Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Тәрбие сағаты

"Ата мұра- асыл қазынаң!" сайысы

"Ата мұра- асыл қазынаң!" сайысы

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
«Әубәкірова Әлия Райымханқызы
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
Тәрбие жұмысы әдістемесі пәні оқытушысы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
"Ата мұра – асыл қазынаң» сайысы (колледж білім алушылары арасында өткен сыныптан тыс тәрбиелік шара)
( Сахнада сазды әуен. «Сары арқа » күйі ойналады) Жүргізушілер ортаға шығады.
1- жүргізуші :
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен –кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым
Гүл-гүл жайнап біздің, мына, төрімізге .

2- жүргізуші :
Жаңарғаны сананың
Ұмытады мұны кім ?
Ата- салтын бабамның
Алып келді осы күн.

1- жүргізуші :Қадірменді ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Сіздерді «Зерде» және «Жалын» топтары арасында өткелі отырған «Ата мұраң –асыл қазынаң» ІІ бөлімнен тұратын сайысын тамашалауға шақырамыз .

2 жүргізуші :
Асқақтаған ән дайын ,
Күмбірлеген күй дайын .
Ал, қанекей қыздар!
Босқа қарап тұрмаңдар,
Бастап білім сайысын
Алыстарға самғаңдар !

1- жүргізуші :Енді бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасы мүшелерімен таныс болыңыздар.
Бағалау жүйесі: 1-10 ұпай.
І бөлім :
2-жүргізуші :
Құрметті көрермен қауым !
Енді сайысқа түсетін «Зерде» және «Жалын» топтары оқушыларын ду қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық .

1-жүргізуші :
Той деп бүгін көңіл шіркін тасиды,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Арамызда , бүгін болар сайыстың
Сөзден жүйрік, жыршы бетін ашады.
(Екі топ сахнаға келгеннен кейін осы сайыстың басталу салтына әділ қазылар алқасының төрайымы тілегін айтып, құттықтайды).
2-жүргізуші :
Сайысқа қатысушы екі топ көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады.

1-жүргізуші : Қазір әділқазылар екі топтың «Таныстыруына» бағасын береді.

2-жүргізуші: Ал құрметті сайыскерлер !
Сіздерге артар міндет көп.
Көтер биік ата салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата-баба үмітін,
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.

1 жүргізуші :
Қазіргі сайысымыз «Бәйге» деп аталады. «Қазақта бақ шаба ма, бап шаба ма»,- деген нақыл сөз бар. Қыздарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы бетін ой сергіту сұрақтарынан бастағалы отырмыз. Әр топқа 1 минут ішінде сұрақтар оқылады. Оның жауабы тек бір ғана сөзден тұрады. 1 сұрақ -1 ұпай, яғни, ұпай саны дұрыс берілген жауапқа байланысты анықталады.

2 жүргізуші : «Зерде» тобына сұрақтар қойылады. (Сұрақтар ұлттық тәрбиеге байланысты тақырыпта алуға болады)

1 жүргізуші: «Жалын» тобына сұрақтар оқиды.
2 жүргізуші:Әділ қазылар алқасы топтың ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.
Музыкалық сәлем: Ән: «Туған жер».

1 жүргізуші:
Әділқазылар алқасы «Таныстыру» және «Бәйге» сайыстарының бағасын береді.

2-жүргізуші:
Жылдар- жылдар тарихтың мол беттері ,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.
Көңіліңді шат сезімге баурайды ,
Халқымыздың бүгіні мен өткені

1 жүргізуші : Кезекті 3-ші сайысымыз «Аталы сөз» деп аталады. Бұл сайыста қыздарымыз өздерінің этнопедагогикалық білімдерін ортаға салады. Интерактивті тақтада «Аталы сөз» сайысының тапсырмалары ұяшықтарда жасырылып беріледі, ал сайыскерлер өздері таңдау жасайды.
(1-5 ұпаймен бағаланады)
1 тапсырма : « ӘКІМ » сөзін ажыратып беріңіз.
Жауабы :
«Ә»-дегені әділ бол,
«К» дегені –кекшіл болма ,көпшіл бол.
«І» дегені- ілтипатты бол.
«М» дегені- менмен болма, мейірман бол дегені.

2 тапсырма: Кім жақын ?
Жауабы :
- Тату болса, ағайын жақын,
- Ақылшы болса, апайың жақын.
- Бауырмал болса, інің жақын,
- Алдыңа тартқан адал асың,
- Қимас жақын қарындасың.

3 тапсырма:Не қымбат ?
Жауабы :
- Алтын ұяң –Отан қымбат,
- Құт-береке, атаң қымбат.
- Аймалайтын ,анаң қымбат.
- Асқар тауың әкең қымбат .
- Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

4 тапсырма : Не қиын ?
Жауабы :
-Арадан шыққан жау қиын.
-Таусылмайтын дау қиын.
-Шанышқылаған сөз қиын.
-Жазылмаса дерт қиын,
-Іске аспаған серт қиын.
-Ақылыңнан адасып,
Өзің түскен өрт қиын.
Не істеріңді біле алмай , ашиды сонда бас миың.
2-жүргізуші : Әділқазылар алқасы баға береді.

1 жүргізуші : Музыкалық сәлем.
Ән «Қазақтың дәстүрлері-ай»

2-жүргізуші: Сайысымыздың екінші бөлімі «Біздің көше тұрғындары» деп аталады.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет.Ең басты байлығымыз- Қазақстан халықтарының татулығы, достығы, елдегі тұрақтылық.

1- жүргізуші :
Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт атайды « надан » деп.
Ата-бабаң ардақты
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.

2-жүргізуші :
Ата жұрт боп өскенді.
Қайта жалғап өшкенді.
Арлы, батыр бабаңнан
Әр қашан жау сескенді.
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз
Кетер өрлеп даңқымыз
Біз Қазақстан халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.

1- жүргізуші :
Әдетте сәби аяғын тәй- тәй басып жүре бастағанда оның тұсауын кеседі. Халқымыз бұл ырымға қатты көңіл бөлген, өйткені баланың болашақтағы жолы, аяқ алысы, жақсы, нық болуы осы тұсау кесуге байланысты деп ырымдаған.

2-жүргізуші : Қазір «Жалын» тобы қазақ халқының сәбидің «Тұсау кесу» рәсімінен көрініс көрсетіп, таныстырады. (1-10 ұпаймен бағаланады)

1-жүргізуші : Сегодня мало кого удивишь веселыми свадебными обрядами. В основном ограничиваются подготовкой и проведением выкупа невесты и свадебного торжества.
Но ведь любая свадьба начинается со сватовства, согласно которому будущий жених «просит руки» своей избранницы у ее родителей. Этот обряд проходит с участием будущего жениха и сватов. Сватами могут быть родители жениха, ближайщие родственники, крестные родители. В назначенный день жених и сваты приходят в дом родителей невесты. /Свита жениха одета в русские национальные костюмы /

2-жүргізуші : Ендігі кезекте «Зерде» тобы орыс халқының құда түсу салт- дәстүрінен көрініс көрсетеді. (1-10 ұпаймен бағаланады)
1-жүргізуші :
-Әділқазылар алқасы баға береді.
2-жүргізуші:
Ал, көрермен қауым сайысымызды ары қарай жалғастырайық. Оны көрген де арманда, көрмеген де арманда!
Пай-пай ,шіркін , қазақтың келіндері-ай,
Көл дария секілді пейілдері-ай.
«Абысын тату болса ас көп деген» мақалдың айтылуы тегін бе еді-ай,- деп әнде шырқалатындай аталарымыз бұл мақалды да текке айтпаған ғой.
Бүгінгі қыздарымыз ертеңгі күні ана, сүйікті жар, келін, жеңге, абысын т.б этноәлеуметтік рөлдерді атқарады.
1-жүргізуші :
Сондықтан келесі сайысымыз «Ақ дастарқан» деп аталады. Ортаға әр топтан 3 сайыскер-оқушы шақырылып, әр оқушыға жеке-жеке тапсырма беріледі.
1- тапсырма : Қазақтың еттен жасалатын ұлттық тағамы «Бесбармаққа» қамыр илеп, жаю сайысы. (1 сайыскер қатысады. 1-5 ұпаймен бағаланады )
2- тапсырма :Ұршық иіру, кесте тігу.( 2 сайыскер қатысады. 1-5 ұпаймен бағаланады.)

2-жүргізуші :Қыздарымыз «Бесбармаққа» қамырды илеп, жайып, ұршықпен жіп иіріп, кестелеп болғанша, «Артық болмас білгенің!» атты сайысымызға кезек берейік. Ол үшін ортаға әр топтан 1 оқушы шақырылады. Мына
сандықтың ішінде сұрақтар бар. Қазір әр топтың сайыскері сұрақтарды кезектесіп алып, ойланбастан тез жауап берулеріңіз қажет. ( Дұрыс жауап- 1 ұпай)
Сұрақтар:
1) Қазақтың қонағы неше түрлі болады ?
Жауабы :Біріншісі- арнайы қонақ.
Екіншісі- құдайы қонақ.
Үшіншісі- қыдырма қонақ.
Төртіншісі- қылқима қонақ.

2)Табақтың түрлерін атаңыз . Жауабы : Құда табақ, бас табақ, күйеу табақ.

2 жүргізуші :
Қыздар, сіздер болашақта келін, үй иесі боласыздар, қазақта «сыбаға» деген ұғым бар, соның не екенін білесіздер ме? Мысалы, үйіңе қонаққа құда-жекжаттарың немесе
туған-туысқаның келіп қалды. Уақыт ұттырмай қазанға етті мүшелерінен тамақ сала беруің керек. Сонда қазанға қандай ет мүшелерін саласыз?
1 топқа: Құда табаққа қандай ет мүшелері салынады және оған құда қандай жоралғы жасалады ?
2 топқа: Күйеу табаққа қандай ет мүшелері тартылады және күйеудің оған қайырар жол- жоралғысын атаңыз.
Қосымша сұрақ: «Құйрық бауыр асату» дегеніміз не ?
-1 жүргізуші:Әділқазылар алқасы баға береді.
-2-жүргізуші: Көрермендермен жұмыс :
- Өмір сүру үшін не қажет? - деп қарт жас жігіттен сұрапты.
-Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет –депті жігіт.
-Жоқ, балам, адамның өмір сүруі үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет .Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз көңілдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін береді. Адам ақылмен ағайынды табады, ақылсыз адам ағайыннан безеді,- депті қарт.

-2-жүргізуші :Көрермендермен ойын:
- Ұлттық шекті аспап түрлерін атап беріңіз.
- Ұлттық үрлемелі аспап түрлерін атаңыз.
- Төрт түлік малды өсу ретімен атаңыз.
- Бала тәрбиесіне байланысты салт- дәстүрлерді ретімен атаңыз.

1- жүргізуші :
- Әділқазылар алқасы баға береді.
2 жүргізуші :
Абзал тәлімгеріміз Ахмет Байтұрсынов «Ырым етсең, адал ет, амандықтан аман ет» -деп тегін айтпаған ғой. Күні бүгінге дейін мәнін жоймаған халқымыздың кейбір тәрбиесін, тыйым мен ырым сөздерін алып қарасақ, көтерген мәселесі бала жанына, зердесіне ізгілік, инабаттылық дәнін себу.

1-жүргізуші : Бала-біздің болашағымыз. халқымызда : «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» -деген дана мәтел бар. Олай болса, «балапан қыран болуы үшін, оны самғатып ұшыратын ата-ана мен ұстазы да қыран болуы керек» -дей келе, «Ескірмеген есті сөз» атты сайысымызға көшейік .

2-жүргізуші . Мына қоржын ішінде нөмірленген асықтар бар, оларда тапсырмалар жасырылған. Ойлануға 30 секунд уақыт беріледі. Топпен ақылдасуға болады.

1- жүргізуші : Қазір ортаға сұрақ қойылады, сұраққа қай топ бірінші дұрыс жауап берсе, сол топ сайысты бастайды.
Ортақ сұрақ : Достық нешеу ?
Достық екеу.
Біреуі –адал достық.
Екіншісі- амал достық.
Адал достық- өмірлік нұсқа болады,
Амал достық- өрісі қысқа болады.

2-жүргізуші :Топ оқушылары қоржын ішінен нөмірленген асықтарды кезектесіп алып сұрақтарға жауап береді.

№ 1 тапсырма:
-Үйде ысқырма ! -Үйдегі жан басын санама ! – тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз.
Жауабы.
а/Үйде ысқырма , үйге жылан келеді деген ұғым бар. Жалпы қазақ ұғымында жылан- дұшпан. Немесе айдалада ысқырған, желдей ұлыған қасқырдай баспанасыз қаласың деген ырым.
б/Көп балалы ата-аналар жан басын санағанды жек көрген. « Көз тиеді», «Көп екен», « Сұқтанса, бала өліп қалады»-, деп қорыққан.

1-жүргізуші: №2 тапсырма: «Малды теппе, ақты төкпе!» тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз.
Жауабы : Малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып, жоқшылыққа ұшырайды дегенұғым бар. Ал сүт-өмір өзегі, оны аяқ асты етуге болмайды.

2- жүргізуші: Сандар қасиетін білесіз бе ?
№ 3 тапсырма: 7 жетімді атаңыз :
Жауабы :
1.Тыңдаусыз қалған сөз жетім.
2.Киюсіз қалған бөз жетім.
3.Иесіз қалған жер жетім.
4.Басшысы жоқ ел жетім.
5.Аққу- қазсыз көл жетім.
6.Елінен айырылған ер жетім.
7.Замандасы қалмаса, бәрінен де сол жетім.

1-жүргізуші:
№ 4 тапсырма:
Үш арсыз, үш жамандықты атап беріңіз.
Жауабы:
Үш арсыз: 1.Ұйқы. 2.Тамақ. 3.Күлкі.
Үш жамандық:1.Нақақ қан төгу.
2.Кісі малын нақақ алу. 3.Ата- бабадан қалған жұртты бұзу.
2-жүргізуші:
№ 5 тапсырма :
-Жерден ауыр не ?
-Судан терең не ?
-Оттан ыстық не ?
-Көктен биік не ?
Жауабы :
Жерден ауыр дегенім – ақыл- білім,
Судан терең дегенім – оқу –ғылым .
-Оттан ыстық дегенім – адам өмірі ,
-Көктен биік дегенім – тәккәппардың көңілі.

1-жүргізуші :
№ 6 тапсырма :
- Не тәтті ?
- Не жұмсақ ?
- Не қатты ?
Жауабы.
- Ананың сүті тәтті.
- Ананың қолы жұмсақ.
- Атаның жүрегі қатты

2-жүргізуші :
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз- дария .
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі соқпақ, өзі нәр.
Ата салты –ардақты,
Әрбір сөзі – салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.

1-жүргізуші :
Бойларыңда от бар екен, байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен , байқадық.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

2-жүргізуші: Әділқазылар алқасы баға береді. Марапаттау. «Ең білгір топ», «Ең тапқыр топ» мадақтамалармен марапатталады.

1-жүргізуші :
Достарым, түсініңдер сөздің парқын ,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.
2-жүргізуші :
Барына риза болсын көрермендер,
Үйреттік білмегенін,
Осыменен бұл қызықты тәмамдасақ,
Тағы да үйретерміз бар аман болсақ.
1-жүргізуші :
Осымен « Ата мұраң – асыл қазынаң» атты сайысымыз аяқталды.
Назар қойып тыңдап, қатысқандарыңызға көп рахмет!
Көріскенше күн жақсы! Қош сау болыңыздар.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Аубакирова Алия Райымхановна

Шығыс Қазақстан облысы,Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі,

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Бөлім: Тәрбие сағаты | Қосты: AAubakirova (13.02.2015) | Автор: Аубакирова Алия Райымхановна E W
Көрсетілім: 1576 | Ілмек сөздер: ата мұра асыл қазына | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5917
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 4
Қонақтар: 4
Тіркелгендер: 0