Сайт учителя начальных классов
.
Жігіт сұлтаны

Жігіт сұлтаны

«Жігіт сүлтаны» мектепішілік байқауының жоспары

Мақсаты: Болашақ еліміздің атқа қонар азаматтарымызды тәрбиелеу, ата-ананы құрметтеу, өмірдің қызықты мезеттерін қалт жібермеуге ұмтылдыру. Жігіттерімізді салауатты өмір сүруге , ситуациялық жағдайлардан шыға білу, батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ҰСТАЗ - Алдын-ала қатысатын сыныптың сынып жетекшілеріне бағдарламада қарастырылған тапсырмалар беріледі.
Өтетін орын: мектептің акт залында Жігіт сұлтаны атты тақырып және безендіру жұмыстары жасалу қажет. Әділ-қазы алқаларына арналған орындықтар мен үстелдер қойылады. Көрермендерге арналған орындықтар бір-біріне кедергі келтірмейтіндей етіп қойылуы қажет. Жарыстарға арналған құралдар алдын-ала дайындалады.
Жарысқа қатысатын жігіттерімізді ортаға шақырып, номерлер жазылған асықты қоржыннан алдырту арқылы кезекті номерлерін белгілеу.
Аяжан: Армысыздарма ағайын, құрбы-құрдас
Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық
Сайыста көңілмен қол соғалық
Дастан: Біздерде ойын сауық басталды,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметпен қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойғы шаршағанды
Аяжан: Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дастан: Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Халқына қалқан болған қаhармандар- депата-бабаларымыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі “Ұл туғанға күн туған” –деп ерекше оны бақыт санаған.-
Аяжан: Оның себебі: қазақтың от басының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
Дастан: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз Панфилов атындағы орта мектебінің “ Жігіт сұлтаны “ байқауына жиналып отырмыз.
Байқауымызды ашық деп жариялаймыз!!!
Аяжан: Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
8-ші сыныптың жігіттерін,
Шақырайық ортамызға Алексейді Миратты.
Дастан: Спортпенен білім жағын бірге қосқан,
Кем қалмаған талантпен табысқан.
Қараңыздар Ли Алексей, Рауанды.
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан.
Аяжан: Біледі олар жақсыменен жаманды,
Өнерменен тамсандырған адамды.
Қошеметпенен шақырайық ортаға,
Владислав, Еламан атты
Жігіт болған сарбаздарды.
Дастан: Еңбек сүйгіш, таудай талап бойында,
Барлық істі тыңдау бар ойында.
Темірлан, Мадияр атты жігіттерді,
Шақыралық қошеметпен ортаға.
Сайыстың бағдарламасы бөлек парақта жазылған.
Бағдарлама
1 “ Таныстырам өзімді “
2 “ Сегіз қырлы бір сырлы “ \ өз өнерлерін, таланттарын көрсету \
3 “ Күш атасын танымас “ \ еденнен тартылу \
4 “ Жеті рет пішіп, бір рет ... “ \ қол өнерін көрсету \
5 “ Құралайды көзге атқан “ \ сайыс \
6 “ Қара жорға “ \ би сайысы \
7 “ Шебердің қолы ортақ “ \ берілген тақырыпқа сурет салу \
8 “ Нәзік сезім “ \ сүйіктісіне махаббатын жырлау \
9 “ Интелектуалдық сайыс “ \ сұрақ-жауап \
СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ !!!
Әділ-қазылар алқасына ұсынылатын ұпайлар жазу қағазы
Оқушылардың аты-жөні
және реттік саны 1 “ Таныстырам өзімді “
2 “ Сегіз қырлы бір сырлы “ \ өз өнерлерін,
таланттарын көрсету \
3 “ Күш атасын танымас “ \ еденнен тартылу \
4 “ Жеті рет пішіп, бір рет ... “ \ қол өнерін көрсету \
5 “ Құралайды көзге атқан “ \ сайыс \
6 “ Қара жорға “ \ би сайысы \
7 “ Шебердің қолы ортақ “ \ берілген тақырыпқа сурет салу \
8 “ Нәзік сезім “ \ анасына махаббатын жырлау \
9 “ Интелектуалдық сайыс “ \ сұрақ-жауап \

ID: 8885 | Просмотров: 3185