Сайт учителя начальных классов
.
Ғылым мен білімнің дамуы

Ғылым мен білімнің дамуы

Ғылым мен білімнің дамуы

Пән : Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:    Ғылым мен білімнің дамуы

Мақсаты:

1.Х-ХІІ ғасырлардағы ғылым мен білімнің дамуы,ғалымдардың өмірі,еңбектері мен танысу.

2. Оқушылардың өз бетінше іздену,сөйлеу, тарихи-ғылыми еңбектерді талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
3.Қазақ халықына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге, олардан тәлім-тағылым, білім алуға, өз Отанына қатысты деректерді ізденуге, тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу

 

Сабақ типі:           Жаңа сабақ

Өтілу әдісі:            Топпен

Көрнекіліктер :      Слаид,карта, ғұламалардың суреттері

Пәнаралық байланыс:   әдебиет,география

Барысы:  І.Ұйымдастыру.Түстер арқылы сыныпты үш топқа бөлу

ІІ. Ұй тапсырмасын жан-жақты тексеру

1.Адамдардың шығу тегін  белгілі бір аңмен байланыстыратын наным-сенім?

2.Атлах шайқасы болған жыл?

3.Ташнау дегеніміз не?

 4.Түркілердің ислам дініне дейінгі ұстанған діні ?

5.Ислам дінін ұстанатындардың мінәжат орны ?

6.Ислам діні қай жылы Қарахан мемлекетінде  мемлекеттік дін деп жарияланды?

ІІІ.Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушылардың ынтасын, ойын сабаққа бейімдеу мақсатында сұрақтар қою:

1.Ғылым дегеніміз не?

ІУ.Жаңа сабақ:

Жаңа сөздер-энциклопедист, трактат, ЮНЕСКО
Х ғасырдан бастап  Оңтүстік Қазақстанда  ислам діні дами бастады.

Сайрам,Түркістан,Отырар қалаларында медреселер ашылды.

1-тапсырма

Мәтінмен жұмыс :

1-топ. « Ғалымдар»-  Әбу Насыр әл-Фараби,Әбу Райхан әл-Бируни

2-топ .  «Тілшілер»-   Махмуд Қашғари,Жүсіп Баласағұни

«Сөздіктің» табылып, баспа бетін көруінің өзі қызықты жайларға толы. Анығын айтқанда, ғылыми деректерге сүйенер болсақ, «Сөздіктің» түпнұсқасы жоғалғанға ұқсайды. Тек қана Абулфатх деген азаматтың

1266 жылы жасаған көшірмесі 1915 жылы Стамбұл базарында (онда да ескі заттарды сатушының арбасынан) табылған көрінеді. Ол көшірме қазір аталған қаладағы Фатх кітапханасында сақтаулы тұр. 
«Сөздік» алғаш 1915-1917-жылдары Стамбұлдағы Ахмет Рифат баспасынан үш томдық кітап болып жарияланған екен. 
Содан кейін кітап Лейпциг қаласында, белгілі шығыстанушы Броккельманның аударуымен, неміс тілінде жарық көрді

2008 жыл ЮНЕСКО шешімімен Махмұт  Қашқари жылы болып жарияланды
3-топ.  « Әдебиетшілер»-  - Ахмет Йүгнеки,Қожа Ахмет Йассауи

Қожа Ахмед Йассауи  кесенесі Түркістан қаласында.Кесене  Әмір Темірдің бұйрығымен салынған.

1993 жыл ЮНЕСКО шешімімен Иассауи жылы болып жарияланды. 

2-тапсырма

1-топ      Картамен жұмыс .Ғұламалар тұған қалаларды картадан көрсету және кескін картаға түсіру ./Фараб,Қашғар,Йасы,Баласағұн,Сайрам

2-топ       Тіл туралы  мақал- мәтелдер

3-топ       Қожа Ахмет Йассауи туралы аңыз әңгімелер айту

 

Қорытынды:

Қазақ халқынан шыққан ғалымдарды білеміз бе?

 

Бұл кімнің сөзі?

«Білімді болу деген сөз –белгісіз нәрсені ашу  қабілетіне ие болу...

Білімді адам көп нәрсені біледі,қабілеті,дарыны арқылы белгісіз нәрселерді ашады...»-Әбу Насыр әл-Фараби

«Арабша,тәжікше кітаптар көп.Ал бұл –біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ»-Жүсіп Баласағұн

 

У.Бекіту:  Кестені толтыру

УІ.Бағалау: 

УІІ:Үйге тапсырма беру:

Осы ғұламалар туралы  қосымша кітаптардан оқып келу

 

Рефлексия

Бүгінгі сабағымызда  не  білдік?     Сабақ ұнады ма?

ID: 8387 | Просмотров: 2593