Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Тарих

Хан –халқымен қамал.

Хан –халқымен қамал.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Хан –халқымен қамал.


Тақырыбы:  «Хан –халқымен қамал»
Мақсаты: 1.Білімділік: Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына байланысты:тұлға, ел,мемлекет тарихы туралы  оқушылардың тарих  пәнінен алған білімдеріне көз жеткізу.Қазақ хандығының негізінің қалануы тарихымен, Жәнібек пен Керей хандардың халқына, жеріне, еліне сіңірген қызметімен таныстыру.

 Билеуші,Елбасының  Отан тарихындағы орны,ерекшелігі туралы мағлұмат беру
             2.Дамытушылық:Оқушыларды тарих  пәніне деген қызығушылығын арттыру, тарих пәнінен алған білімдерін  шыңдау, жылдамдыққа үйрету, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, ой-өрісін дамыту. Оқушының өз бетінше жұмыс, қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру

              3.Тәрбиелік: өз елінің тарихын білумен қатар,тарихи тұлғаларды құрметтеуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, Отанын сүюге,төл тарихының құндылықтарын келесі ұрпаққа мұра етіп қалдыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:қайталау,жаңа білімді меңгерту,ойын сабақ

Көрнекілігі: Қазақ хандығының саяси картасы,кесте.интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: география,салт-дәстүр,әдебиет.математика

Сабақтың әдісі:интерактивті тақтамен жұмыс, сұрақ-жауап шағын лекция, топтық жұмыс талдау,пікірталас.
Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі. Топ атаулары:1.Керей,2.Жәнібек (толық сипаттама,топ басшыларының қорғауы).

       Мұғалім сөзі:«Оқысаңыз балалар шамнан шырақ жағылар» – деп Ыбырай атамыз айтқандай ендеше талай ханды, елбасыларды туғызған қазақтың қасиетті ауылдарының бірі ретінде білім ордамызда өткелі отырған «Хан –халқымен қамал»атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер. Бүгін біздің сабағымызға 10- сынып оқушылары қатысқалы отыр. “Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды ”  Н.Ә.Назарбаевтың

– деп айтқаны орынды.

        Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің - «Тарих толқынында» атты кітабында: «Қазақ хандығы – Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет. Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Тарих сабақтарын ұдайы, ұрпақтан ұрпаққа игере беру керек екеніне менің сенімім кәміл», – деп тарихи маңызы зор тұжырым жасады.Сондықтан бүгінгі Қазақ хандығының құрылғанына 550жыл толуына байланысты «Хан –халқымен қамал»атты ашық сабағымызды бастаймыз

       II. Үй тапсырмасы:бүгінгі сабағымызда 5-6-7-8 сыныпта алған білімдерімізді пысықтаймыз.1. «Елбасы» қайталауға арналған сұрақтар немесе кубик лақтыру ойыны: А.Томирис. Ә.Бумын.Б.Н.Назарбаев.В.Тәуке.Г.Қасым.Ғ.Д.Қонаев (тарихи тұлғаларға толық сипаттама беру)

3. Кім жылдам?  ойыны  «Бөрілі байрақ –туымыз!»,1-ші нұсқа.
1.Түріктер туралы алғашқы мәлімет қай мемлекеттердің құжаттарында кездеседі?

2.Түрік қағанаты қашан құрылды?

3.Түргеш қaғaнaтының  негiзiн қалаған кім?

4.Жылқы патшалығы -

5.Махмуд Қашғари еңбегі-

6.Ахмет Иүгнеки еңбегі -

Сәйкестендіру тесті

Тапсырма

 

Қате жауаптар

1

Қазақтың  алғашқы хандары

 

1. Есім, Тұрсын

2

«Қатаған қырғыны»

 

2. Қасым, Есім

3

Билер

 

3. Керей, Жәнібек

4

Заңдар жазды 

 

4. Тәуке, Жәңгір

5

Жоңғарлармен күресті

 

5. Төле, Қазыбек

  « Бөрілі байрақ –туымыз!»,2-ші нұсқа

1. Батыс Tүpiк қағанаты қашан құрылды?.

2.Түргеш қағандығында шаруашылықтың қандай турлерi болды?

3.Оғыз мемлекеті қашан  құрылды?

4. «Күлтегiн»кім?

5.Қapaxaн мемлекетiнде ислам дiнi мемлекеттiк дiн ретiнде қашан қабылданды? .

6..Жүсіп Баласағұни еңбегі-

Сәйкестендіру тесті

Тапсырма

 

Қате жауаптар

1

1465-1466

 

1. Есім, Тұрсын

2

1627

 

2.  Тәуке

3

1643

 

3. Керей, Жәнібек

4

1511-1518

 

4. Жәңгір  Орбұлақ

5

1680-1715

 

5.   Қасым

       Жаңа сабақ жоспары: 1.Қазақ хандығының құрылуы:2. Керей мен Жәнібек сұлтандардың саясаты Қазақ хандығын нығайтуға ұмтылуы

1) Қазақ хандығының құрылуы, қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.
    1465 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі билік үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси дұшпандарын Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды қудалауын тоқтатпады. Билік үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Мағолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді. 1465 - 66 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды.

   Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі –ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады» . Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды.
2) Қазақ хандығының саясаты:Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды;
    -мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапыран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді.
     -Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария

жағасындағы Сығанақ, Отырар, Ясы (Түркістан) т.б. қалаларын қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери - стратегиялық берік база болатын.
    -қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату.
 Сабақты бекіту: 1-ші таапсырма: Картамен жұмыс:
а. Қазақ хандығының қай жерде және қашан құрылғанын көрсетіңіздер?
ә. Жәнібек пен Керей сұлтандар Қазақ хандығының шекарасын қай жерге дейін кеңейтуге ұмтылды?            

     2-ші тапсырма:«Жауды шаптым, ту байлап».Кубик лақтыру ойыны:1.Салқам Жәңгір.2.Хақназар.3.Қасым.4.Абылай.5.Тәуекел.6.Есім (тарихи тұлғаларға толық сипаттама беру)

    3)Жыраулар поэзиясы – хандық дәуір айнасы. Жыраулар поэзиясының ХV-ХVIII ғ қанат жая дамуының ең негізгі себебі; –1. жыраулардың дербес елде өмір сүріп, өз елінің тағдырына, болашағына қатысты ойларын ашық айтуға мүмкіндік алуы.

     -2 .пікірталас:Қазақ хандары туралы  (жағымды-жағымсыз) толғаулар,өлең жолдары

1.«Жақын жерден шөп жесе,                                       

Жердің сәнін кетірер.

Ағайынның аразы

Елдің сәнін кетірер.

Абысынның аразы

Ауыл сәнін кетірер» (Бұқар жырау).

Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп,

Күреңдi мiнер ме екемiз,

Күдерiден бау тағып,

Ақ кiреуке киер ме екемiз!

Жағасы алтын, жеңi жез,

Шығыршығы торғай көз

Сауыт киер ме екемiз!(Ақтамберді жырау)

Сабақты қорыту:1. «Білікті білім жинап,кәсіп етер,

                               Білімнің  дәмін татып,өсіп өтер.

                               Білдірер білім елге білім сырын

                               Білімсіз білімді аттап,бөсіп өтер»

                               А.Иүгнеки (кім?ол туралы не білеміз?)

2. Венн диаграммасын орындаңыздар.Екі тарихи тұлғаның жүргізген саясаты және ортақ қасиеттері

Тәуке:

 

Н. Назарбаев:

 

     Мұғалім сөзі:міне балалар бүгінгі сабағымызда  Елдігіміз,Тәуелсіздігіміз үшін күрескен тарихи тұлғаларымыз хандардың өмірі,еңбектерімен таныстық ,олар туралы ой-пікірлерімізді айттық.Олар «халқына қамал болған Елтұтқасы!»

Бағалау:өзін-өзі

Үйге тапсырма:«Мен Елбасы болсам...» эссе жазу

 

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Жумахммедова Гуландам

Жамбыл облысы.Т.Рысқұлов ауданы.№33 орта мектеп

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Тарих | Қосты: Жумахмедова_Гуландам (11.02.2015) | Автор: Жумахммедова Гуландам W
Көрсетілім: 1494 | Ілмек сөздер: халқымен, қамал., хан | Рейтинг: 1.0/2
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5930
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 27
Қонақтар: 27
Тіркелгендер: 0