Сайт учителя начальных классов
.
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы

М.Әуезов атындағы орта мектебі

Тарих пәнінің мұғалімі Ермекбаева Кенжегул Несіптайқызы

Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Сабақ

Пәні:  Орта ғғ. Қазақстан   тарихы

Сынып:  7           Күні: 21 желтоқсан

Барлық оқушы саны:6

Қатысқан оқушы:6

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар,оқулық.   Орта ғғ. Қазақстан   тарихы 7- сынып.

Тақырып:

  Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.

 

Жалпы   мақсаты:

Білімділік:    Оқушыларды Монғол империясының тарихымен таныстыру; Шыңғысханның қазақ жеріне шапқыншылығы мен оның ауыр зардаптарын көрсету; басқыншыларға қарсы халықтар күресі мен ұлыстардың құрылуы туралы білімді меңгерту.

Дамытушылық:   Оқушылардың тарихи оқиғаларды фактілерге сүйене отырып талдау,   шығармашылықпен жұмыс жасау, өз пікірін еркін жеткізу  арқылы жаңа білімді өз бетімен меңгеру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:    Оқушыларды Отанын қорғауға, батылдыққа, ұлтжандылыққа, басқыншылыққа қарсы тәрбиелеу.  

Ресурстары:

оқулық,   бор, тақта, бағалау парақшалары, флипчарт, түрлі-түсті бояғыштар, стикерлер,

Әдіс-тәсілдері:

тәсілі:  жекелей, жұппен,  топпен

Әдісі:    сұрақ-жауап,  ой қозғау,   іздендіру, талдау, «Түртіп алу», ЖИГСО,

Оқыту нәтижелері:

  • Хронологиялық кесте құрастыра алады;
  • Тарихи оқиғаларға сипаттама беріп, талдау жасай алады;
  •  Тарихи тұлғалардың өмірі мен атқарған қызметі туралы айта алады;
  • Жұптық, топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды;
  • Мәтіндегі негізгі ойды айта алады;
  • Оқушылар бірін-бірі оқытуға үйренеді;
  • Терминдер мен ұғымдарға анықтама бере алады; 
  • Кескін картамен жұмыс жасай алады.

Түйінді идеялар:

 «Монғолдың құпия шежіресі». Шыңғысхан.Барунгар. Жоңғар. Кул. «Кешіктен». «Яса». «Құрылтай». «Отырар опаты». Ұлыстар.

Дереккөздер:

Оқулық, хрестоматия құжаттары, «Аңыз адам» журналы.

Сабақтың  барысы: 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру  кезеңі:

 Сәлемдесу, түгендеу

 «Аудиториядағы заттар» ойынының жүру ережесімен таныстырады.Топқа бөліп, бағалау парақтарын таратады.

Жұптас оқушылар бір-біріне сыныптағы кез-келген затпен байланыстырып, тілегін білдіреді.  Топқа бөлу: «Жылдар мен ғасырлар»

/3 топқа бөлінеді: №1, №2, №3/

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

  «Ғылым мен білімнің дамуы» 

   «Аялдама» ойынының жүру барысымен таныстырады, аялдама сұрақтарын береді.

 

Әр топтағы оқушылар бірлесіп аялдама сұрақтарына жауап жазады:

1-аялдама-«Ғылымның дамуы: әл-Фараби, әл-Бируни»

2-аялдама-«Тіл білімінің дамуы: М.Қашғари, Ж.Баласағұни»

3-аялдама-«Әдебиеттің дамуы: А.Иүгнеки, А.Йасауи»

 Оқушылар бағалау парағының өзін-өзі бағалау бағанын толтырады.

Жаңа тақырып

 

  Қызығушылығын ояту

 Жаңа   тақырыппен таныстырып, миға шабуылдау арқылы сабақтың   мақсатын оқушылармен бірлесе құрады.

 «Бүгінгі сабақта не туралы оқып-білетін боласыңдар?» сұрағына өз ойларын білдіреді.

Мұғалімнің мадақтауы

 

Мағынаны ажырату

  Оқушыларға  тақырыпшаларды бөліп береді:

№1 топ-«Монғол империясының құрылуы. Қоғамдық құрылысы»

№2 топ-«Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы және оның зардаптары»

№3 топ- «Ұлыстардың құрылуы»

Әр топтағы оқушылар мәтінмен танысып, жұп болып талдағаннан кейін мұғалім таратқан карточкадағы тапсырмаларды орындайды. Осыдан кейін әр топтан оқушылар жиналып, 2 топ («Шыңғысхан», «Отырар»  ) құрады да өз тақырыптары бойынша бір-біріне түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Тақырыпты түсіну деңгейлерін «Басбармақ» әдісімен бағалайды.

 

Сергіту сәтін өткізу.

 

«Өзгерістерді тап» ойыны бойынша сергіп, демалады.

 

Ой толғаныс

Сабақ барысында меңгерген білімдері негізінде шығармашылық жұмыстар орындауға тапсырма береді.

Әр топ жеклеме тақырыптар бойынша сызба құрастырады:

«Шыңғысхан» тобы-«Монғол империясы» 

 «Отырар» тобы- «Отырар опаты және Отырар шайқасы»

 

   «Екі жұлдыз, бір тілек». Топ басшысы бағалау парағына оқушылардың топтық жұмысқа қатысу деңгейлерін бағалайды.

Бағалау

  Бағалау парақшасы:

 

Оқушының аты:

Ұпайы

1 ұпай

2 ұпай

3 ұпай

 Өзін-өзі бағалау   (үй тапсырм

сы)

 

 

 

 Топ басш

сының бағалауы (шығармашылық жұмыс)

 

 

 

Мұғалімнің бағалауы

 

 

 

 Жины:

9 ұпай –«5»,    7-8 ұпай –«4»,         5-6 ұпай - «3»,              3-4 ұпай – «2»

рефлексия

Сабақ жайлы өз ой пікірлерін А3 форматты бетіне стикер жабыстырады.

Үйге тапсырма

П. 21 оқуға.

Кескін картамен жұмыс.

«Отырар шайқасы» тақырыбына әңгіме жазу. 

 

ID: 6170 | Просмотров: 2702