«Әзіліміз жарасса!»

«Әзіліміз жарасса!»

 Жүргізуші:   Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!  " Әзіліміз жарасса " атты сайысымызға қош келдіңіздер.

 

Армысың жиылған мол қауым

Көбейсін мерекең күн сайын

Қошемет құрметпен ашайық

" Әзіліміз жарасса " байқауын

Олай болса сайысқа қатысушы 4 команданы ортаға шақырайық.  Сайыс 5 кезеңнен тұрады:

  1. Сықақ оқу,
  2. Би (қазіргі заманғы )
  3. Танымал адамдардың бейнесін салу,
  4. Вальс,
  5. Сұрақтарға жауап беру

Әділдікпен баға берер сайысқа

Әділдікпен қара қылды жаруға

Әділқазы алқаларын сайлайық

Шын жүйрікті бүгін таңдап алуға – деп қазылар алқасын сайлап алайық

 

  1. Әр ойдан көрермендер тыс қалмайық

Командаларды қатысушы қарсы алайық

Сықақ айтып сынасқан бұл топтардың

Өнеріне бәріміз тамсанайық –( 4 командадан 1 оқушы шығып сықақ оқиды.)

 

  1. Бишілерім кел бері

Ортаға шық ілгері

Мың бұралып билеңдер

Жастық шақтың гүлдері – дей келе 2 бөліміміз биге береміз ( әр команда би билейді)

 

  1. Танытатын қатысушы жастарды

Сөз сөйлейтін кез де керек астарлы

Бәріңізге сәттілік тек тілейміз

Бейне салу уа, жарандар басталды – деп 3 бөліміміз танымал адамдардың бейнесін салуға кезек береміз.

 

  1. Достарым бар қуанып,

Тамашалар кештерде

Тал шыбықтай бұралып,

Биші болам өскенде –деп 4 бөлім вальс биін тамашалаңыздар.

 

  1. Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді

Жеңістің мынау шыңына –деп 5 бөліміміз сұрақтарға жауап берейік.( әр топқа сұрақ қойылады )

 

Өнеріңді саралап

Төрелігін айтатын

Әділ баға беретін

Әділ қазы алқасын

Шақырайық ортаға

      ( Жеңімпаз топтар анықталып, барлық команда марапатталады.)

Автор:

18
Декабрь
0
1690
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.