Сайт учителя начальных классов
.
Қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығы

Қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығы

Қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығы

Cабақтың тақырыбы: §24  Қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сабақ барысында оқушылар қазақтың дәстүрлі шаруашылық түрлеріне тоқтала отырып, қазақ ауылы, баспанасы, негзгі шаруашылық түрлері туралы  толық мәлімет алады;

Дамытушылық: Оқушылар әр түрлі тарихи кезеңдердегі шаруашылық бағыттарын талдай отырып, логикалық ойлау машығын дамытып, тарихи материалдармен жұмыс  істеуге үйренеді;

Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімі оянады, эстетикалық талғамы қалыптасады, ата-баба дәстүрлі шаруашылық түлерін нақтылайды.

Сабақтың типі:  Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі:   топтық жоба қорғау

Сабақтың әдісі: интерактивті

 

Сабақтың көрнекілігі:  постер-презинтация. Бейне фильм,

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру;

                           Топқа бөлу (Киізүй, жылқы, егіншілік, аң аулау)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Тест.

ІІІ. Жаңа сабақ.

                                  IV. Топтық жұмыс. Постер қорғау

                                   V. Бекіту. БББ кестесін толтыру.

                                  VI. Қорытындылау.

Ұйымдастыру. Оқушылар «Алып», «Ергежейлі» ойыны арқылы жинақталады, Сабақ тақырыбына сай суреттер арқылы  Киіз үй, Жылқы,  Егіншілік,   Аң аулау -4 топқа бөлінеді.

Топ басшылары сайланады.

Бағалау критерийі үлестіріледі.

Қызығушылығын ояту:

Мұғалім сөзі: «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшінде кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» -деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай тарихтың әр тарауына үңіле қараумыз керек, себебі әр бөлігінде ата-баба аманаты жатыр.Олай болса

Бүгінгі сабақтын «таразылап тарихты саралайық»атты бөліміне тоқталамыз

Әр оқушыға тест тапсырмасы беріледі. Өз-өзін бағалау. Жауабы, бағалау критерийі интерактивті тақтадан көрсетіледі

 

Үй тапсырмасы. Тест сұрақтары.

Нұсқа 1

1.Қоқандықтар Ташкентті алған жыл  А.1808    В. 1809    С.1810     Д.1811

2.Қоқандықтар Түркістанды басып алған жыл  А.1814    В.1815    С.1816    Д.1817

3.1835ж. Қуандария өзені бойында Хиуа хандығы салған бекініс

А.Майтөбе     В.Құртөбе    С.Ортөбе   Д.Өртөбе

4.1836ж Жанқожа әскері қиратқан бекініс-қамал

А.Ырғыз   В. Бесқала   С.Қосқорған   Д.Шымқала

5.Жанқожаның патша үкіметіне қарсы күресі болған жыл

А.1851-1852   В.1851-1856    С.1856-1857   Д.1858-1859

6.1856ж көтерілісшілердің саны  А.4мың   В.5 мың   С. 7мың  Д.10 мың

7.Есет батыр Ресеймен келісімге келген жыл   А. 1858   В.1859   С.1857   Д1856

8.Жанқожа батырға берілген атақ  А. есаул  В.тархан  С. Дворян  Д. жасауыл

9.Жанқожа Жаңақаланы басып алған жыл  А. 1846   В.1848     С.1847   Д.1850

10.Патша үкіметі қазақтың әр отбасына салған салық мөлшері

А.1,5сом  В.2,5 сом   С.3.5 сом  Д.2сом

 

Үй тапсырмасын тексеру. Тест

Нұсқа 2

1.Хиуалықтардың ірі шапқыншылығы болған жыл  А. 1846    В.1847     С.1845     Д.1849

2.  Жанқожа басшылық жасаған ру  А.шекті    В.шөмекей    С. тама    Д.төртқара

3.Кенесарымен Созақ бекінісін басып алуға қатысқан батыр

А. Есет   В. Саржан   С.Жанқожа   Д.Арынғазы

4. Құртөбе әскери бекінісі салынған жыл  А.1830   В.1814    С. 1835   Д.1835

5.Сыр бойы қазақтарының Ресейге қарсы күресі басталған жыл

А. 1856ж желтоқсан  В.1857ж. желтоқсан    С.1858ж. желтоқсан   Д.1855ж. желтоқсан

6.Жанқожа құрған жедел қимылдайтын топ адамдары саны

А. 150-200  В. 200-250  С. 100-150   Д.250-300

7.Есет батыр Ресеймен келісімге келген жыл  А. 1857   В.1859   С.1856   Д1858

8.Жанқожа батырға берілген атақ    А. есаул  В.тархан  С. Дворян  Д. жасауыл

9.Есет батырдың Елек бекінісіне шабуыл жасаған жылы   А. 1838   В.1848  С.1847   Д.1837

10.патша армиясындағы казак  офицерлерінің әскери шені

А.жасауыл   В. тархан  С.старшина  Д. офицер

 

1 нұсқа  1.А  2.А  3.В  4.В  5.С  6.В  7.А  8.Д  9.С  10.А

2 нұсқа  1.В  2. А   3.С  4.С  5.А  6.А  7.Д  8.Д  9.А  10.А

 

Өзін-өзі бағалау.

Топ басшылары  бағалау парағына түсіреді.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың жоспары:

1.Қазақ ауылы. Тұрғын үйлері.

2. Мал шаруашылығы. Мал емдеу тәсілдері.

3.Егіншілік кәсібі. Шөп шабу

4. Аңшылық. Балық аулау

БББ  кестесінің «білемін», «білгім келеді» бөлімдерін толтыру.

БББ кестесі   «Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы» кесте бойынша оқушылар «білемін», «білгім келеді» бөлімдері бойынша жұмыстанады, мәліметтер алынады.

Білемін

Білгім келеді?

Білдім

 

 

 

 

Сабақтың Талда. Талқыла. Түсіндір. (постер қорғау) бөлімі бойынша

Тапсырмалар беріліп, талданады.

Оқушылар оқып түсініктерін қағаз бетіне түсіріп,  баяндайды (тақырыпты қорғайды).

1 тапсырма    Оқы. Ойлан. Талда. Түсіндір.

          7 мин. оқы, түсін  + әр топ 5 мин. қорғау.

І топ. Қазақ ауылына сипаттама бер. Тұрғын үйлерін суретте.

ІІ топ. Мал шаруашылығын түсіндір. Малды емдеу тәсілі.

ІІІ топ.  Егіншілік кәсібі. Талдау жаса.

 IVтоп.  Қазақтардың қосалқы кәсіптеріне анықтама бер.

  Бағалау.  2 жұлдыз, бір ұсыныс,  Бағдаршам, қолмен

І топ – ІІ топты,   ІІ топ-ІІІ топты, ІІІ топ- IV топты,

 IV топ – І топты

2 тапсырма. Терминологиялық диктант

       

«Талдау» (мәнін аш, ерекшелігі неде?)

Қалмақы үй -

Өрт қою –

Жұт –

Атпа, шығыр –

Шешек, қарасан –

                         3 тапсырма.  дискуссиялық өрнектер

 

                                                                   Келісемін           Келіспеймін

1.Шағын елді мекен ауыл деп аталды.                   

2. Киіз үй ішіндегі құрметті орын - босаға                                              

3. Қыста тұратын баспана -  шатыр үй                                                                                                                           

4. Қазақтың басты байлығы- қой                    

5. ХІХ ғ. ең ірі бай адам-  Азынабай                        

6. Ең сұрапыл жұт 1880жылы болды.                      

7. Шөп айырмен шабылды.                                         

8. Шымкент, Перовскіде мақта өсірілді                   

9. 1903жылы Арал поселкесі пайда болды

Тапсырмасы беріледі. Жұптық бағалау жүзеге асырылады.

V. Бекіту. БББ кестесін толтыру.

БББ кестесі  «Білдім» бағанын толтырады. Стикерге жазып кестеге орналастыру

VI. Қорытындылау.

 Рефлексия:  Нысана  Стикер арқылы бағалаунысаны толтыру, талдау.

Бағалау парағы

Оқушының

 аты-жөні

Білу

(Үй тапсырмасы

тест)

Түсіну

(Жаңа сабақ)

Қолдану

(Постер қорғау)

жинақтау

(Бекіту)

Жұптық

жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру:§24  Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы

  1. Тақырып бойынша  10 жабық тест құрастыру.
  2. “Бақташы қазақ  өмірінің бір күні” атты әңгіме құрастыру

ID: 8482 | Просмотров: 4180