Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Сыныптан тыс жұмыстар

«Қызықты жеті пән»

«Қызықты жеті пән»

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

«Қызықты жеті пән»

Тақырыбы:   «Қызықты жеті пән»

«Қызықты жеті пән» оқытушы «Брейн- ринг» ойының жоспары.

     Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, танымдылық қабілетін дамытуда «Брейн- ринг» зерделік-танымдық ойынын қолдану тиімді әрі қызықты.

Мақсаты: 1. Білімділік: жалпы білім беретін орта мектепте оқылатын пәндердің жекелеген тақырыптар мен схемалары бойынша балалардың танымдылық қызығуын ояту, ғылыми-мәдени білімін арттыру.

  1. Дамытушылық: оқушыларды бағдарламалық материалды тереңірек меңгеруге, қосымша ақпарат көздерін пайдалануға тарту. Ойынға көбірек қатыстыру.
  2. Тәрбиелік: «Брейн-ринг» ойыны арқылы оқушыларды ұжымдық сезімді -қалыптастыру. Ойының ережелерін сақтау арқылы бәсекелестік белсенділік, адал ойынға тәрбиелеу.

Міндеті: Коммуникативті-білім, белсенді оқушыны қалыптастыруға жағдай жасау.Білім сапасын жетілдіруде орын алған іс-әрекеттер жүйесін жасау.

Қажетті құрал-жабдықтар: жүргізуші мінбері, 2 ойын үстелі,12 орындық,2 жалауша не электрлік дыбыс сигналы, ассисент-бақылаушылар үстелі.

Қатысушылар: Ойынға кем дегенде төрт топ / 10 ойыншыдан/ қатысады. Олардың аталуы және өз капитандары болуы тиіс.Жүргізуші сұрақ береді,жауап беруге рұқсат етеді, ұпай беруге немесе дауды реттеуге шешім қабылдайды, ойын барысында ассисент-бақылаушыларымен кеңесе алады. Ассисент-бақылаушылар уақытты есептейді, топтардың жинаған ұпай санын қадағалайды.

Ойын ережесі: Ойын екі бөлімнен тұрады: бастапқы тур және финал турға бір мезгілде 2 топ қатысады да 3 ұпай жинағаны-/финалдық турда-5/ жеңімпаз болады.Ойын алдында жеребе тасталып, ойын әдісіне/» айналмалы», «олимпиадалық»т.б/ қарай топтардың қайсысы қайсысымен сайысатыны анықталады.

       Топтарға сұрақ беріліп, оны талқылауға бір минут бөлінеді.Топ жауапқа дайын болса,капитан жалаушаны көтеріп, белгі береді.Жалаушаны жүргізушінің «уақыт бітті» деген сөзінен бұрын көтеріп қойған топ «фальстарт» алып, жауап беру құқынан айырылады.Бұл жағдайда қарсыластың ойлануға 10 секунд уақыты бар, біріншінің берген жауабы қате болғанда да солай.

        Жүргізуші сұрағына екі топ та қате жауап берсе, тур тоқтатылады.Олардың орнын басқа топтар қосып,жаңа тур басталады. Финалдық турда әрбір сұрақтың құны бір ұпайға ғана тең. Мұнда жүргізуші дұрыс жауаптарды міндетті түрде естіртеді.

 Ойын барысында қатысушылардың көрермендермен байланысуына тыйым салынады, көмек беріліп қойған жағдайда, көмектесуші залдан қуылады.Барлық даулы жағдайда жүргізуші шешеді.

 Ойын әдісі: «Олимпиадалық». Топтар жұптарға бөлінеді де, одан жеңгендері тағы да жұп құрайды. Ұтылған топ ойыннан шығады.Ең соңында үздік екі жұп финалға шығуы тиіс.

 

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Топтарға бөліну, жеребе тасталып, «олимпиадалық» ойын әдісіне қарай топтардың қайсысымен сайысатыны анықталады.
  2. 1 турда екі жұпқа жеті пән бойынша арнаулы сұрақтар қойылады.

1-топ. Берілетін сұрақтар.

География

  1. Еліміздің дүние жүзілік мұхитқа құймайтын өзендері қай алапқа жатады? /ішкі тұйық алапқа/
  2. Арабтардың контрабандалық жолмен шетелге көбірек әкететін құсы қай құс еді? /сұңқар/.

Математика

  1. Геометрияның кеңістікті зерттейтін бөлігі? /спереометрия/.
  2. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? /перпендикуляр/

Химия

  1. Темір рудасына бай облыс? /Қостанай/
  2. Улы элемент? /мышьяк/

Қазақ әдебиеті және тіл

1.Жүсіпбековтың жалпы білім алған мезгілі? /1911-1919/

  1. Орынбасар қызметін атқаратын сөз табы? /бай, кедей/

Қазақстан тарихы

  1. 1916 жылғы Ұлт-азаттық революцияның ең ірі екі орталығын атаңыз? /Торғай және Жетісу/
  2. 1888-1902жж. Омск қаласында Ақмола,Семей,Жетісу облыстары қазақтарына арналған қазақ қоғамының әр салалы мәселелерін қозғаған қандай газет екі тілде шығарылды? / Дала уалаяты/.

Физика

  1. Тең әсерлі күшті түсіндіретін қазақтың ұлттық ойын түрін ата. /арқан тартыс/
  2. Аяғы жоқ, қолы жоқ бірақ үйге кіреді. /жылу мен суық/.

Биология

  1. Қазіргі қойлардың арғы тегі? /муфлон/
  2. Тау беткейлеріндегі қардың тез еруі қандай табиғи құбылыс туғызады? /сел/.

            

2-топқа берілетін сұрақтар.

География

  1. Баиыс және Шығыс жартышарлар арасындағы шекара қалай аталады? /Гринвич меридианы/.
  2. Астана қаласы орналасу белдеуі. ( қоңыржай)

Математика

  1. Басқа кисең бөрік,

Сәндік сұлу көрік. /конус/

  1. Б.э.д үшінші ғасырда өмір сүрген ежелгі грек математигі кім? /ғалым.Евклид/.

Химия

  1. Қышқылға қарап құладым,

Раушан гүлдей шырайлы.

Секірдің де сілтіге,

Сарғалдақтай сарғайдың.

Тек тұрсаң да әдемі едің

Алқызыл түсің арайлы.

Айтшы өзің кім едің.          /метилоранж /

  1. Йодты қыздырғанда неге айналады? /балқымастан күлгін түсті буға/.

Қазақ әдебиеті және тіл

  1. «Ерте барсам жерімді жеп қоям» деген қай етістік? /күрделі/
  2. «Анау аспан-мынау бақ» қай ақынның шығармасы? / С.Торайғыров/.

Қазақстан тарихы

  1. АҚШ тарихында ел президенттігіне төрт рет қатарынан сайланған қайраткер? /Франклин Рузвельт/
  2. Жапонияның екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық-әлеуметтік, саяси дамуы әлем тарихында қандай тарихи терминмен белгілі? /Жапон ғажабы/.

Физика

  1. Әйгілі астраном Николай Коперниктің негізгі мамандығы? /дәрігер/.
  2. Адам сөзді тыңдағанда аузы неге ашылып қалады. /резонатор-жақсы еститін/.

Биология

  1. Бұғының аталығын, аналығын қалай ажыратуға болады. /мүйізі бар/.
  2. Бір тамшыда су қажет етпйтін сүт қоректі. /коала/.

Финал

География

  1. Жер бетінен онша тереңде жатпайтын орасан зор темір кенді не деп атайды? /аномалия/
  2. Солтүстік полюстің шартты белгісі? /N/

Математика

  1. Жазықтықта координаттар жүйесін енгізген ғалым кім? /Рене-Декарт француз ғалымы/.
  2. Миллион ұғымын алғаш қазақ жеріне таратқан адам кім? /Ы.Алтынсарин/.

Химия

  1. Бірі жанып,бірі қолдап жануды

Екі элемент бізге бұрын танылды.

Өрт болып еді, қосылсын көп адам,

Сөндіруге алып соған ағылды. /сутегі, оттегі, су/

 

  1. Ең тез балқитын металл? /цезий/.

Қазақ әдебиеті және тіл.

  1. «Жапон балладасы» әңгімесі кімнің шығармасы? /Ғ.Мүсірепов/
  2. Дерексіз зат есім? /кітап,дәптер/.

Қазақстан тарихы.

  1. Адамзат тарихында адам қолымен жасалған ең ірі құрылыс? /Ұлы Қытай қамалы/.
  2. Әйгілі ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фарабидің айтқанын аяқтаңыз: «Тарихты білмей-өткенді, қазіргі жағдайды білу.....»./ келешекті болжау қиын/.

Физика

  1. Электр тогының айналасында магнит өрісінің бар екендігін тапқан ғалым? /Эрстед/
  2. Екі магнит стрелкасы бір-бірімен қалай әсерлеседі? /стрелкалар бір-біріне әр аттас полюстері арқылы тартылады. /

Биология

  1. Қара барыс. /пума/
  2. Ең жоғары сатыда дамыған примат. /адам/

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Сыныптан тыс жұмыстар | Қосты: Eskali (28.01.2015)
Көрсетілім: 1401 | Ілмек сөздер: пән», Жеті, «Қызықты | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5917
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 5
Қонақтар: 5
Тіркелгендер: 0