«Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» атты тақырыпқа арналған дөңгелек үстел бағдарамасы

«Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» атты тақырыпқа арналған дөңгелек үстел бағдарамасы 1 Жалпы ережелер Дөңгелек үстелді өткізу оқушыларға осы жылы біздің төл тарихымыздың сонау ғасырдан бастау алып бүгінгі күннің үлкен тақырыбына айналып отырған айрықша датаға зер сала отырып. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатынын және ол тарихи датаны айрықша атап өтетінімізді мәлімдеді. Бұл – қалың қазақты бір жасатып тастады. Оқушылардың ғылыми-ізденісін, өз ойарын, еліне деген патриоттық тәрбелеу мақсатында оқушылардың білімдерін шыңдау мақсатында дөңгелек үстелді ұйымдасырып отыр. 2 Дөңгелек үстелдің мақсаттары мен міндеттері Оқушылардың ғылыми-шығармашылық белсенділігінің көтермелеу және арттыру. «Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» атты тақырыпқа материалды жалпылама сипаттау және анализдеу дағдыларын қалыптастыру, өзіндік шешімдер мен тұжырымдар жасай білу және оны ауызша және жазбаша түрде баяндай білуді дағдыландыру. оқушылар арасында өзін-өзі басқару шараларын дамыту. 3 Дөңгелек үстелді өткізу тәртібі: Активстудио арқылы дөңгелек үстелдің мақсаттары мен міндеттері, қаралатын сұрақтар тізімі телеграф интерактивті тақтада жазылып тұрады. Дөңгелек үстелде келесі сұрақтарды талқылау жоспарланады: • Бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналған осы хандығымыздың 550 жылдығын сіздердің ойларыңызша қалай атап өткен жөн? • Бұл айрықша датаға біз қандай үлесімізді қоса аламыз? •Баяндама оқылады.Баяндаманың тақырыбы: Керей мен Жәнібек Берілетін уақыт 5 - 7 минут. Баяндамаңызға көп рахмет. Тыңдаушылар тарапынан қойылатын сұрақтар бар ма? (ортаға тасталар сұрақтар)  Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алды ма?  Хандықтың құрылуының бүгінде маңызы қандай? Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Әрине, ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым - қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн. Келесі кезекте осы тақырып төңірегінде мына бір шағын бейнежазбаны тамашаласақ. Бейнебаянды тамашалай отырып өз ойларыңызды да қорыта отырыңыздар. (№ 1бейнебаян көрсетіледі.) Н.Ә. Назарбаевтың журналистер мен сұхпаты Бейнебаянды тамашаладық. Барлығының айтып жатқаны мерекені тойлау қажет. Министрік торқалы тойды Қазақ хандығы жайлы тарихи сериал түсірумен бастамақ. Бұдан бөлек, 550 жыл толған мемлекеттігіміздің тарихын әлемге паш ету мақсатында Мажарстанмен бірлескен «Алтайдан Дунайға дейін» деп аталатын халықаралық экспедиция ұйымдастырылып, неміс ғалымдарымен бірлескен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілетіні де мәлім болды. Сондай - ақ, Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдық мерейтойы республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық шаралар арқылы да ұлықталатындығын да білеміз. Ендігі кезекте мектебіміздің жас әншілерімізің осынау дүбірлі тойға деген ән-шашуларын тыңдасақ деген ниетпен ортаға шақырамыз. 4 Дөңгелек үстелді қорытындылау

Автор: Джаманбалаева Жадыра

ЖО Тараз қаласы,Байзақ ауданы,Сарыкемер ауылы, Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі

18
Декабрь
0
2345
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.