Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Тарих

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ БОЙЫНША «ҚҰТТЫ БІЛІК» интеллектуалдық сайысының ӘДІСТЕМЕЛІК ДАЯРЛАМАСЫ.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ БОЙЫНША «ҚҰТТЫ БІЛІК» интеллектуалдық сайысының ӘДІСТЕМЕЛІК ДАЯРЛАМАСЫ.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Қатысушы топтар: 209 «А» және 204

« Құтты білік»
Интеллектуалды ойын

Мақсаты: Екі топты жарыстыра отырып, Қазақстан тарихынан өткен материялдарын қайталату,тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру,оқушылардың дүниетанымын кеңейту,еркін сөйлеуге ,еркін ойлауға,өздігінен және топпен жұмыс жасата отырып,бәсекеге қабілетті білімді, мәдениетті азамат етіп қалыптастыру.

Көрнекілік: Халық қаһарман портреттері, компьютермен слайдтар дайындау, аудио және видео жабдықтар.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
«Тарих рецептімен жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар мәліметтерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін түсінуге бастайтын кілт-сол»-деп Ермұхан Бекмаханов ағамыз атқандай, сіздер «Құтты білік» атты интеллектуалды білім сайысына хош келдіңіздер!
Бұл білім сайысына 2 курс оқушылары қатысқалы отыр. Яғни 209 «а» және 204 тобы. Олар өздерінің білімдерін ортаға салмақшы.
Ойынымызға әділқазылық ететіндер: колледжіміздің психологы- Ибраева Саида Темирхановна және тарих пәні оқытушысы - Мунайтпасова Асем Саятовна сондай-ақ ІҮ курс студенттері- Мырзан Зауре, Абдибай Айгерим,
Ойынның бағдарламасымен таныстырып өтейік.
1. Топты таныстыру
2. «Тарих әлемі» (30 сұрақ)
3. Тарихи көрініс
4. «Сандар сыры»
5. Қарсыластың сұрағы (қарсыластар бір-біріне бес сұрақтан қояды)
6. Портрет және бейне сұрақ (портретте халық қаһармандарды тану )
7. «Эрудит» (әділқазылар алқасының сұрағы)
8. Жанкүйерлер номері;
9. Ақ тілек;
10. «Супер-ойын».

1-бөлім. «Топты таныстыру»
Әр топ жетекшісі өз тобын толығымен таныстырып өтеді және ұрандарын айтады. Ортаға «болашақ» топ жетекшісін шақырамыз
Келесі «Қыран» тобын ортаға шақырамыз
2-бөлім «Тарих әлемі»
Бұл бөлімде әр топқа 2 минут көлемінде сұрақтар қойылады, мұнда әрі дұрыс жауап саны және уақыт ескеріледі.
«Болашақ» тобына берілетін сұрақтар:
Ал ойынға қатысушыларға қойылатын алғашқы сұрақ?
1. Ежелгі адамдардың тұңғыш баспаналары //Үңгірлер
2. Жер бетінің күрт суый бастауы басталды // 100 мың жыл бұрын
3. Ғалымдардың айтуы бойынша бұдан 100 мың жыл бұрын жер бетінде пайда болған мұздықтың қалыңдығы. // 2км.
4. Қытай деректеріндегі ғұн басшысы лауазымы: // "Шаньюи"
5. Ғұн державасының негізін қалаған // Мөде
6. XIII ғ. Басында Жібек жолындағы сауданың бәсеңдеп, қалалардың әлеуметтік экономикалық жағынан күйреуіне алып келген оқиға: // Монғол шапқыншылығы
7. 756 жылы Түркеш қағандығын құлатып,билікті өз қолына алған тайпа // Қарлұқ
8. Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып,қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан // Абылай
9. Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан батыр // Сырым
10. Кенесары хандық билікті қолына алған жыл: // 1841 жылы
11. XIX ғасырдың ІІ жартысында «Уақытша ережеге» сәйкес енгізілген міндетті салық // Шаңырақ салығы
12. 1931-1933 жылдары республикада аштықтан қырылған адам саны: 2,1 млн
13. «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілген жыл: // 1867 ж. 11 шілде
14. ХІХғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда ашылған тұңғыш қоғамдық кітапхана // Семейде
15. Дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалым ретінде танылған: // Әл-Фараби
16. 1938 ж Өзбекстаннан неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір //Тесіктас
17. Семей ядролық полигонында ең алғашқы сынақ өткізілген жыл // 1949 ж
18. 1964-1986 жылдары Қазақстанды басқарған // Д.А.Қонаев
19. 1965 ж. өзінің алғашқы мұнайын берген кен орны // Өзен
20. 1991 жылы желтоқсандағы Алматы кездесуінде бұрынғы Кеңес Одағын ойға түсірмес үшін жаңа шартта «одақ» деген сөз алмастырылды //«Достастық» сөзімен

«Қыран» тобына берілетін сұрақтар:
1. Абай Құнанбаев өмір сүрген жылдар // 1845-1904 жж
2. Ы.Алтынсарин қазақ қыздарына арнап интернат ашқан қала // Ырғыз
3. “Диуани лұғат ат-түрік”кітабының авторы // М.Қашғари
4. Белгілі ғалым, “Әлемнің екінші ұстазы” Әл Фараби өмір сүрді: // 870-950 жылдары
5. "Отырар апаты” // деген: 1218 ж. Шыңысхан жіберген саудагерлердің өлтірілуі
6. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша:// Анна Иоанновна
7. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: // Құндағұлұлы, Қоштайұлы
8. Бөкей Ордасының территориясы: // Еділ мен Жайықтың аралығы
9. Кенесары хандық билікті қолына алған жыл: // 1841 жылы
10. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды: // Облысты
11. ХІХ ғасырдың 60 жылдары Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы: // Ш.Уалиханов
12. 1864 жылы көктемде Ресей үкіметі басып алған бекініс: // Түркістан
13. Шоқанды әлемге әйгілі еткен еңбегі: // Қашғар сапарынан туған еңбегі
14. 1867 ж.11 шілдеде ІІ Александр патша бекіткен ереже: // «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ереже»
15. «Ұлы жұт» жылдары: 1930-1932 ж.ж
16. Соңғы Президент жолдауы қашан жарияланды?
17. Жолдау неше бағыттан тұрады
18. Қуғын-сүргін уақытында халықты қоныс аудару, қуу деген сөздердің мағынасын анықтайтын термин // депортация.
19. М. Әуезовтың «Абай» романының II томы // 1947 жылы жарық көрді.

1-ші бөлім. «Топты таныстыру» кезеңі бойынша әділ қазылар берген бағалары
2-ші бөлім. «Тарихи әлем кезеңдері» бойынша әділ қазылар берген бағалары
3-бөлім «Тарихи көрініс»
Сергіту сәті есебінде, әр топқа «тарихи көрініс» тақырыбында үй тапсырмасы берілген. Болашақ тобын өз тапсырмаларын орындауға ортаға шақырады. Кез келген тарихи көріністі қояды. Мұнда көріністің маңыздылығы, құндылығы, оқушылардың әртістік қабілеттері ескерілуі тиіс.
4-бөлім «Сандар сыры»
Бұл бөлімде әр топ бір сан таңдайды. Сұрақ сол сандардың қасиеттеріне байланысты болады. Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
3 саны
 Үш дананы атаңыз /Абай, Шоқан, Ыбырай/
 Үш байлық /Денсаулық, ақ жаулық, он саулық/
 Үш тұл /Қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым/
 Үш алыс /Көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы/
 Үш қадірлі /Бақ, ырыс. Дәулет/
4 саны
 Төрт тұлға /от, су, жер, жел/
 Төрт маусым /Қыс, көктем, жаз, күз/
 Төрт періште /Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил/
 Төрт мұрат /Дау мұраты- біту, сауда мұраты- ұту, жол мұраты- жету, қыз мұраты- кету/
 Төрт кітап /Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран/
5 саны
 Бес парыз/Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық/
 Бес қару /Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта/
 Бес намаз /Таң, бесін, екінді, ақшам, құптан/
 Бес жаратылыс /Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн/
 Бес өсиет /Топасқа сенбе, Жауға иілме, Әрқашан сақ жүр, Аш үйге қонба, Жарлыдан сый алма/

7 саны
 Жеті күн /Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі/
 Жеті ата /Бала, әке. ата, арғы ата, баба. ту ата, тек ата/
 Жеті қазына /Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы/
 Жеті жұт /Зілзала, жұт, оба, соғыс, өрт, топан су, құрғақшылық/
 Жеті жоқ /Аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аққуда сүт, жылқыда өт/

3 және 4 турдың бағаларын көрейік
3-ші бөлім. «Тарихи көрініс»кезеңі бойынша әділ қазылар берген бағалары
4-ші бөлім. «Сандар сыры»бойынша әділ қазылар берген бағалары

5-бөлім «Қарсыластың сұрағы»
Мұнда әр топ қарсыластарына 5 сұрақтан қояды
6-бөлім Портрет және бейне сұрақ
Әр топқа 3 каһарман портреттері беріледі. Сол тұлғалар жайында мәлімет бересіздер
Болашақ тобына-Мәншүк Маметова, Талғат Бигельдинов, Сағадат Нұрмағанбетов.
Қыран тобына-Әлия Молдағұлова, Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов
Ойлануға 1-2 минут беремиз (клип «балапан каз», келші-келші)
7- бөлім «Эрудит»
(әділқазылар алқасының сұрағы).
Мысалы:
1.Оқу орнымыздың іргесі қай жылы қаланды? (1952ж).
2. Қанша және қандай мамандық бойынша студенттер білім алады?
3. Қай жылы осы маңайға яғни Балқаш өңіріне Ленинградтан инженер – геолог М.П. Русаков басқарған экспедиция келді. (1928ж.)
4. Қашан Балқаш аймағында бірінші бұрғылау жұмысы басталды? (1929 жылы маусымда)
5. Балқаш қаласының 75 жылдығы қашан атап өтілді?

5,6,7 тур бойынша әділқазы алқасының берген бағалыры
8-бөлім. «Жанкүйерлер номері»
9-бөлім. «Ақ тілек»
Ойынға қатысушыларды өз ойларын, іс шарадағы қуаныштарын, өкініштерін, тілектерін, алғыстарын ашық түрде ортаға салады.
Іс-шара көңілдеріңізден шықтыма
Жарыстан қандай пайда алдыңыздар?
Қандай пікірде қалдыңыздар?
Қай бөлімнен қиналдыңыздар?
Ойын соңындағы әділқазылар алқасына сөз беріледі. Олар жеңімпаз топты анықтап, дипломмен және сыйлықпен марапаттайды.

10-бөлім«Супер-ойын»
жеңімпаз топқа супер-ойынға қатысуды ұсынып көрейік. Сіздерге жұмбақ қорапты ұсынып отырмыз. Қораптың ішіндегі сыйлықтың жеті түрлі сипаты айтылады. Шешімін тапсаңыздар сыйлыққа ие боласыздар.
1.Ақшыл;
2.Домалақ;
3.Көбіңіз оны күнделікті пайдалансыздар;
4.Қолдан-қолға өтеді;
5.Көлемі алақандай;
6.Ортасы тесік;
7.Өзі ақжарқын болғандықтан ішіне көп нәрсе сыйып кетеді.// сд диск.
«Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын»,-деп Әл Фараби айтқандай, тарихшы болу міндетті емес ал кез келген азамат өзінің тарихын білу міндетті. Біздің өткен өміріміз кешегі күніміз – Тарих. Олай болса бәсекеге қабілетті егеменді еліміздің азаматтарына лайық болыңыздар.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Жорабаева Жанар

Қарағанды обл. Балқаш қаласының медициналық колледжі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Тарих | Қосты: Zhanar81 (29.01.2015) | Автор: Жорабаева Жанар E W
Көрсетілім: 1583 | Ілмек сөздер: интеллектуалдық, пәні, сайысының, қазақстан, Құтты білік, Әдістемелік, тарихы, ДАЯРЛАМАСЫ, бойынша | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 40
Қонақтар: 40
Тіркелгендер: 0