Сайт учителя начальных классов
.
«Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар» 11 сынып

«Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар» 11 сынып

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК «Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар» 11 сынып

Панель 1
Панель 2
Оқыту модулінің мазмұны:
1. Пән: Қазақстан тарихы
2. Модуль тақырыбы: «Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар»
3. 11 сынып
4. Мақсаты: Білімділік: Қазақ жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстарды қарастыра отырып, олардың арасындағы тізбекті байланыстың заңдылықтарын және сол оқиғаларды салыстыру арқылы тарихи маңыздылығын ашу;
Дамытушылық: Өз бетімен ізденіп үйренуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Кейбір ашылмай қалған ақиқаттарға деген оқушының көзқарастарын қарастыра отырып, елін, жерін сүюге , адамгершілігі мол өрелі, өз елінің болашағын ойлайтын патриотты тәрбиелеу.
5. Міндеттері: Тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай отырып, оның біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектесу;
- Оқиғалар арасындағы байланыстың заңдылығын түсіндіру;
- Оқушылардың салыстырмалы талдау дағдыларын қалыптастыру.
- ҰБТ -ке оқушылардың өздерінің дайындығын бағалауы,дайындалу үшін негізгі проблемаларын анықтау және оның шешу тәсілдерін жүйелеу.
6. Күтілетін нәтиже:
- Магниттік мектептер бойынша СОУ 5% көтеру, оқу үрдісі бағытындағы жұмысының орындалуын толық қамтамасыз ету.
7. Түрі: Панорамалық сабақ
8. Типі: Жинақтап қорытындылау және білім, білік
дағдыны қалыптастыру.
9. Әдісі: Сұрақ-жауап, салыстыру, талдау.
10. Көрнекіліктері: Карта, интерактивті тақтамен жұмыс, кесте анықтамалар, үлестірмелі карточкалар, ватман, маркерлер

Модуль бөліктері Іс-әрекет
Мұғалім Оқушы
І. Ұйымдастыру
1.1. Сәлемдесу
1.2. Топқа бөлу
1.3.Сабақтың мақсатымен таныстыру
1.4.Жұмыстың келісімін анықтау 1.1. Сәлемдесу
1.2. Топқа бөлу
1.3 Сабақтың мақсатымен таныстыру

Оқушыларға өтілетін сабақтың жүргізілу ережесін өздері жасау туралы ұсыныс жасайды. 1.1. Сәлемдеседі
1.2. Топқа бөлінеді.

Оқушылар жасаған келісім:
1. Тақырыптан ауытқымау
2. Біреудің сөзін бөлмеу
3. Уақыттан үнемді пайдалану
4. Тыныштық сақтау
5. Сөйлеп тұрған адамды сынамау
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Кіру тестісін алу.

2.2. «Ой қозғау»

(4 слайд)

2.3. Кестемен жұмыс (сызба қосымша ретінде берілген)
6-7-8- слайдтар.

2.3.Тарихи диктант

2.4.«тарихи маңызы» деген қорытынды жоба қорғау

(9- слайд)

2.5 Шығу тесті
2.1.Кіру тестісін алу әр оқушыға 10сұрақ беруі керек.

Балалар сабақты бастау үшін, мына сұрақтарға жауап берулерің керек:
1. Ұлт-азаттық қозғалыс дегеніміз не?
2. Ұлт- азаттық қозғалыс неліктен ХҮІІІ ғ-дан бастап жиілеп кетті?

Енді мына кесте бойынша жұмыс жасайсындар:
1) Қазақстанда болған қандай ірі ұлт азаттық қозғалыстарды білесіңдер?
2) Қозғалыстың мақсаттарын анықтаңдар. (ти таблицасы таратылады)
(таблица қосымша ретінде берілген)

3) Көтерілістің қозғаушы күштері кім болды?
4) Қозғалыс қандай сипатта болды?

5) Әр топ екі көтерілістің ұқсас жақтарын және ерекшеліктерін анықтай отырып салыстырады.

Әр топқа мәтін беріледі. Сол мәтіннің бос жерлерін толтыру керек.

Жобаның шартымен таныстыру:
- болған оқиғаны картамен байланыстыра отырып салу шеберлігі;
- эстетикалық талғам
- оқиғаның айқындылығы
- көтерілістің ірі ошақтарын көрсету
- басшыларға сипаттама беру
- тарихта алатын орнын, нәтижесін анықтау.
Шығу тестісін алу әр оқушыға 10сұрақ беруі керек.

2.1.Кіру тестісіне жауап береді. 5-10 мин

2.2. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Әр топ көтерілістерді зерттейді.
1 топ- С Датұлы бастаған көтеріліс
2 топ- Ішкі Ордадағы көтеріліс
3 топ- К. Қасымұлы басшылығымен болған ұлт-азаттық қозғалыс
4 топ- 1916ж Ұлт-азаттық қозғалыс
Әр топ өз көтерілістерінің мақсаттары мен себептерін анықтап, қорғайды таблица толтырады.
Қозғалыстың қандай сипатта болғанын анықтайды.

1 топ С. Датұлы мен Ішкі Ордадағы көтерілістерді салыстырады.

Әр топқа мәтін беріледі. Сол мәтіннің бос орындарына дұрыс жауап толтырады.

Әр топ өздері зерттеген қозғалыстардың тарихи маңызын сипаттайтындай етіп, жобаны қорғайды.

Шығу тестісіне жауап береді. 5-10 мин

ІІІ. Қорытынды

Бағалау Сабақта не айтылды?+
Сабақта не айтылмады?-

Оқушылардың белсенділігіне, жауаптарына байланысты бағаланады. Осы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар сабақты қорытындылайды.


Шығу тестісі
Оқушының аты жөні________________________________________________

1.С.Датұлы старшын болған ру:
А) Адай В) Жағалбайлы С) Байбақты D) Беріш Е) Шекті

2. С.Датұлы бастаған көтеріліс кезінде халықтың жағдайын нашарлатқан жұт болды: А) 1783-1784 жж. В) 1790-1791 жж. С) 1796-1797 жж. D) 1802-1803 жж. Е) 1785-1786 жж.

3. Сырым Датұлы көтерілісінің нәтижесі
А) Патша өкіметінің отарлау саясаты әлсіреді В) Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді С) Кіші жүздер 1797 жылы хандық билік жойылды
D) Орыс-казак әскерінің қысымы жойылды Е) Ру аралық қайшылықтар ұмытылды

4. Ішкі Ордада «Хандық кеңес» құрылған жыл
А) 1820 жыл В) 1815 жыл С) 1810 жыл D) 1801 жыл Е) 1827 жыл

5. 1836-1838 жылдары көтеріліс бойынша сот жазалау ісін басқарған
А) Жәңгір хан В) князь Горчаков С) граф Чернышев D) полковник Геке Е) полковник Данилевский

6. 1843 жылы маусымда І Николай көтерілісті басу үшін кімдерді жіберуге келісім берді
А) генерал Обручевтің отрядын В) Сотниковтың отряды
С) Старшина Лебедевтің D) Жантөре сұлтанның отряды Е) Полковник Бизановтың қарулы тобы

7. Кенесарының жер ауыстыруына байланысты құрылған одақ
А) Бұқар мен Хиуа В) Қоқан мен Бұқара С) Қырғыздар мен өзбектер
D) Қытай мен Қоқан Е) Ресей мен Хиуа

8. Жетісу қазақтарының Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен оқиға
А) Қоқандықтардың қазақтарды жерінен қууы В) Қытайдың қысым көрсетуі
С) Кенесарының соңынан ермеген ауылдарды ойрандауы
D) Малдың қырылып, жұт болу Е) Қазақ феодалдарының озбырлығы

9. 1856-1857 жылдары Нұрмұхамедұлы басқарған көтерілістің тірегі болған қала
А) Жаңақала В) Қазалы С) Жаңақорған D) Түркістан Е) Шолаққорған

10. 1855 жылы шілдеде Есет батырдың тобы талқандаған күш
А) Сұлтан Жантөрин В) Майор Булатов С) Генерал-майор Фитингоф
D) Мырза Ахмет хан Е) Сұлтан Тайшық

11. 1868-1869 жылдардағы Қазақ шаруаларының көтерілісі болған облыстар:
А) Орал, Маңғыстау В) Маңғыстау, Торғай С) Орал, Торғай
D) Торғай, Жетісу Е) Сырдария, Ақмола

12. 1916 жылдың қарашасында Торғай көтерілісшілерінің саны қаншаға жетті?
А) 15 мың В)20 мың С) 5 мың Д) 10 мың Е) 2 мың

13. 1916жылғы 25 маусымдағы патша жарлығына қазақ либерал- демократиялық зиялыларының көзқарасы
А) күш көрсетушілікке қарсы болды В) көтерілісшілерге қосылды С) бағынбауға шақырды Д) ымыраға келу саястын ұстанды Е) халық қозғалысын басқарды

14. 1916 жылғы көтерілістің себептері:
А) Болысты өлтіру В) отарлық саясат С) Либерал-демократиялық зиялылардың ұрандары Д) бұратана халықтарды тыл жұмысына алу жөніндегі жарлық
Е) жерді тартып алу