Сайт учителя начальных классов
.
1836-1838 жылдардағы Ішкі ( Бөкей) Ордадағы шаруалар көтерілісі

1836-1838 жылдардағы Ішкі ( Бөкей) Ордадағы шаруалар көтерілісі

1836-1838 жылдардағы Ішкі (Бөкей) Ордадағы шаруалар көтерілісі

 

 

КАКЕНЕЕВА Л.С

Балтабай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шаруалар көтерілісінің негізгі себептері мен қозғаушы күші, көтерілістің барысы,жеңілуі, тарихи маңызы және көтеріліске басшылық жасаған батырмен танысу.

Тәрбиелік: Мәдени, адамгершілік тәрбие бере отырып, басқа көзқарастарды сыйлауға, өз білімі мен жолдастарының біліміне сын көзбен қарауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тарихи фактілерді саралай білу, шығармашылықпен жұмыс істеу, сыни ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Қолданылатын әдістер: Сұрақ-жауап, жеке жұмыс, топпен жұмыс, Венн диаграммасы, кластер, пікір-сайыс.

Сабақтың көрнектілігі: XXI ғасырдағы Қазақстан картасы, көтерілістің кезеңдері жазылған плакат; Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы, Жәңгір ханның портреттері.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру.
  2. Кіріспе.
  3. Көтерілістен репортаж.
  4. Топтық жұмыс.
  5. Қорытынды.
  6. Үй тапсырмасы.

Сабақтың барысы:

  1. Бөлім
  2. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, жоспарымен таныстыру.
  3. Мұғалімнің көтеріліс туралы кіріспе сөзі. Бөкей Ордасының құрылуы (алдын-ала 1 оқушыға тапсырма беруге болады)
  4. Көтерілістен репортаж. Тақтаға ілінген көтерілістің тірек сызбасымен кластерді пайдалана отырып көтерілістің алғышарттары, себептері, барысы, қозғаушы күші, жеңілуі, тарихи маңызы туралы түсіндіру. Оқушылар көтерілістің арасында жүргендей әсер алуы керек. Олардың бұл кезеңдегі негізгі іскерлігі конспект жазу.

 

Кластер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Топтық жұмыс.

 

«Тапқыр болсаң тауып көр»

 

 

р/с

 

Сұрақтар

 

Жауаптар

А

В

С

1

Махамбет қай жылы дүниеге келді?

1805

1804

1801

2

Бөкей ордасының негізін қалаған?

Бөкей

Жәңгір

Айшуақ

3

Көтеріліс қашан басталды?

1835

1836

1838

4

Көтерілісті басқарған кімдер?

Айшуақ

Кенесары

Исатай, Махамбет

5

Көтеріліс кімге қарсы бағытталды?

Ханға қарсы

Шаруаға

Старшынға

 

«Махамбет»

 

  1. 1806 жылы Бөкей хандығы құрылды.
  2. Оның негізін қалаған Жәңгір.
  3. Махамбет Өтемісұлы 1805 жылы дүниеге келді.
  4. Бөкей ордасындағы көтерілісті Кенесары басқарды.
  5. Көтерілістің нәтижесінде Махамбет бастаған Кіші жүз қазақтары жеңіске жетті.

 

р/с

Сұрақтар

 

1

Махамбет кім?

 

2

1836-1838 жылғы көтерілістің басталу себебі?

3

Махамбеттің өлеңдерінің тақырыбы?

4

Махамбеттің күйлерін ата?

5

Көтерілістің нәтижесі?

6

Махамбет туралы зерттеу жұмыстары?

 

  1. Қорытынды. Көтеріліс кезеңдері бойынша викториналық сұрақтар. Көтерілістің негізгі себептері қандай, Махамбет Өтемісұлы қай жылдары өмір сүрді? Көтерілістің сипаты қандай? Махамбеттің қай өлеңін көтерілістің бағдарламасы деп айтуға болады? Көтерілістің тарихы маңызы неде?,т.б.
  2. Үй тапсырмасы: 14 параграф

 

ID: 9684 | Просмотров: 3306