Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы - Тарих - Ашық сабақтар - Ашық сабақтар - Ұстаздар сайты
Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Тарих

Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

 

Монғолдардың Қазақстан   

     жерін жаулап алуы

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы  №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі

 

Қалалық семинар

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

Кіріктірілген сабақ

 

7 «А» сыныбы                              

 

 

 

Тарих пәнінің мүғалімі

Д.Е. Камидолданова

Орыс тілі және орыс әдебиеті

пәнінің мүғалімі  А.К.Хамзина

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған қ.

 

Ашық сабақ                 7 «А» сыныбы                                    Күні:    

Сабақтың тақырыбы:  Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Сабақтың мақсаты: 

Білімділік : Оқушыларға Қазақстанда Монғол империясының үстемдік етуі, империяның басқыншылық саясаты мен оның зардаптарының әсері жайында  алынған білімдерін бекіту.

Тәрбиелік : Қазақ тарихындағы осы бір оқиға арқылы оқушыларды патриоттыққа, елжандылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық : Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Қайталау.

Сабақтың типі:  кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: интерактивті, «Тұлғаны таны», «Не? Қайда?  Қашан? » «тарихи оқиға» суреттермен жұмыс, «терме диктант» хронологиялық диктант,   «Бір сәт картаға үңілсек»  кескін картамен жұмыс, жаттығумен жұмыс,  полиглот ойыны, рефлексия «2 жұлдыз, 1 тілек».

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, ХІІІ-ХІV ғғ. Моңғол шапқыншылығының кескін картасы. Үлестірмелі тапсырмалар. Тарихи мозайка. Маркерлер.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: -  Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын! Бүгінгі сабағымыз ерекше өткелі отыр, бізге көп қонақтар келді. Сабағымызды ашық деп жариялаймын! Қане барлығымыз шаттық шеңберін құрайық. Бүгін сабаққа сендер қандай көңіл-күймен келгендеріңді білу үшін қолдарыңдағы бұлтша қобалжу, толқу ды , ал күн болса өздеріңді еркін жақсы сезінетіндеріңнің белгісі. Олай болса көрсетелік. Ендеше бір-бірімізге күлімдеп күннің саулесін шашайық.Қараңдаршы  тіпті сынып бөлмесінде де жарық , әрі жылып кеткендей. (Оқушыларға күн мен бұлтшалар тарату арқылы  көңіл – күйлері анықталады. )

Мұғалім: -  Сонымен сендерге күндерің шуақты өтсін , сабағымыз сәтті өтсін дей келе сыныпты топқа бөлейік. 

Топқа бөлу: Оқушыларға қима мозайкалар таратылады. Суретті қалыпқа келтіру арқылы  сынып үш топқа топтасады.

ІІ. Кіріспе.

Мұғалім: - Балалар сабағымызды бастайық, сендер жинастырған суреттерге мән берсендер.

Әр топ өзіне берілген суретті сипаттап береді.

Мұғалім: -  сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырады.

І - тапсырма .  Әр топқа  суреттерге қатысты тапсырмалар беріледі. 

 

 

1-топ: «Тұлғаны таны» деп аталады. Оқушылардың алдына тұлғаның портреті  және  сұрақтар беріледі

 

Сұрақтар:

  • Бұл кім? Қай уақыттарда өмір сүрген?
  • Бұл адам туралы не білесің?
  • Бұл тарихи тұлғаның Қазақстанға қандай қатысы бар?

 

2-топ . «Не? Қайда?  Қашан? » Топтың алдында «тарихи оқиға»  бейнеленген сурет және сұрақтар беріледі.

Сұрақтар:

  • Бұл суретте не бейнеленген?
  • Қандай оқиға? Қашан болды?

 

3-топ  «Бір сәт картаға үңілсек»   карта  берілген.  

Сұрақтар:

  • Бұл картада қай елдің жері белгіленген?
  • Қазақстан тарихына қандай қатысы бар?

 

Бағалау түрі ауызша: «Тамаша», «Өте жақсы», «жақсы»

 

 

 

ІІ - тапсырма. Тарихи даталармен жұмыс.

Бос орындарға төмендегі тиісті сөздер мен сандарды  теріп жазу керек.

1 –топ.   «Терме диктант»

      Моңғол империясының шаңырағын алғаш  көтерген _____________хан   ______ жылы (кейбір деректерде  ________жыл ) Моңғолияның  ________ өзенінің жағасында , __________ деген жерде  Есугей батырдың отбасында туған.  Темүжін  _____ жасқа толғанда әкесі татарлардың қолынан қаза табады.

     ________жылы Онон мен Керулен өзенінің жағасында _____________Темүжінді хан сайлап, _________________   ______________  құрылады.  Ол империяны _____ түмен әкімшілік аймаққа бөлді. Моңғолия аумағы _____ әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. 

Жауабы:  Моңғол империясы,  3,    9,   Онон, 1206,   Шыңғыс,  1155,  Болдоң, 1162 ,  құрылтайда, 95.

2- топ. «Терме диктант»

Шыңғысхан Найман, Керейіт, Жалайыр тайпаларын қол астына қаратқан соң, көрші елдерді жаулады. __________ жж. қысында Шыңғыс ханның үлкен баласы _________ Енесей қырғыздарын және Сібірдің  халықтарын бағындырды.     __________ жж. _________ әскерлері  таңғұттық Си ся мемлекетін, Тұрфан кіняздіктерін күйретіп,  ұйғырларды бағындырды. ___________жж. Қытайды басып алып, олардың соғыс  техникасын   қолға түсірді. ________ж.  Шыңғысхан   ________________ басып алуға ________________ аттандырады. _________ж.  Шыңғысхан __________ әскерімен     ______________ басып алады.

Жауабы: Шыңғысхан, 1207-1208,  Жошы,   1207-1209, 1217, Жебе ноянды,  1211-1215,  Жетісуды, 1219,  150 мың,  Отырарды.

3- топ. «Терме диктант»

 

         ____________ қаласы ____ ай бойы берілмей қарсылық көрсетті. ________________ қаласы  ______ай бойы,   _____________қаласы   ____ күндей берілмеген. _____________жж. Қазақстан мен   __________   ______  моңғолдар жаулап алды. Шыңғыс хан  жаулап алған жерлерін өзінің _________  баласына бөліп берді. Қазақстан жері   оның _______  баласына қарады. Шыңғыс тұқымдарының арасындағы талас ________ж. ұлы хан Мөңке қайтыс болған соң шиеленісе бастаған.  

 

Жауабы: Сығанақ , 6,  Ашынас,  3, Орта Азияны, 1259, Отырар, 15,  1219-1224,  4, 3

Бағалау: 11-10 = 5 балл

                 9-8   4 балл

                 7-6    3 балл

                 5-4    2 балл

 

 

 

ІІІ – тапсырма.  «Бір сәт картаға үңілсек»  Кескін картамен жұмыс.

Моңғолдардың шапқыншылық жорықтарын кескін картадан көрсетеді.

 

1 –топ.    Моңғол шапқыншылығының бағыттары мен жылдарын көрсетіңдер.

2- топ.  Моңғол шапқыншылығы кезінде қиратылған қалаларды жазыңдар.

 3- топ.  Жаулап алынған жерлерде пайда болған мемлекеттердің аттарын жазыңдар.

Валеопауза.

Сабақ орыс тілінде орыс тілінің мұғалімі Хамзина А.К.  жалғастырады.

ІV- тапсырма.

Работа в группах.

Учитель дает задание доказать, что перед ними текст, определить стиль текста, тип текста, найти  дееприча-стие, причастие.

     1группа. Докажите, что это текст. Какова основная мысль текста, Определите стиль текста, тип текста. Найдите в тексте причастие.

    Чингис хан, создавший Монгольскую империю, родился в 1155 году ( по некоторым сведениям в 1162г.) на берегу реки Онон в Монголии, в местечке Болдон в семье Есугей батыра. Когда Темужину исполнилось 9 лет, от руки татар погиб его отец. В 1206 г. на берегу рек Онон и Керулен на съезде Темужин был провозглашен ханом, была создана Могольская империя. Чингисхан разделил империю на 95 административных областей туменов. Территория Монглии была разделена на 3 военно-админстративные области.

2 группа. Докажите, что это текст. Какова основная мысль текста, Определите стиль текста, тип текста. Найдите в тексте деепричастие.

    Чингисхан, подчинив себе племена Найманов, Кереитов, Жалайыров, стал завоевывать соседние народы. Зимой 1207-1208 года старший сын Чингис хана Жошы подчинил себе киргизов Енисея и народы Сибири. Войска Чингис хана в 1207-1209 годах завоевали тангутское государство Си ся, свергли княжество Турфана, подчинили уйгуров.

3 группа. Докажите, что это текст. Какова основная мысль текста, Определите стиль текста, тип текста. Есть ли в тексте причастия и деепричастия?

    Город Отырар шесть месяцев, не сдаваясь, оказывал сопротивление. Не сдавались город Сыганак в течение трех месяцев, город Ашынас около пятнадцати дней. В 1219-1224 гду Казахстан и Среднюю Азию завоевали монголы. Завоеванные земли Чингис хан разделил между своими четырьмя сыновьями. Территория Казахстана отошла к его трем сыновьям.

После смерти хана Монке в 1259 году, между потомками Чингис хана начались распри.

Игра «Полиглот»

    Учитель. Вы вспомнили о том, как происходило завоевание казахских земель монголами. Найдите пропущенное в предложении слово,  переведите его на русский и английский языки.

  Игра «Полиглот»

Группам  –   

 собрание-               құрылтай                    assembly        

 сражение –            шайқас                         battle

 народ –                  ел –                                people

 земля -                  жер-                                earth land

войско                   әскер                               army

            империя            империя                           imperia

 

Сабақты бекіту.

«Екі  жұлдыз , бір тілек » арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдері мен әсерлерін қысқаша сипаттап жеткізеді.

  • ... қызықты болды.
  • ... менің қолымнан келді.
  • менің тілегім ...

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Шыңғысхан – ұлы тұлға» тақырыбында эссе жазу.

Мұғалім: Біздің сабағымыз осымен аяқталды. Біздің қайталағанымыз бойынша ертең болашақта, яғни   өмірде қолдана аларсыздар деп сенемін. Сау болыңдар!

 

 

 

Ұстаздар сайты

Авторы: Камидолданова Динара Елеуовна

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, М.Арын атындағы ДБААЛ №24

загрузка...
Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Тарих | Қосты: dkamidoldanova80 (17.02.2015) | Автор: Камидолданова Динара Елеуовна W
Көрсетілім: 1680 | Ілмек сөздер: алуы, жерін, жаулап, Монғолдардың, қазақстан | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 6211
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 17
Қонақтар: 17
Тіркелгендер: 0