Сайт учителя начальных классов
.
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Еуропа мемлекеттері Франция, Англия,Германия,Испания, Нидерланды, Италияның саяси экономикалық дамуы

ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Еуропа мемлекеттері Франция, Англия,Германия,Испания, Нидерланды, Италияның саяси экономикалық дамуы

Сабақтың тақырыбы ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Еуропа мемлекеттері Франция, Англия,Германия,Испания, Нидерланды, Италияның саяси экономикалық дамуы

Сабақтың мақсаты:
   ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Еуропа мемлекеттері  Франция, Англия,Германия,Испания, Нидерланды, Италияның саяси экономикалық дамуы, ХҮІІ ғасырдағы шексіз абсолюттік монархия, елдегі азамат соғысы туралы толық түсінік беру;
 Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап,  салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
 Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің баты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі
 Оқу құралын тексеріп түгелдеу
 Әнұран орындау, «Хабар»
 Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
 Бату ханның орыс жеріне жорығы қашан басталды? Бірінші қай кінәздіктің жері монғол-татар шапқыншылығына ұшырады?
 Владимир қаласы тұрғындарының ерлік күресі туралы айтып беріңдер
 Киев қаласын Бату қалай жаулап алды?
 Батудың Батыс Еуропа елдеріне жорығы қай жылдары болды? 
 Алтын Орда мемлекеті қашан құрылды, саяси құрылы қандай болды? Ақ Орда, Көк Орда мемлекеттерінің билігі кімдердің қолында болды? 
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Экономикалық дамуы
2. Әлеуметтік жағдайы
3. Азамат соғыстары
  Абсолюттік монархияның негізгі белгілері 
 Корольдің сөзі бүкіл ел үшін заң болды;
 Король қазынаны өзі бллеп-төстеді;
 Соттарды өзі тағайындап отырды;
 Армияны өзі басқарды;
 Салық мөлшерін өзі белгіледі;
 Салық жинаушыларды өзі тағайындап отырды;
 Елдің барлық халқы корольдің боданы деп саналды.
Сабақты бекіту:
 ХҮІ ғасырда Францияның экономикасында қандай жаңалықтар орын алды?
 Мануфактураның дамуы үшін не керек болды? Оның қандай түрлері болды?
 Шаруалар жаңғдайы қандай болды?
 «Діни соғыстар» қашан не себепті шықты?
 Ришелье деген кім
 Абсолюттік монархияның негізгі белгілері қандай? 
Бағалау:     Үйге тапсырма

ID: 3802 | Просмотров: 3129