз хандығының жағдайы нашарлай бастады.Бұл жағдайды Қыпшақтар дер кезінде пайдаланып, оғыздарға солтүстік және солтүстік шығысынан басып кіреді.Қыпшақтар Хорезім шахы елімен қатынасты жақсартуға тырысады.ХІІІ ғасырдың басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен Қыпшақ хандығының арасында  бірнеше шайқастар болады.Бұл шайқаста қыпшақтар өз ішіндегі алаусыздықтың кесірінен жеңіліп, солтүстікке қарай шегінеді.

Жаңа сабақты бекіту:       Сөз жұмбақ

1.Қыпшақтардың саяси орталығы болған қала.2.Қыпшақтардың ел бөрілі тайпасы  табынған аң. 3.Қыпшақтар турулы жазған еуропалық ғалым. 4.Орта ғасырдағы түрік ғалымы. 5.ХІ-ХІІІ ғасырлардағы  Еділ өзені мен Алтай  тауы аралығындағы мемлекет бірлестігі.6.Қыпшақтардың этникалық құрамындағы тайпа.

Жаңа сабақты қорытындылау:
«Мен бүгінгі сабақта еске түсірдім, меңгердім» оқушы өз ойын айтады.
Үйге тапсырма:
«Қыпшақ» сөзінің мағынасын білу. 
Оқушыларды бағалау.

ID: 6594 | Просмотров: 3170