Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Тарих

Қазақстанда отарлау дәуірінің басталуы

Қазақстанда отарлау дәуірінің басталуы

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Қазақстанда отарлау дәуірінің басталуы

 

1. Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанда отарлау дәуірінің басталуы»

 

2. Сабақтың түрі және типі: семинар,  іскерлік ойын

 

3. Сабақтың мақсаты:  Қазақстанды отарлау кезеңі жайлы білімдерін бақылау үрдісінде ішінара іздену және мәселелі ситуациялық  әдістерді, сын тұрғысынан ойлау  инновациялық технологиясын қолдана отырып,  студенттердің білімін бағалау.  

 

4. Міндеттері:

4.1. Білімдік міндет:

  • Қазақстанның Ресейге қосылу барысындағы қарама қайшылықтар мен қиындықтарды түсіну
  • Ұлт-азаттық көтерілістердің қозғаушы күші, мақсаты мен міндеттерін  
  • Абылай ханның мемлекет басшысы, қолбасшысы, дипломат болғаны жайында түсінік,
  • Тарихи ақпаратты іздеу, деректерді ашу, жүйелеу, кешенді сараптауды білу және жүзеге асыруды үйрену.


4.2. Тәрбиелік міндет:

  • студенттердің бірлесіп жұмыс істеуге, өзара сыйласуға тәрбиелеу
  • оқушылардың ұлттық сана – сезімін жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру,
  • студенттер бойында қазақтың елім деп өткен тұлғалардың ерлігіне, олардың кемеңгерлігіне  деген қызығушылық пен құрмет сезімін  қалыптастыру,
  • мақсатқа жету жолында табандылыққа, шыдамдылыққа, ерік-жігердің күшті болуына тәрбиелеу;  

 

4.3. Дамытушылық міндет:

  • топтық жұмыста қабілетін арттыру,
  • алынған ақпаратқа талдау жүргізуді дамыту;
  • елестету қабілетін дамытып, себеп-салдарының байланысын көруді қалыптастыру
  • студенттердің пәнге қызығушылығын дамыту
  • студенттердің   белсенділігін,  ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қасиетін арттыру.

 

5. Күтілетін нәтиже:

5.1.Студенттер түсінуі тиіс:

  • Қазақстанды  отарлау барысындағы тарихи үрдістің жүйелілігі мен тұтастығын сипаттайтын негізгі фактілер, түсініктер, теориялар болжамдар;
  • Абылай ханның  орталықтандырылған мемлекетті нығайтуға ұмтылған әрекеті, Қазақ хандығының саяси жағдайын
  • ұлт-азаттық көтерілістердің негізгі мақсаттарын кезеңдерін, сипатын
  • тарихи үрдістегі маңызды әдістемелік концепцияларды, олардың ғылыми және танымдық негіздерін;

 

5.2. Студенттер жасай біледі:

  • әртүрлі дерек көздеріндегі Патша өкіметінің Қазақстандағы әскери – отаршылдық әрекеттері жайлы ақпаратты ізденуді жүргізу;
  • әртүрлі таңбалық жүйедегі берілген тарихи ақпаратты сараптау (мәтін, карта, кесте, сызба);
  • тарихи проблемаларға құрылған пікірталастарға қатысу, тарихи мәліметтерді дәйек ете отырып, талқыланған сұрақтар бойынша өзіндік көзқарас пен бағыт қалыптастыру;

5.3 Білім алушылар төмендегідей құзыреттерді меңгеруі қажет:

5.4 Базалық:

БҚ-1. Оқыту

БҚ-1.2. Ақпарат: ақпаратты жинайды және сараптайды, білімді тәжірибеде қолданады;

БҚ-1.3. Компютерлік технологиялар: жекне басын дамытуда және жұмыста ақпараттық компютерлік технологияны қолданады.

БҚ-2. Этика

БҚ-2.1. Қоғамдық өмір: студент қоғамдық өмірге белсенді араласады.

БҚ-3. Командадағы жұмыс және байланыс:

БҚ-3.1. Түрлі командаларда жұмыс жасай отырып, жауапкершілігін көрсетеді.

 

6. Пәнаралық байланыс:  Дүниежүзі тарихы,  Саясаттану,  Философия, Мәдениеттану. 

 

7. Сабақ аралық байланыс:  «Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы», «Жаңа заман жағдайындағы Қазақстан мен Ресей».

 

8. Оқытудың әдістемелік құралдары: интерактивті тақта, қаламы,  буклеттер, кестелер,  тестілік тапсырмалар, оқулықтар, фильмді диск. Электронды оқулық: авторы Қаражан Қ.С. Қазақстан тарихы. А.,2010. Қазақстан тарихынан ЦБР (Цифрлік білім беру интернет ресурстары) 2012-2013ж.

lms.nci.kz/history.

 

Негізгі әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә.  Қазақстан тарихы.-Алматы, 2005.
  2. Қазақстан тарихы. 5 томдық.  3 том – Алматы,  2002.
  3. Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін. Оқу құралы. – Алматы, 1993.
  4. Қозыбаев М.Қ., Бекмаханова Н.Е. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1991.
  5. Кәдіқұлова Г.Қ. Қазақстан тарихы: Оқулық.-Алматы, 2005.
  6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.

 

Қосымша әдебиеттер:

  1. Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. – Алматы, 1994.
  2. Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі. Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918 жж.). – Алматы, 2000.
  3. Бекмаханов Е.Б. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан. – Алматы, 1994.
  4. Қазақтың көне тарихы. – Алматы, 1993.
  5. Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты. – Алматы, 1994.
  6. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы, 1999.
  1. Қ.С. Қаражан. Қазақстан тарихы. Алматы. 2009
  2. Г.В, Кан, Н.У. Шаяхметов. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2012

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың барысы

Сабақ бөлімдері

Бөліне-

тін уақыт

Оқытушының  басқарушылық қызметі

            

оқушылардың әрекеті

сабақтың әр бөлімінің құралдар-жабдықтары

І.

Ұйымдастыру    кезеңі

 

3-5

минут

- оқушыларды түгендеу, аудиторияның дайындығын тексеру,

- сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндетін жариялау

- жоспармен таныстыру

-оқушылар сабаққа даярланады,

-жоспардағы тапсырмаларға  дайындалады.

Интерактивті тақта

ОҚБ. КТЖ

 Теориялық журнал

ІІ.

Тақырып бойынша  білім  деңгейін бақылау кезеңі.

 

 

60-65 минут

 

Оқушылардың білімін, дағдылары мен  біліктілігін бағалау және коррекциялау:

1-ші бөлім.

«Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы және оның салдары» бойынша

тестілік тапсырмалармен бақылау жүргізу

(қосымша №1)

 

6-нұсқалы 10 сұрақтан тұратын тестілік тапсырманы орындайды.

 

Тестілік тапсырма.

 

2-ші бөлім. 

«Абылай ханның қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі» - репродуктивті әдісті қолдану арқылы

 «Джепарди» ойынын өткізу.

 

Интерактивті тақтадағы ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді

 

Интерактивті тақта, қалам,

тұлғалар портреттері, фильм дискісі.

 

3-ші бөлім.

«Кіші жүз қазақтарының патша үкіметінің отарлау шараларына қарсы күресі» -  топтық жұмыс ұйымдастырады. Әр топқа  4 тапсырмадан тұратын  кесте жұмысы беріледі.

Жауапта тақырыптың немесе мәселенің нақтылығы, күрделілігі және студенттің  белсенділігі, аз уақыт ішінде ойын жүйелі түрде жеткізе алуы ескеріледі. Ішінара іздену немесе мәселелі ситуациялық әдісті қолданады.

 (қосымша №2)

 

Студенттер 6 кіші топқа бөлінеді,  әр қайсысы жеке-жеке тапсырмаларды орындайды. Жауап уақыты 1 минут.

Кестелер, интерактив-

ті тақта, қаламы,  оқулықтар.

 

ІІІ.

Бекіту кезеңі.

7-10 минут

 

Цифрлік білім беру интернет ресурстарын пайдалану арқылы «Онлайн» тапсырмаларын өткізуді ұйымдастырады.

Сұрақ-жауап әдісі.

 

 

Тақтада берілген сұрақтарға ауызша және қаламның көмегімен жазбаша жауап береді.

Интерактивті тақта. (цбр №323-1,2,3,4-ші  тапсырма,

№360-1,2 -тапсыр.

№361-3,4.тапсыр.

Электр. оқул.-«Қазақстан Ресей құрамында» -№7, 9-тапсырма.

«Ұлт-азаттық көтеріліс»-№3.

ІV. Қорытынды кезең.

7-10 минут

А) сабаққа қорытынды жасап, үздік оқушыларды атап, интерактивті тақтадан білім деңгейін көрсету арқылы бағаларын қою, хабарлау.

Б) Үйге тапсырма: «Ұлт-азаттық көтерілістің 2-ші кезеңі»  тақырыбына дайындалу.

 

Өз бағаларымен таныс болады. Үй тапсырмасын дәптерлеріне жазады.

Интерактив-

ті тақта.

 

Теориялық журнал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семинар тақырыбы: Қазақстанда отарлау  дәуірінің басталуы.

 

Жоспар:

  1. Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы және оның салдары
  2. Абылай ханның қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі.
  3. Кіші жүз қазақтарының патша үкіметінің отарлау шараларына қарсы күресі

 

 

1. Кіші жəне Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы жəне оның салдары.

Қазақ халқының тарихында XVІІІ ғасырдың басы аса бір ауыр кезең болды. Тəуке хан 1718 ж. қайтыс болған соң қазақ жүздері арасындағы саяси жəне шаруашылық байланыстар əлсіреп, билеуші топтар арасындағы алауыздықтар барған сайын үдей түсті. Тəуке хан тұсында бір орталыққа бағынған Қазақ хандығы саяси бытыраңқылыққа ұшырады. Белгілі орыс тарихшысы — ғалым А.И.Левшин өзінің “Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей” деген еңбегінде Қазақ хандығын Тəуке хан билеген кезеңді былай сипаттайды: «Тəукенің атын атасақ, бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп, мақтаныш билейді. Қазақ ордасының Ликургы, Драконты — сол адам. Тəуке ала ауыз болып, қырғынға бөккен елді сабаға түсіріп, ру мен рудың арасындағы талай жылғы қантөгісті тоқтатты, ақылы мен əділдігінің арқасында жұрттың бəрін өзіне мойынсұндыра білді, əлсіз рулардың басын қосып, əулетті дұшпанға қарсы қоя алды, күштілерді тізеге салып, тəубəсіне келтірді, баршаға ортақ заң жасап, сол бойынша билік айтты».

Тəукеден кейін Қазақ хандығы іс жүзінде жеке-жеке хандықтарға бөлінді. Жүздердің əрқайсысы жеке хан сайлауға көшті, ал ұлыстарды басқарып отырған сұлтандар сол хандарға тікелей бағынды. Жолбарыс Ұлы жүздің (1720—1740 жж.), Қайып (1716—1719 жж.), сосын Сəмеке (1719—1734 жж.) Орта жүздің, Əбілхайыр (1718—1748 жж.) Кіші жүздің хандары болды. Тəукенің тағына отырған оның баласы

Сонымен бірге Ресей қазақтар арқылы жоңғарлар мен башқұрттарға күш көрсетуге немесе əлсіретуге мүмкіндік аламыз жəне Орта Азия халықтарын бағындыруға жеңілдік туады деп есептеді.1731 жылы 19 ақпанда Ресейдің патшасы Анна Иоановна қазақтарды Ресей бодандығына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойды. Бұл құжатта былай жазылған: біріншіден, қазақтар патшаға берік болса жəне де салық төлеп тұруға уəде берсе, екіншіден, Ресей азаматтары қазақтарды енжітпесе, қорлық көрсетпесе; үшіншіден, қазақтарға біреулер шабуыл жасаса, Ресей империясы оларды өз азаматтарындай қорғаса, төртіншіден, тұтқынға түскен орыс азаматтарын қайтарып, башқұрт жəне де қалмақтармен тату-тəтті боламыз деп қазақтар уəде беріп отырса, біз оларды Ресей империясының қол астына аламыз да, оның боданы деп есептейміз.

1731 жылы 5 қазанда А.И.Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ордасы орналасқан Майтөбе сайына келді. Атақты мейманды бастап жүруді Əбілқайыр хан үлкен баласы, тəжірибелі жауынгер,əкесінің қызметін түгелдей қолдаған Нұрмұхамед Əли Баһадүрге(Нұралыға) тапсырды. Алайда Ұлы даланың тілі де, əдет-ғұрпыда жақын, түсінікті болған бұрынғы татар мырзасының күрделі дипломатиялық мансабының алғашқы қадамдарының өзі көрнекті ақсақалдардың, сұлтандардың зор қарсылығына ұшырады. Олар орысқа бодандық туралы естігілері де келмеді, «ханды соқыр тиын сияқты да көрмеді» тіпті оны өлтіруге тырысқаны туралы дерек бар. Осы жағдай Əбілқайырдың Ресей патшасына елшілерді билеуші топтармен жəне халықпен ақылдаспай жібергендігін дəлелдейді. Ал Тевкелев болса өз басының пайдасын ойлап келген адам, сондықтан ол өз мақсатын орындау үшін қазақтың кейбір ақсақалдары мен билеріне мол сыйлықтар беріп, алдап-сулап əрең көндірген деп жазады тарихшы С.Асфендияров. А.И.Тевкелев күнделігіне 2 жылға жуық уақыт бойы үнемі өлім қаупіне бас тіге жүріп, аштыққа шыдап, бүкіл қабілетін жұмсап, бүкіл орданы көндіргенін жазды.

Бірінші болып бодандыққа Əбілқайыр хан ант берді, оған Бөкенбай ақсақал, содан соң Есет батыр қосылды. Сол арада адалдыққа 27ақсақал ант берді. Сонымен қазіргі кейбір басылымдарда жазылып жүргендей бастапқыда антты 27 емес, ханнан басқа 29 адам бекітті. Бодандықты қабылдаған Əбілқайыр Ресей империясының шығыс шекарасын, орыс көпестерінің сауда керуендерін қорғауға, орыс мемлекетіне əскери көмек көрсетуге, бағалы терілерден салық төлеуге уəде берді. Бірақ бұл уəделердің бəрі толық орындалған жоқ. Сонымен қатар Əбілқайыр, патша өкіметінен өз ұрпағында хандық биліктің қалуын, іштен жəне сырттан қиындықтар туа қалған жағдайда, өзіне тірек жəне қорған болатын Ор бекінісін салуды талап етті. Əбілқайырдың бұл талаптарына патша өкіметі үлкен мəн бермеді, себебі жоғарыдағы талаптар патша үкіметінің шығыс шекарасындағы мүдделеріне қарсы келмеді. Тіптен Хан ордасы мен шекаралық аймақта бекініс салу Ресей үшін хандық бодандықты нығайтуға тиімді еді.

 1731 жылы Кіші жүз бен орыс мемлекетінің арасындағы қарым-қатынас осы жылы Ресей империясының протекторатын қабылдау туралы құжатқа қол қойғаннан бастап іс жүзінде бекітілді. Бұл сонда, қандай қарым-қатынас? «Протекторат немесе қамқорлық қатынастар — бастапқыда күшті жəне əлсіз мемлекеттердің арасында ерекше құқықтар мен өзара міндеттемелер белгілейтін шартқа негізделген қатынастар. Оның мəнісі — алғашқысы кейінгісін қорғаса, ал кейінгісі алғашқысына егемендігін сақтай отыра белгілі қызмет көрсетеді» дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед

 

2. Абылай ханның Қазақ хандығын нығайту

жолындағы қызметі

 Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-əңгімелер, өлең-жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз жəне де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қа лып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қа зақтың барлық хандары мен билерін-сұлтандарын бағындыра алғанын жəне де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мəлімгер, күйші екенін айтқанымыз жөн.

Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уəлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты — Əбілмансұр. 1711 жылы əкесі Көркем Уəли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Үш айдаһардың (Жоңғар, Қытай, Ресей) ортасында қазақ мемлекетінің жойылып кету қаупі төніп тұрды. Қытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып отырды.

Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22-де батыр, қолбасшы ретінде танылады.

XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен жəне Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ əскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мəжбүр болды. Абылай қазақ əскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі əскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан бұл кезде қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, халықтың тұтастығын, мемлекеттің егемендігін, тəуелсіздігін сақтап қалуды мақсат еткен.

Ал бұл туралы А. Левшин былай деп жазады: «Жауын сұсымен де, күшімен де сескендіре отыра, ол өз қалауымен біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мəжбүр болғанымен шын

мəнінде ешкімге де бой ұсынбаған тəуелсіз басшы болды».

Екі ірі мемлекетпен дипломатиялық, сауда қарым-қатынастарын орнатып, кезінде жоңғарлар басып алған Алтай, Тарбағатай өңіріндегі қазақ қоныстарын қайтарып алды. Қазақтар жаппай ата-мекендеріне орала бастады. Жоңғарлармен күресте халықтың басын біріктіруде ерекше рөл атқарды. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санасуға мəжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін, жерінің тұтастығын сақтап қалды.Абылай өткір ойлы, терең білімді шешен адам болған. Бірнеше түрік халықтарының жəне де парсы, қытай, орыс тілдерін жетік білген. 1741 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қоршауында қалып, тұтқынға түседі. Тұтқында болған екі жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі — мықты орталықтанған билікке бағынуында жəне де халықтың бірлігінде екенін түсінеді. Абылай сұлтан жəне де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың 5-і қыркүйегінде елге қайтып оралады. Абылайдың тұтқындағы екі жылдай уақыт ішінде өзінің қадір-қасиетін жоғалтпай жоғары ұстауы, сөз жүйесіндегі тапқырлығы мен батылдығы жауларын таңқалдырған. Қалдан Церен Абылайдың даналағына бас иіп, оған жоғары мəртебелі сый сияпат көрсеткен жəне де «ол (Абылай) заманынан жүз жыл бұрын ерте туды, бүкіл əлемді билеу қолынан келеді» деп тегіннен-тегін айтпаған болар.

ХVІІІ ғ. 50- жылдары Жоңғар мемлекеті саяси дағдарысқа ұшырап, əлсіреп, ыдырай бастады. Бірақ, Абылай ол елді қырып шапқан жоқ. Себебі, Қытай империясымен Қазақ елінің арасында қалқан рөлін атқарған Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге əкеліп соғатынын Абылай жақсы түсінген. Сондықтан да ол қалмақ халқының Қытай басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресін қолдады. Бірақ, қалмақтар ауыз бірліктен айырылды,соның нəтижесінде 1756—1757 жылдары Цин империясы Жоңғар мемлекетін жойып, халқын қырып тынды.

XVІІІ ғ. орта кезінен бастап Абылай қазақ елінің ерікті, іргелі біртұтас ел болуын, атақонысына жайғасып, бейбіт еңбек етуін қалады. Ол елді отырықшылыққа көшіруді, Үш жүздің басын қосуды, туған Отанын жаудан қорғауды мақсат етті. Абылай хандық құрған кезде ханның жанында Кеңес болған. Оған барлық жүздердің өкілдері қатысып, маңызды мəселелерді қарайтын жəнеде бүкілқазақтық Құрылтай шақырылып, соғыс пен бітім, қоныс пен жайылым, дау мен дамай, басқа халықтармен арадағы сауда мен дипломатиялық қарым-қатынас мəселелері қарастырылып отырды.

Ташкент, Ходжент, Сайрам, Шымкент, Созақ, Түркістан қалалары азат болған соң, яғни қазақ хандығына қайтадан қарағаннан кейін, Үш жүздің бірлігінің көрінісі ретінде ежелгі Түркістан қаласы қазақ мемлекетінің астанасы болып белгіленді.

Ал сауда-саттық жүргізу ісіне көп көңіл бөлгені де орынды еді.Бұрын айырбас сауда тек Орынборда ғана жүргізілсе, енді 1760-жылдары Троицкіде, Семейде, Қызылжарда жүргізілетін болды. Ертіс өзенінің сол жағын бойлай шығысқа — Қытайға қарай «Абылай жолы» атты сауда жолы салынды. Қазақ хандығы мен Қытай арасындағы сауда-саттық биік дəрежеге көтерілді. Тарбағатай мен Құлжада жəрмеңкелер ашылып, олар қазақтарға малын, қолөнер бұйымдарын Қытай тауарларымен айырбастауға мүмкіншілік тудырды жəне Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріне де Қытаймен сауда қарым-қатынасын орнатуға жол ашты.

1771 жылы үш жүздің өкілдері жиналып Абылайды бүкіл қазақтың ханы етіп сайлайды. Оның хан атағын Қытай императоры да, орыстың ақ патшасы да бекітеді. Ресей патшасы Екатерина ІІ Абылайды хандыққа бекіту, əйтпесе, оған əлдебір нұсқаулар беру шін оны талай рет Петербургке, не Орынборға арнайы шақыртады,алайда Абылай хан ол шақыртуларға: «Мені үш жүзге хан қылып халқым сайлады, ендеше бұған қоса айрықша бір куəлік алудың қажеті жоқ»,— деп жауап берген. Шын мəнінде де Абылай ханның тұсында қазақ мемлекеті өзінің ішкі, сыртқы саясатын ешкімге жалтақтамай дербес жүргізді. Ол өз мемлекетінің дербестігін бəрінен де жоғары санады.

XVІІІ ғ. 70- жылдары Түркістан аймағында тұратын қазақтарды қырғыздар шауып, мал-жандарын айдап əкетіп отырады. Қазақтар Абылайдан өздерін қорлықтан құтқарып, қорғауды талап етеді. 1779 жылы Абылай əскерлері қырғыздарды талқандап, басшысы — Садырбаланы тұтқынға алады. Қырғыздар келісімге келіп, бітім жасауды өтінеді. Сосын, Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ қалаларыбосатылады, ал 1781 жылы Ташкентті бағындырады, оны алым-алық төлеп тұруға міндетті етеді. Абылай хан «... өзі əулет басы  ретінде рубасыларының ғұрпы бойынша өмір сүру үшін Түркістанда қалды. Сонда 1781 жылы дүние салып, мүрдесі Қожахмет Яссауидің  мешіті алаңына жерленді»,— дейді Ш. Уəлиханов.

Абылай хан мемлекеттің, қазақ халқының жағдайын шұғыл түзеді. Абылай кезеңі тарихта ең бір елеулі кезең болды. Жау қуылды, халық өз жерінде емін-еркін тұрмыс құрды, бірлікке,ұйымшылдыққа негізделген хандық билігі құрылды. Солай бола тұрса да Абылай хан көзі тірісінде қазақ елінің мемлекетінің тұрақты болуының тарихи жағдайын жасап үлгермеді. 1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін еліміздің тұтастығы ыдырап, Қазақстан тəуелсіздігінен айырыла бастады.

Абылай хан — XVІІІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы.Ол туралы орыс ғалымы А. Левшин былай дейді: «Абылай тəжірибесі, ақыл-айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны,күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен,Қытайдың боғда ханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бəрінен де басым еді. Ол ұстамды, досына мінəйім мінезді, жауына қатал, қаһарлы кісі еді.  жұртты өзіне тарта, ерте білетін еді».

Бұл жерде Абылай ханның XVІІІ ғасырдан күйі жеткен санаулы күйшілеріміздің бірі екенін айта кеткен жөн болар. Себебі, қазақ қоғамында күйдің алар орны айрықша, ең мол дерек көзі күй тілінде жəне күй аңыздары түрінде сақталған. Абылай ханның күйлерінің тақырыбы нақтылы өмір құбылыстарына арналған жəне де ел қамымен халық тағдыры жөнінде толғанған ойларын сипаттайды. Абылай ханның күйлері туралы Ш. Уəлиханов, А. Затаевич сияқты ғалым–зерттеушілер кезінде жазған. Олар: «Ақ толқын», «Бұлан жігіт»,«Дүние қалды», «Қайран елім», «Қоржын қақпай», «Жетім торы» т.б.«Бұл күйлердің бəрі күні осы уақытқа дейін Абылай ұрпақтарына сонау бір даңқты кезеңдерді елестетеді» дейді Ш.Уəлиханов. Абылай ханның алға ұстаған саясаты, мақсаты — қазақ халқының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тəуелсіздігі еді. Алайда ол дүние салғаннан кейін қазақ мемлекеті қайта бөлшектеніп ыдырай бастады. Ресей империясы қазақ жерін отарлауды қызу қолға алды. Оны іске асыру əртүрлі жолдармен іске асты, яғни əскери шеп бекіністер салу, қазақ жерін тартып алу, хандық билікті жою, рухани отарлау жəне т.б.Абылай кезінде қазақ хандығының саяси жəне экономикалық жағдайы жақсарды. Қазақ халқы бірлікке, тəуелсіздікке, бейбіт өмірге ұмтылды. Абылай сұлтан болған кезінде ақыл-айласымен,сабырлы салмақтылығымен маңайына Төле би, Əйтеке би, Қазыбек би, Байдалы би, Сасық билерді, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жəнібек, Шапырашты Наурызбай т.б. батырларды, Бұхар жырау, Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау сияқты сыншы-жырауларды топтастыра білді. Абылай ел арасында аса зор беделге ие болған. Қазақ халқының басқа халықтармен терезесі тең дамуы үшін жан аямай арпалысқан хан. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Абылай деген ат тəуелсіздік, бостандық, бірлік, ерлік,азаматтық, мемлекеттік тəрізді ұғымдармен бірге айтылатын болды.

 

3. Кіші жүз қазақтарының патша үкіметінің отарлау шараларына қарсы күресі.

 ХVІІІ ғасырдың 30- жылдары Кіші жүзді өзіне тəуелді еткен соң патшалық Ресей біртіндеп қазақ даласындағы отарлау саясатын тереңдете бастады. Оның барысында елдің шаруашылығы күйзеліске ұшырап, саяси жағдайлар шиеленісе түсті. Мұның барлығы Қазақстанның əр өңірінде халықтың наразылығын тудырып, көтеріліске шығуға итермеледі. Ал, Кіші жүз өңірінде қалыптасқан жағдайлар қазақтардың Е. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуына себеп болды. Сондықтан, ол жағдайларды өз мүддесіне пайдалануға тырысып, 1773 жылдың 6 кыркүйегінде қазақтарға “қамқор” болатынын білдіріп манифест жазып, 200 адамнан тұратын қазақ жасақтарын жіберуді сұрайды. Пугачевтың жазған мұндай үндеулері қазақтар арасынан біршама қолдау тапты.

Қазақ жасақтары Жайық қалашығына, Озерная, Сахарная, Кожехаров, Красногор дистанциялық бекіністеріне шабуылдар жасайды. 1773 жылдың 5 қазанында Пугачевтың көтерілісшілері Орынборды қоршауға алған тұста Досалы сұлтан бастаған қазақ жасақтары Пугачевтың өтініші бойынша Орынборды қоршауға алуға қатысады. Досалы сұлтанның үш баласы Пугачевты қолдап көтеріліске қатысқан болатын. Орынборды қоршау 5 айға созылып, оның барысында 2000-дай қазақ жасағы қолдау көрсетті.

Пугачев көтерілісіне қазақтардан басқа башқұрттар, қалмақтар,т.б., қатысқан еді. Бұл көтерілісті басуға патша əкімшілігі жақсы қаруланған жазалаушы əскер жіберді. Жазалаушы əскер Қазан маңында көтерілісшілерді басып-жаншыған соң, Пугачев бастаған көтеріліс жеңіліс тапты. 1775 жылдың көктемінде жазалаушы əскер көтеріліске қолдау көрсеткен қазақ ауылдарына шапқыншылықтаржасады. Бұған шыдамаған қазақтар далаға ішкерілей көшіп кетіп, бас сауғалайды.

Мұндай шабуылдар кейде тіпті ойдан шығарылған сылтаулар арқылы да жасалған, оның ұйымдастырушылары Жайықтағы казак-орыс əскерінің атамандары. Бұл шабуылдардың көп болатын себебі,шабуылға қатысқандар олжа түсіріп, ауқаттанып отырғандығын Орынбор əкімшілігінің өзі де мойындайды.

Осындай əлеуметтік-саяси себептер С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтеріліске шығуына негіз болды, Яғни, 1783 жылдың көктемінде Жайық казактарының қазақтардың 4 мыңнан аса жылқысын айдап əкетуі елдің ішіндегі жағдайды одан əрі шиеленістіріп, көтерілістің басталуына əкеп соғады. Көтеріліс алғаш Кіші жүздің батыс өңірін Тама руын қамтып, кейін Орал мен Жем өзендерінің арасына қоныстанған басқа да руларға таралды. Көтеріліске елге жастайынан ақылдылығымен, шешендігімен танымал болып бала би атанған халық арасында беделі зор, ықпалы күшті Байбақты руының старшыны С.Датұлы жетекшілік жасады.

1783 жылы көтерілісшілер қазақ ауылдарына шабуыл жасаған казак-орыс атамандарының бірі Чагановтың отрядын талқандап, оның өзін тұтқынға алып, кейін Хиуа хандығына құлдыққа сатып жібереді. Осы жағдайдан кейін көтерілісшілерге қарсы Орал қаласынан əскер шығып, 1783 жылдың желтоқсанында күтпеген жерден С.Датұлын қолға түсіреді. Бірнеше ай түрмеде отырған Сырымды құдасы Нұралы хан 1784 жылы кепілдікке 70 жылқы, 350рубль ақша төлеп босатып алады. 1784 жылдың мамырында елге оралған Сырым өз жасағымен Орал əскерлеріне қайта шабуыл бастайды. Бірақ, оның бұл əрекеті Нұралы хан тарапынан қолдау таппайды. Нұралы оған керісінше қарсы болып, көтерілісті басуға əкімшіліктен қосымша əскер жіберуді сұрайды. Нұралы ханның бұл ісіне риза болмаған Сырым, онымен араздасып, енді көтеріліс тек Жайық казактарына ғана емес, Əбілқайыр əулетінен шыққан хан мен сұлтандарға да қарсы бағытталады.

1784 жылы көтеріліске Байбақты, Табын, Шекті, Шеркес руларының адамдары да қатысты, кейін көтеріліс одан əрі қанат жайып — Барақ, Тіленші, Оразбай, Айшуақтың баласы Жантөренің иеліктерін, Жоғарғы Орал бекінісі мен Елек қалашығына дейінгі аралықты қамтыды. 1784 жылдың күзінде көтерілісшілердің саны 1000 адам болса, 1785 жылы Сырым батырдың жасағында — 2700,Барақ батырда — 2000, Тіленші батырда — 15000 адамға жеткен.1785 жылдың көктемінде Сырымның жасағы Антоновск форпостына, Сахарная қалашығына, Орал бекіністеріне шабуылдар жасап,оларға көп шығын келтіреді.

1785 жылдың наурызында көтерілісті басуға Орынбор қаласына Елек өзенінің жоғарғы ағысын бойлай генерал-майор Смирновтың отряды, Сарайшық бекінісінен Пономарев пен Колпаков басқарған Жайық казактары аттанады. Бұл отрядтар көтеріліске қатысушы ауылдарға ойран салып, тонап, Қаракөл маңындағы ауылдардан 112 адамды тұтқындап алып кетеді. Майор Назаровтың отрядына Сырымға көмекке келе жатқан Айшуақтың баласы Аппақ бастаған сарбаздар қарсылық көрсетіп, осы шайқаста Аппақтың өзі де ерлікпен қаза табады. Назаровтың отряды Табын руының ауылдарына шабуыл жасаған кезде Айшуақтың екінші баласы Жантөрені соққыға жығып, балалары көтеріліске белсенді қатысқаны үшін Айшуақ сұлтанды тұтқындап, 2124 жылқысын қоса айдап кетеді. Осыдан Айшуақ 1787 жылға дейін түрмеде отырады.

Орынбор генерал-губернаторы арқылы осы жағдайлармен танысқан патша ІІ Екатеринадан “кіші жүз үш бөлікке бөлініп, билер мен сұлтандар арқылы басқарылсын” деген нұсқау келеді. Осыдан кейін генерал-губернатор О.А.Игельстром Кіші жүзді басқарудың империялық басқару жүйесіне жақын жобасын жасайды. Оның жобасы бойынша Кіші жүздегі хандық билік жойылып, елді басқару Орынбор шекаралық сотына беріледі, ол генерал-губернаторға бағындырылады. Тарихта “Игельстром реформасы” деген атпен қалған бұл реформа, жалпы империядағы саяси жағдайға байланысты жəне жергілікті жерде түрлі қарсылықтарға ұшырап, толықтай іске аспайды.

“Игельстром реформасы” толық нəтиже бермеген соң, патша үкіметі хандық билікті қалпына келтіру мақсатында енді сұлтандармен арадағы одақты нығайтуды көздеді. О.А.Игельстромның орнына жаңа тағайындалған генерал-губернатор А.Пеутлинг Нұралының інісі Ералымен байланыс жасап, қазақ қоғамына қатысты қатал саясат ұстанды. Губернатордың саясатына сəйкес Жайық казак-орыс əскерлері қазақ ауылдарына шабуылдарын қайта үдетті. Старшындарға қарсы саясат жүргізіп, олардың билігіне шеек қоя бастады. 1790 жылы Орынборға барған билер мен старшындар қамауға алынады. Осы жылы Уфа қаласында Нұралы хан қайтыс болып, орнына билер мен ру басылары жиналып Есім сұлтанды Кіші жүздің ханы етіп сайлайды. Бірақ патша əкімшілігі бұл сайлауды мойындамай, хандыққа Ералыны ұсынды. 1791 жылы күзіне қарай генерал-губернатордың қатысуымен Ор қаласының жанында өткен жиналыста билер мен ру басыларының шешіміне қарамастан Ералы хан сайланды. Ералының хан сайлануы ел ішінде наразылық тудырып, стихиялық бас көтерулер байқалды. С.Датұлы Кердері жəне Табын руларының старшындарына хат жазып, ауылдарды Мұғаджар тауларына көшіру керек екенін жəне өзінің патша үкіметіне қарсы күреске шығатынын хабарлайды. Бірақ оның пікірі старшындар арасынан қолдау таппайды. Оған қарамастан азаттық күресі жалғасып, негізінен шекара өңіріндегі руларды қамтиды. 1792 жылы қыркүйекте Сырым бастаған көтерілісшілердің Елек қаласына жасаған шабуылы сəтсіз аяқталады.

77 жастағы Айшуақ сұлтанды 1797 жылы қазан айында патша үкіметі хан етіп тағайындайды. Осылайша, 1783 жылдан 1797 жылға дейін 14 жылға созылған Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс халықтың босқа қырылмауы, ел ішінде тыныштық сақтау мақсатында тоқтатылады. Көтерілістің қозғаушы күші — халық болды. Оған билер мен батырлар, старшындар мен ру басылары да,қарапайым шаруалар да қатысты. Ресей отаршыларының жүргізген құйтырқы саясатының нəтижесінде хандық билік дағдарысқа ұшырады. Сонымен қатар патшалықтың отарлау саясатының одан əрі тереңдей түсуі, орыс-казак əскерлерінің қазақ жерлерін тартып алуы дəстүрлі шаруашылыққа үлкен нұқсан келтірді, қоныстар мен жайылымдық жерлерді тарылтты. Сондықтан, көтерілісшілер негізінен екі үлкен мəселені қойды : бірі дербес саяси хандық билікті, екіншісі қазақ жерінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету.

Қорыта айтқанда, Е. Пугачев бастаған көтеріліске қазақтардың қатысуы, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қазақ тарихында Ресей империясының отаршылдық саясаты мен жергілікті билеуші топ өкілдерінің езгісіне қарсы бағытталған маңызы зор азаттық қозғалыстың бірі болды.

 

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Жанар Жорабаева

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы. Балқаш қаласының медициналық колледжі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Тарих | Қосты: Zhanar81 (30.01.2015) | Автор: Жанар Жорабаева W
Көрсетілім: 1583 | Ілмек сөздер: дәуірінің, Қазақстанда, басталуы., отарлау | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 20
Қонақтар: 20
Тіркелгендер: 0