Сайт учителя начальных классов
.
«Жырымен  әлдилеген  Ақжайығым.»

«Жырымен әлдилеген Ақжайығым.»

«Жырымен    әлдилеген   Ақжайығым.»

Тақырыбы: «Жырымен    әлдилеген   Ақжайығым.»

Мақсаты. Оқушыларға өздері оқып, танысқан Ақұштап  өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан - жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау.

Тәрбиелік мәні: Жеке тұлғаны жан - жақты болуға тәрбиелеу, үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу.

Көрнекілігі: Ақынның портреті, шығармалар жинағы, ақын туралы естеліктер.

Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі,

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өмірбаяны мен шығармашылығы

ІІІ.Кітаптар көрмесі

ІV. Мәнерлеп оқу сайысы

 

 

Әділ қазылар алқасын сайлау.

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Жерлесіміз Ақжайықтың «Ақ шағаласы»атанған

Ақұштап  Бақтыгереева  «Туған жер, Ақ жайығым»қайда жүрсем де көңілімнің төрінде тұрады.Менің өлеңімінің алтын  арқауы, бүкіл тамыры осы туған жер . Туған жерін сүймеген, жырға қоспаған адамнан  шын ақын шықпайды»,- дейді өз сөзінде белгілі қаламгер.

Кешімізді төмендегі өлендер жолымен бастайық.

О,Ақ Жайық , анам сынды ардақтым,

Демалыста тағы саған бармақпын,

Неткен мұнша қастерлісің мен үшін,

Бір өзіңе ,бірнеше жыр арнаттың.

Ақұштап  Бақтыгереева  1944 жылы 28 тамызда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Еңбек ауылында  дүниеге келген.

Ақын Ақұштап Бақтыгереева Батыс Қазақстан облысының Ақжайық өңірінде туып өскен.  1961 жылы Орал қаласындағы Сәкен сейфуллин атындағы№11 мектепті жақсы аяқтап, Таудай талап арқалап, Алматыға  арман қуып,қиял  жетегінде кете барады.Ақ Жайықтан  түлеп ұшқан талабы таудай талапкер   С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің студенті атанады. оСы қара шаңырақтан талай тарландардың тұсауын кескен  Қарашаңырақтан Ақұштап апа да үлкен өмірге   қадам  басады.

Ақұштап  - «ақ жібек» ұғымын беретін өте сирек кездесетін есім, ерте кездері әппақ әрі берік жібек матаны «ұштап» деп атаған екен.

Сондық да болар ақын өлеңдері атына сай өршіл рухта жібектей төгіліп тұр. Ақын лирикасынан туған ел мен жерге деген  шексіз махаббат, тазалық пен пәктікті байқайсыз. А.Бақтыгерееваның шығармалары поэтикалық қуатымен, тілінің шырайлылығымен қазақ поэзиясына жаңа өрнек алып келді.

А.Бақтыгереева – көптеген ән мәтіндерінің авторы. Оның өлеңдеріне Ө.Бәйділдаев, Ш.Қалдаяқов, Т.Бақтыгереев, Б.Оралұлы, С.Жолбарыс т.б. композиторлар ән жазған.

Ақын С.Капутикянның, В.Тушнованың, А.Ахматованың өлеңдерін қазақ тіліне аударған  аудармашы.

Ақұштап ақынның бүкіл шығармашылығын шолып шыққан адам оның жырларының ең басты екі тірегін байқар еді: ол — ақынның туған ел мен жерге деген ыстық махаббаты және қоғамдағы, өмірдегі қайшылықтар мен әділетсіздіктерге, адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлігі. Оның алпысыншы жылдардың ортасында жарық көрген алғашқы жыр жинағындағы әдеби қауымды елең еткізген "Өрімтал" атты өлеңінен бастап-ақ оқырмандар А.Бақтыгерееваны нәзік лирик ақын деп қабылдаған болатын. Дегенмен, оның осы лиризмінің өзегінде бір өжет қайсарлық аңғарылатын. Өйткені оның өр өлеңінде боямасыз өмір, тартысты тағдыр жатқан еді

 

 

№ хронологиялық кесте

 

1 1966-1971 жылдары Талдықорған облыстық «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті»

    газеттерінде әдеби қызметкер болып қызмет еткен.

  1. 1971-1972 жылдар аралығында «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып еңбек

   еткен.

  1. 1972-1975 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер.
  2. 1975-1981 жылдар аралығында «Жазушы» баспасының аударма редакциясында редактор

    бол­ған.

5.1967 жылы  ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Өрімтал» деген атпен  жарық көрді.

    Оның «Наз»  (1969ж) , «Қанышым – іңкәрім» (1971 жыл), «Сені ойлаймын» (1973 жыл), «Ақ  

     қанат» (1975 жыл), «Бақыт әні» (1978 жыл), «Жайық қызы» (1980 жыл), «Белокрылая» 

   (1981жыл), «Ақжелең» (1985 жыл), «Сүмбіле» (1990 жыл) атты кітаптары басылып шықты.

6.1969 жылдан бері  А.Бақтыгереева Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

  1. 2001 жылы «Ақ шағала» атты таңдамалы жыр жинағы, 2004 жылы «Лебединая верность» атты

    жинағы жарық көрген.

8  2005 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған

9.2007 жылы Қазақстан Жазушылар Одағы Батыс Қазақстан облысы филиалының төрайымы,   

     «Қаламгер» әдеби бірлестігінің жетекшісі болып тағайындалды.

10 .2008 жылы «Астанаға – 10 жыл» медалімен марапатталды және Халықаралық «Алаш» әдеби

    сыйлығының иегері атанды.

 

 

Ақұштап Бақтыгерееваның «Сіңіліге сыр» өлеңі

 

Осал да болма, ойыңнан оңай адасқан,

Өжет те болма, орынсыз сөзге таласқан.

Алдымен қызға керегі пәктік, адалдық,

Одан соң, жаным, жаз мінез керек жарасқан.

Айтарым тағы, берік бол, сертке бір сөйле,

Сабырлы таудың мінезі керек күлсең де.

Қыз мінез деген - сұлулық сыры өмірдің,

Жұмбақтай қиын жатқандай болсын бір сенде.

Десек те біздер «жастықтың сырын аз ұқтық»,

Өмірдің жолы болмайды тегіс жазықтық.

Ісіңнен кейін есіңе сақта, жарқыным,

Жеңілмес мықты қаруың сенің - нәзіктік.

Қайғының жүгі жаныштап сені жатса да,

Досыңды «тағдыр талқысы сол» деп тастама.

Дұшпаның саған ойласа алуан қастандық,

Қалай да өзің жақсылық ойла басқаға.

Қадірлер сонда қалтқысыз танып асыл ер,

Өзгелер сені «адамның бірі - осы» дер.

Арыңа тиіп, жолыңды кескен тентектер

Алдыңа келіп өздері кейін бас иер.

"Ақжайықтың ақ шағаласы" атанған ақын апамыз қыздар тәрбиесіне көңіл бөлу керектігін ескерте отырып, қай жерде болмасын, қыз баланың өмірі бір екенін айтқан еді. "Қыз баланың миссиясы ана болу, ұрпақ тәрбиелеу екенін анық айтып отырған!

Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Міне осының далелі  Ақұштап апамыздың  «Сіңілге сыр» өлеңідегі тәлім тәрбие болса керек.

Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу-халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі. 

 Жалпы қазақтың қыздарының болмысында қазақ қызы инабатты, ибалы, ең алдымен қыз бала пәк,  адал болу керек .

Орынсыз сөз таластырып сөйлеуге, күлуге  болмайды.  Жаз мінезді жайсан, сертке  берік,  бір сөйлеу керек .Бұл өлең жолдарының тәрбиелік  мол танымын ерекше жырлаған.

 Қыз  баланың басты қаруы ол- нәзіктік деп атап көрсеткен.  Сонымен қатар  досқа адал болуды паш еткен. Дұшпаның саған қастық ойлап тұрса да, сен басқаға  жақсылық ойла деген . Бұл өлең жолдарында адамдықтың ең керек қасиеттерін   жырлаған.  Міне осы тұста ақын апамыздың   өлеңдері атына сай өршіл рухты  жібектей төгіліп тұр.

 

 

Ән:           Бал – балалық          орындайтын       Омаров Саят

                                                                                    Кажмеденов  Кудайберген         

 

Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық көрмесі.

 Мәдениет  үйінің  қоғам қайраткері  Таукен Ташенұлына сөз беріледі.

 

 

 

 

 

 Би :                                                         орындайтын бишілер тобы

Мәнерлеп оқу   сайысы  2-4 сынып оқушылары  А.Бақтыгерееваның өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіріп  жырлайды.

 

  1. Сансызбай Аяулым      2 сынып      «Ойладым»   
  2. Жарылғап Мөлдір  2 сынып     «Мені еске ал »
  3. 3 сынып
  4. 3 сынып 
  5. 4 сыныып
  6. 4 сынып
  7.  

ID: 8855 | Просмотров: 2352