Сайт учителя начальных классов
.
ҚАЗАҚСТАН XIII-XV  ҒАСЫРЛАРДЫҢ I ЖАРТЫСЫНДА

ҚАЗАҚСТАН XIII-XV ҒАСЫРЛАРДЫҢ I ЖАРТЫСЫНДА

ҚАЗАҚСТАН XIII-XV  ҒАСЫРЛАРДЫҢ I ЖАРТЫСЫНДА

(қайталау сабағы, 7 сынып)
Аукцион сабағы
       Сабақтың мақсаты:
       Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды қайталау.
       Тәрбиелік: Оқушыны  жан – жақты терең, еркін ойлауға, ұстамдылыққа, өз ойын бөлісуге, өзгенің де  ойын тыңдай  білуге тәрбиелеу.
       Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау, қабілетін жетілдіру, қызығушылығын арттыру.
       Сабақтың типі: Білімді жинақтау, қорыту.
       Сабақтың формасы: аукцион-сабақ
       Сабақтың көрнекілігі: 
1. Аукционға қатысушылардың нөмірлері
2. Аукционға қатысушылардың қозғалысын тіркейтін есеп журналы
3. Банктің өзіндік парағындағы ақшалай қозғалыс есебін жүргізу журналы
4. Аукционға қатысушының жеке парағы
5. Қазақстан Республикасының картасы
6. Аукцион сабағын өткізуге арналған қажетті сұрақтар
7. Оқушының ұсынысы және өзін бақылайтын картасы
       Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2. Негізгі бөлім.
3. Қорытындылау.
4. Бағалау.
5. Үйге тапсырма.
 
«Адам байлығының ішіндегі
ең тамашасы – білім»
Әбу-р-Райхан әл Бируни
Сабақтың барысы:
     I. Ұйымдастыру
     Рефлексия. 
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету) 
Слайд 1 Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай? 
Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді. 
   II. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
                                Ізгі арманын, үмітін
                                Бабалардың жалғаймыз! 
                                Білім көкжиегінде 
                                Жалындаймыз, самғаймыз!- дегендей қазір бізде қай сабақ?
-Қазақстан тарихы сабағы
-Қазақстан тарихы пәніне дайын болу үшін біз не айтамыз?
А) Психологиялық дайындық
      Слайд 4  «Өз елінің тарихын білмеген адам, басқа елдің тарихын біліп жарытпас» (хормен айту)
 
 Міне балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.
«Келгенше қонақ ұялады,
  Келген соң үй иесі ұялады»,- демекші,біз ұятқа қалмауға тырысайық. Бар білімімізді ортаға салайық.
      Слайд 5-6 Біз, Қазақстан XIII-XV  ғасырдың I жартысында бөлімін оқып шықтық. Бүгінгі сабағымызда өткенімізді қайталап, материалды қорытындылаумыз керек. Сабағымыз аукцион түрінде өтеді. Слайд 7 Зейіндеріңді тақтадағы эпиграфқа аударыңдар. «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім» деп шығыс ғұламасы  Әбу-р-Райхан әл Бируни айтқандай, білім байлығы саудаға түсер аукцион шартымен танысайық. Аукционда сауда доллар шартты бірлігімен жүргізіледі.
       Аукционға қатысушылар, аукцион басталар алдында банктен бастапқы капитал ретінде 5000 шартты бірлік несие алады, қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы жылдық 30 пайызды құрайды. Аукционның соңында несие алған әр қатысушы, банкке 6500 шартты бірлік қайтару керек.
 
Слайд 8 Ойынның ережесі
   1. Аудиторияға сұрақ қойылады.
   2. Сұраққа жауапты ашық саудаласу кезінде жоғары сомманы төлеген қатысушы сатып алады.
   3. Лоттың бастапқы бағасы 100 ш.б. Саудаласу құны 100 ш.б.
   4. Қатысушы өз бағасын айтарда нөмірін көтеру керек.
   5. Лотты сатып алған қатысушы банкке сол соманы төлеуі қажет.
   6. Дұрыс жауап берген қатысушы банктен ақшалай сыйақы алады.
   7. Берілген сұраққа аукционға қатысушы дұрыс жауап бере алмаса, банкке 100 ш.б. айыппұл
   төлейді.
   8. Қатысушының ақшасы біткен жағдайда, ол жүргізушінің  келісімі бойынша банктен 
   жылдық 50 пайызға 1000 ш.б. қосымша несие ала алады.
   9. Бағалау критерилері:
«үздік» - 4000 жоғары
«жақсы» - 3000-4000
«қанағаттанарлық» - 2000-3000
 
Негізгі бөлім
Слайд 9 Сабақ екі турдан тұрады. 
Слайд 10-44 I-ші тур. Аукцион сабағын өткізуге арналған сұрақтар
 
Р/с № Аукцион сұрағы (лот) Дұрыс жауапқа сыйақы (ш.б.)
1 Әскери-феодалдық монғол империясы қашан құрылды? 1500
2 Шыңғысханның әдет-ғұрып заңдар жинағының атауы. 1500
3 Темүжіннің өмір сүрген жылдары 1500
4 Отырар қаласы неше ай қорғалды? 1500
5 Алтын Орда мемлекетінің негізін салушы 1500
6 Алтын Орда құрылды: 1500
7 Алтын Орданың астанасы 1500
8 Әмір Темір қай кесенені салғызды? 2000
9 «Батпақ шайқасы» қай жылы болды? 2500
10 Әбілхайыр билікті қай жылы қолына алды? 1500
11 Ноғай Ордасының екінші атауы 1500
12 Атабек деген кім? 2000
13 Шыңғыс ханның Отырарға жіберген сауда керуеніндегі адам саны: 1500
Сергіту сәті:
 
 
Слайд 45- 56 II-ші тур. Аукцион сабағын өткізуге арналған жартылай ашық сұрақтар
 
Р/с № Аукцион сұрағы (лот) Дұрыс жауапқа сыйақы (ш.б.)
1 Шыңғысхан мемлекетін неше әкімшілікке бөлді? 1500
2 Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін, оның орнына кім отырды? 2000
3 Әмір-Темір қай мемлекеттің билеушісі? 2000
4 Әмір-Темір ауырып қай қалада қайтыс болды? 1500
5 Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде XIII-XV ғасырдың басында өмір сүрген мемлекет: 2000
6 Әмір Темірдің өз өкіметінің тірегі ретінде қолдаған діні: 1500
7 Моғолстан мемлекетіндегі ең қуатты тайпа: 1500
8 Ақ Орданың негізін қалаушы? 1500
9 «Көшпелі өзбектер мемлекетінің» алғашқы астаналары? 2000
10 Әбілхайырдың билік еткен жылдары: 1500
11 Қазақстан жеріндегі монғол ұлыстары: 1500
12 Алтын Орда ханы Батыйдың билік еткен жылдары: 1500
 
 
  Қорытындылау: оқушылардың жетістіктеріне қысқаша шолу, еңбектерін бағалау, үйге берілетін тапсырмамен таныстыру.
       Рефлексия Адам үлкен кемедей теңіз атты өмірден жүзіп барады. Кеме қандай іспен толады екен? Алдарыңда «Эмоционалды аралдар». Сабақтан қандай көңіл-күйлеріңмен қайтып барасыңдар? (Кемелер таратылады)
     Слайд 57-58   Үй тапсырмасы: Алдын-ала тапсырма «Қазақ хандығының құрылуы». 
       Сынып екі топқа бөлінеді, әрқайсысы бөлек тапсырма алады.
       Бірінші топ Керейдің қалай хан сайланғанын көрсетеді (қосымша деректер арқылы)  
      - Керейдің сөзін дайындау (өмір сүрген уақыты, жеке қасиеттері, алдына қойған мақсаты).
      Екінші топ – тілшілер;
      - қосымша деректерді оқып, тақырып бойынша сұрақ дайындау.
 
 
Оқушының ұсынысы және өзін бақылайтын картасы
Сабақтың тақырыбы Сабақтың қызықтыру сәті Сабақта не ұнамады? Менің (жеке) белсенділігім (1-5 балл) Менің сабақта қоятын бағам (1-5 балл) Сабақты жақсарту жөнінде сабаққа және мұғалімге қоятын менің ұсынысым
 
 
Оқушының ұсынысы және өзін бақылайтын картасы
Сабақтың тақырыбы Сабақтың қызықтыру сәті Сабақта ен ұнамады? Менің (жеке) белсенділігім (1-5 балл) Менің сабақта қоятын бағам (1-5 балл) Сабақты жақсарту жөнінде сабаққа және мұғалімге қоятын менің ұсынысым
 
 
 
Аукционға қатысушылардың қозғалысын тіркейтін есеп журналы
Аукционға қатысушының № I несие (А.қ. берілген ш.б. соммасы) Көрсетілім пайызы (%) II несие (А.қ. берілген ш.б. соммасы) Көрсетілім пайызы (%) Дұрыс жауапқа берілетін сый (ш.б.) Айыппұл Дұрыс жауапқа берілетін сый (ш.б.) Айыппұл Айыппұл ме несиені көрсетілім пайызымен есептеген кездегі түсетін қорытынды қосынды пайда
Банктің өзіндік парағындағы ақшалай қаржылардың қозғалыс есебін жүргізу журналы
 
Кіріс (өсімімен қайтқан несие, айыппұлдан түскен пайда) Шығыс (сыйақы, несие беру) Қалғаны
Аукционға қатысушының парағы
Аукционның №   ____________
Қатысушының №   __________
Аты-жөні  _______________________________________________________________
 
Лоттың нөмірі I несие (аукционға қатысушыға берілген шартты бірлік соммасы ) Көрсетілім пайызы (%) II несие (аукционға қатысушыға берілген шартты бірлік соммасы) Көрсетілім пайызы (%) Лоттың бағасы (дұрыс жауапқа сыйақы, ш.б.) Сауданың сұрақ-жауапқа бағасы Пайда Айыппұл Шығын
Қорытынды Лотқа қатысқанның саны Қосынды пайда Қосынды айыппұл Қосынды шығын
 
Ойынға қатысушының қорытындысы
Қосынды пайда ___________________
Қосынды шығын   _________________
Сынып журналына баға  ____________
Бағаның жинақ тізімдемесі
Аукционға қатысушының № I несие (аукционға қатысушыға берілген шартты бірлік соммасы ) Көрсетілім пайызы (%) II несие (аукционға қатысушыға берілген шартты бірлік соммасы) Көрсетілім пайызы (%) Дұрыс жауапқа берілетін сый (ш.б.) Айыппұл Дұрыс жауапқа берілетін сый (ш.б.) Айыппұл Айыппұл ме несиені көрсетілім пайызымен есептеген кездегі түсетін қорытынды қосынды пайда Сабаққа баға

ID: 4251 | Просмотров: 2759